Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 тамызда тіркелді. N 1236

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы Қағиданы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 P991731_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы Қағиданың 10 тармағының 7-тармақшасына сәйкес, элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті ретке келтiру және оны мемлекеттiк қолдау мақсатында
      Бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау Ережелерi;
      2) элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық ретiнде аттестациялау туралы заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшiнiң үлгiсi;
      3) заңды немесе жеке тұлғаның элиталық тұқым өндiруші шаруашылық статусына сәйкестiгiн аттестациялау нәтижелерi туралы ведомствоаралық сараптама комиссиясының актісінің үлгісi;
      4) элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусын беру туралы куәлiк бланкiсiнiң үлгiсi бекiтiлсiн.
      2. Егiншiлiк шаруашылығы департаментi, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармалары элиталық тұқым өндiруші шаруашылықтар тiзбесi бекiтiлгеннен кейiн бiрайлық мерзiмде әкiмдердің облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларымен (департаменттерiмен) және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аграрлық зерттеулер ұлттық орталығымен келiсiлген элиттұқшарлар бойынша элиталық тұқым өткiзудiң жылдық лимиттерiн бекiтуге ұсынсын.
      3. Элиталық тұқым шаруашылығын қаржыландыру бағдарламасына беруге көзделiнген республикалық бюджеттiң қаражаты тек қана элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусы бар заңды және жеке тұлғаларға тұқым өткiзудiң көрсетiлген лимит шегiнде бөлiнетiнi белгiленсiн.
      4. Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы департаментi элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусын беру туралы куәлiктiң 200 бланкiсiн дайындауды қамтамасыз етсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр А.И. Мырзахметовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр
                                            Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылдың 7 шілдедегі N 78 бұйрығымен бекітілген


      Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын
         заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау
                      Ережелерi

                  I. Жалпы ережелер

      1. Бұл элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау Ережелерi (әрi қарай - Ережелер), элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi ретке келтiру мақсатында әзiрленген және заңды және жеке тұлғалардың сорт жаңарту мен сорт алмастыру мақсаттарында ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарын өндiру және өткiзу жөнiндегi элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар (әрi қарай - элиттұқшарлар) статусына сәйкестiгiн аттестациялаудың шарттары мен тәртiбiн анықтайды.
      2. Элиттұқшар статусын алуға үмiткер заңды және жеке тұлғалар осы Ережелермен анықталатын бiлiктiлiк талаптарға сай болулары тиiс.
      3. Заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау олардың өтiнiштерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен құрылатын ведомствоаралық сараптама комиссияларымен жүргізiледi.
      4. Ведомствоаралық сараптама комиссиясы құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, оның облыстық аумақтық басқармаларының мамандары және сондай-ақ, келiсiм бойынша, әкiмдердiң облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының (департаменттерiнiң) және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аграрлық зерттеулер ұлттық орталығының ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң өкiлдерi енедi.
      5. Элиттұқшарды аттестациялау нәтижелерi бойынша бекiтiлген үлгiде ведомствоаралық сараптама комиссиясының қорытындысы берiледi.
      6. Заңды және жеке тұлғаларға элиттұқшар статусын беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жүзеге асырылады. Элиттұқшар статусының болуы заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен белгiленген өткiзу лимитi шегiнде жәрдемақы алуына құқық бередi. Тұқым өткiзу лимитi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен әрбiр элиттұқшар үшiн облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының (департаменттерiнiң) ұсыныстары бойынша аудандастырылған және перспективтi сорттар тұқымдары элитасының нақты қажеттiлiгiне сәйкес және элиталық тұқымы жәрдемақылаудың бюджеттiк қаржыландыруын есепке ала отырып белгiленедi.
      7. Элиттұқшарларды қайта аттестациялау екi жылда 1 рет өткiзiледi.

      2. Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды
           және жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптар

      8. Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарға мыналар қосылады:
      1) қаржы-шаруашылықтық қызмет көрсеткiштерiнiң осындай шаруашылықтарға қойылатын бекiтiлген ең төменгi талаптарға сәйкестiгi (1 қосымша);
      2) әрбiр ауыспалы егiс бойынша агротехника жүйесi, тұқымдардың механикалық және биологиялық ластануын болдырмау үшiн дақылдардың орналастырылуы әзiрленген енгiзiлген және игерiлген тұқым шаруашылықтық ауыспалы егiстердiң болуы;
      3) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
      4) аудандастырылғандардың тiзбесiне енгiзiлген сорттардың тұқымдарын өсiру тәсiмiнiң болуы;
      5) тұқымдықты өсiру жұмыстарының барлық түрлерi мен оның сапалық көрсеткiштерi көрсетiлген құжаттаманың есепке алынуы мен жүргiзiлуiн ұйымдастыру;
      6) аудандастырылған және перспективтi сорттардың негiзгi тұқымдығының (түпнұсқалық тұқымның) элиталық тұқымды жоспарланған мөлшерде өндiруге қажеттi көлемде және ассортиментте болуы;
      7) тұқымдық шаруашылықтың түпкiлiктi бөлiмшелерiнде ең төменгi талаптарға сәйкес сақтық және тұқымдық қорларының болуы;
      8) қажеттi ауыл шаруашылығы техникасының тұқымның жоспарланған

көлемiн алу үшiн агротехникалық жұмыстарды дер кезiнде және сапалы
түрде өткiзудi қамтамасыз ететiн мөлшерде болуы;
     9) маусымдық өнiмдiлiгi элиталық тұқымның жоспарлы көлемiн оңтайлы 
мерзiмде дайындауды қамтамасыз ететiн тұқым тазартатын түзу машиналардың 
болуы;
     10) мамандандырылған қырмандардың, төбесi жабық асфальтталған
алаңдардың, араласып кетпейтiндей қылып тұқымдардың партияларын қоюға
болатын қоймалардың болуы;
     11) өз шаруашылығындағы өткiзiлген және пайдаланылған тұқымдардың 
көлемiнiң, шығу тегiнiң және олардың сорттық, себулiк қасиеттерiнiң қатал 
есебiн ұйымдастыру;
     12) тұқым шаруашылығындағы есеп мәлiметтерiнiң бес жылдан кем
емес аралықта сақталуын ұйымдастыру;
     13) жоспарланған жұмыстар көлемiн бiлiктi атқару үшiн, штат
кестесiмен көзделген арнайы сәйкес бiлiмi бар мамандардың санының
болуы;
     14) элиттұқшардың материалды-техникалық базасының өндiрiстiк
қызмет жасауға жарамдылығын бiлдiретiн, өрт бақылаушы органдардың
қортындысының болуы;
     15) карантиндi объектiлердiң жоқтығы туралы өсiмдiктер карантинi
мемлекеттiк инспекторының қорытындысының болуы;


      16) өндiрiстiк базаның экология және адамдар денсаулығы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi туралы санитарлық және экологиялық бақылау органдарының қорытындысының болуы.

                3. Аттестациялау тәртiбi

      9. Элиттұқшар статусын алу үшiн заңды және жеке тұлғалар Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң сәйкес келетiн облыстық аумақтық басқармаларына келесi құжаттарды көрсетедi:
      1) белгiленген үлгi бойынша өтiнiш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң нотариальды куәландырылған көшiрмесi және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
      3) жердi пайдалану құқығы бар мемлекеттiк актiнiң нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
      4) заңды немесе жеке тұлғаның осы Ережелердiң 2-шi тарауында баяндалған бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар.
      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармалары берiлген құжаттарды зерделеп, оларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жiбередi.
      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңды және жеке тұлғалардан өтiнiш алғаннан кейiн 2 айдан кеш емес мерзiмде олардың бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын берiлген Құжаттарды, сонымен қатар тұрған жерiне шығу арқылы, зерделеу үшiн ведомствоаралық сараптама комиссиясын құрады.
      12. Ведомствоаралық сараптама комиссиясы құрылғанынан кейiн он күндiк мерзiм iшiнде тұрған жерiне шығу арқылы ұсынылған құжаттарды зерттеп бiледi, мәлiмдеушiнiң бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексередi, сараптамалық қорытынды шығарады және оны сәйкес шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне көрсетедi.
      13. Ведомствоаралық сараптама комиссиясының дұрыс қорытындысын алған заңды және жеке тұлғаларға Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен элиттұқшар статусы берiледi және белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.
      14. Жыл iшiнде бiлiктiлiк талаптарының қайсыбiр тармағын сақтамау, элиталық тұқымдарды өндiру және өткiзу қызметi технологиясында жолсыздықтар, өткiзiлетiн элиталық тұқымдардың сапасын бұрмалау аңғарылса Ауыл шаруашылығы министрлiгi ведомствоаралық сараптама комиссиясын тартуға және, жоғарыда аталған деректер расталса, шаруашылықты элиттұқшар статусынан айыруға құқығы бар.
      15. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы, жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы оның қайта аттестациялануының немесе элиттұқшар статусынан айырудың негізі болып табылады.
                                  Элиталық тұқым шаруашылығы

саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау Ережелеріне Қосымша 1


     Элиталық тұқым өндіруші шаруашылық статусын алуға үміткер заңды
            және жеке тұлғаларға қойылатын ең төменгі талаптар
 ________________________________________________________________________
        Негізгі критерийлер              ! Ең төменгі көрсеткіштер
 ________________________________________________________________________
 Соңғы 3 жылдағы егістік құрылымындағы      25-тен төмен емес
 парлар алаңы, %
 ________________________________________________________________________
 Ротация саны бар енгізілген және игеріл.          1
 ген тұқым шаруашылықтық ауыспалы егіс.
 тердің болуы, төмен емес
 ________________________________________________________________________
 Барлық егіс алаңындағы тұқым шаруа.           25-тен төмен емес
 шылықтық егістердің жеке салмағы, %
 ________________________________________________________________________
 Соңғы 3 жылдағы өнімділік, ц/га           Орташа облыстықтан
                                           20%-ға жоғары    
 ________________________________________________________________________
 Тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс           4-тен төмен емес
 тәжірибесі, жылдар
 ________________________________________________________________________
 Барлық өндіріс көлеміндегі негізгі       
 қызмет түрінің жеке салмағы (егер        50-ден төмен емес
 шаруашылықта асыл тұқымды статусы
 болса, онда асыл тұқымды өнім
 өндіру көлемі осы көлемге енеді), %
 ________________________________________________________________________
 Элиталық тұқым өндіру қызметінің          шығынсыздық
 қаржылық нәтижесі
 ________________________________________________________________________
 Қаржылық жағдайы                        а) бюджет алдында мерзімі өткен  
                                         төленбеген қарыздың болмауы;
                                         б) кредиттік қарыз активтердің
                                         20%-нан аспайды
 ________________________________________________________________________
 Тұқым шаруашылығы жүргізілетін          3-тен жоғары емес
 дақылдардың саны 
 ________________________________________________________________________
 Тұқым шаруашылығы жүргізілетін          3-тен жоғары емес
 сорттар саны
 ________________________________________________________________________
 Сақтық қорлардың саны, негізін қалау          
 қажеттілігінен %-пен есептегенде:
 түпкілікті бөлімшелердің                   100
 суперэлитаның                               50
 ________________________________________________________________________  
     
     


                                            Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылдың 7 шілде N 178 бұйрығымен бекітілген


     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
 _____________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның толық аты немесе жеке тұлғаның фамилиясы, аты,
                        әкесінің аты)
     
                       Өтініш
     
     _________________________________________________________________
              (дақылдың, сорттың аты көрсетілсін)
     
     элиталық тұқымын өндіретін және өткізетін элиталық тұқым өндіруші     
     шаруашылық статусын беруді және аттестация жүргізуді сұраймын.
     Заңды немесе жеке тұлға туралы мәліметтер:
     1. Жеке меншік түрі _____________________________________________
     2. Құрылған жылы ________________________________________________
     3. Тіркеу туралы куәлік немесе жеке басының куәлігі _____________
     _________________________________________________________________
                (N, кім берген, қашан берілген)
     
     4. Мекен-жайы ___________________________________________________
     _________________________________________________________________
     (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің N-і. телефоны, факсы)
     
     5. Есеп-шоты ____________________________________________________
                      (N-і, банктің аты мен тұрған жері)
     _________________________________________________________________
     6. Қоса беріліп отырған құжаттар: ________________________________
     _________________________________________________________________
                    (біліктілік талаптарға сәйкес)
     _________________________________________________________________

     Басшы _________________             _____________________________
               (қолы)                    (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

     Мөр орны
     "___"________ 200__ж.
     
     Өтініш "___"___________ 200___ ж. қарауға қабылданды.
     _________________________________________________________________
   (өтінішті қабылдаған жауапты адамның қолы, фамилиясы, аты, әкесінің аты)
     _________________________________________________________________
     


                                            Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылдың 7 шілде N 178 бұйрығымен бекітілген


                           Акт

     2000 жылдың ________________________ N ________
     
     200__ жылдың "___"_____________________ N _____ бұйрығы негізінде     
     құрылған ведомствоаралық сараптама комиссиясы мына құрамда:______
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     (заңды тұлғаның толық аты немесе жеке тұлғаның фамилиясы, аты,        
                          әкесінің аты)
     _________________________________________________________________
                    (дақылдардың, сорттардың аттары)
     
     элиталық тұқымдарын өндіретін және өткізетін элиталық тұқым өндіруші  
     шаруашылық статусына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша осы акті 
     жасады.
     Аттестациялау нәтижесінде белгілі болды: ________________________
     _________________________________________________________________ 
     _________________________________________________________________ 
     _________________________________________________________________
     Комиссия қорытындысы: ___________________________________________
     _________________________________________________________________ 
     _________________________________________________________________    
     Сараптама комиссиясы мүшелерінің қолдары:


                                          Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылдың 7 шілде N 178 бұйрығымен бекітілген


               Қазақстан Республикасы

           Ауыл шаруашылығы министрлігі

                      Куәлік

                     N ______
     
     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ________
     __________ жылғы _____________________ N _____ бұйрығына сәйкес 
     _______________________________________________________________
                   (дақылдың түрі)
     элиталық тұқымын өндіретін және өткізетін элиталық тұқым өндіруші     
     шаруашылық статусы берілген 
     _______________________________________________________________
         (заңды тұлғаның толық аты немесе жеке тұлғаның Ф.А.Ә.а.)
     берілді.
     
          Ф.А.Ә.а. __________________________   ____________
                                                 (қолы)
          Лауазымы _________________________________________
  
          Берілген күні: "____" _______________ 200 ___ ж.

       
      М.О.

                          Астана қаласы
     
     
     
      Мамандар:
              Омарбекова А.Т.
              Қасымбеков Б.А.