1. Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жыл сәуiрдiң 14 N 01/7 V001120_ "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасағанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына келесi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуге:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 3 қосымшаның "2002 жылға дейінгi
мерзiмде отандық және шетелдiк тiкелей инвестиция тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмi", 2 тарауына "Өңдейтiн өнеркәсiп", келесi жолдардың мазмұнын енгiзуге: "Қант өндiру Үздiксiз болат құю технологиясын қолдана отырып, қапталған және қапталмаған қара металл прокатын өндiру"; "Жиhаз құрау" жолын келесi жолдың мазмұнымен алмастыруға: "Жиhаз және фурнитура өндiру" 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуге алынған күннен бастап күшiне енедi. Төраға Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.