ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 шiлдедегi N 13/205 V990837_ "Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттығына кандидаттың және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының оған қоятын талаптарына сәйкестiгiн анықтау тәртiбi туралы", Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 14 шiлдеде тiркелген, тiркеу N 837, қаулысына төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 тармақтың 3) тармақшасы "қасақана құқық бұзғаны үшiн" деген сөздерден соң "сыбайлас жемқорлық жасағаны үшiн тәртіптiк жазалары" деген сөздермен толықтырылсын; "облыстық, Астана және Алматы қалалық әдiлет басқармасынан" деген сөздер алынып тасталсын; 2 тармақтан "әдiлет басқармалары" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастан күшiне енедi. Комиссия төрайымы Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.