1. Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 V990931_ "Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауын дайындау мен өткiзуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткiзу және жою Ережелерi туралы" қаулысына төмендегiдей өзгертулер енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтілген, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауын дайындау және өткiзуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткiзу және жою Ережелерiндегi:
7 тармақтың 1 абзацындағы "... Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде..." деген сөздер " .. сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi жыл iшiнде..." деген сөздермен алмастырылсын;
7 тармақтың 5 абзацындағы "... Парламент Мәжiлiсi депутаттарының
өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде..." деген сөздер "... сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi жыл iшiнде..." деген сөздермен алмастырылсын; 7 тармақтың 6 абзацы алынып тасталсын; 7 тармақтың 8 абзацы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы әкiмдерге және облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары төрағаларына жiберiлсiн. 3. Бұл қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi оны тiркеген сәттен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы Мамандар: Омарбекова А.Т. Багарова Ж.А.