Медицина және дәріхана қызметкерлерінің қосымша демалысы туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі 2000 жылғы 22 мамырдағы N 305 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1238

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Z990493_ Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес, медицина қызметкерлерінің сезімталдық және күрделі еңбегін ескере отырып,

                               БҰЙЫРАМЫН:

      1. Денсаулық сақтаудың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармаларының бастықтары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары:
      жалпы демалысы 18 күнтізбелік күн ұзақтығы бар медицина және дәріхана

қызметкерлеріне, 12 күнтізбелік күн мөлшеріне қосымша демалыс белгіленсін;
     осы бұйрықта көзделген медицина және дәріхана қызметкерлеріне жалпы 
ұзақтығы 30 күнтізбелік күндік демалыс беру қамтамасыз етілсін;
     қызметкерлердің қосымша демалысына ақы төлеу еңбекке ақы төлеудің 
белгіленген қорының шегінде  жүргізілсін.
     2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрайымның бірінші орынбасары 
С.Е. Ыбраев жүктелсін.
     
     Төрайымның м.а.
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Қасымбеков Б.А.