Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995
жылғы 26 желтоқсандағы N 2732
Z952732_
заң күшi бар Жарлығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық
комиссиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы N 6
V960248_
"Субъектiлердiң
қаржы-шаруашылық, қызметiнiң бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспары
туралы" қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық
қызметiнiң бухгалтерлiк есеп шоттарының бас жоспарында:
1) V "Меншiктi капитал" бөлiмi 503 "Салымдар және пайлар" шотымен
толықтырылсын;
2) VIII "Шығыстар" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"80 Өткiзiлген тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны
801 Өткiзiлген дайын өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны
802 Сатуға арнап сатып алынған өткізілген тауардың өзіндік құны
803 Орындалған құрылыс-монтаж, жобалау-iздестiру, геологиялық-барлау,
ғылыми-іздестiру және т.б. жұмыстардың өзiндiк құны
804 Көлiк ұйымдарының жүк және жолаушылар тасымалы бойынша
көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны
805 Жалға байланысты қызметтердiң өзiндiк құны
806 Байланыс ұйымдарының көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны
807 Сақтандыру ұйымдарының көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны
808 Басқалар
81 Тауар өткiзуге байланысты шығыстар (жұмыстар, қызметтер)
811 Тауар өткiзуге байланысты шығыстар (жұмыстар, қызметтер)
82 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстары
821 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстары
83 Проценттер бойынша шығыстар
831 Проценттер бойынша шығыстар
84 Негiзгi емес қызметтер бойынша шығыстар
841 Материалдық емес активтердi өткiзуге байланысты шығыстар
842 Негiзгi құрал-жабдықтарды өткiзуге байланысты шығыстар
843 Бағалы қағаздарды өткiзуге байланысты шығыстар
844 Бағам айырмасы бойынша шығыстар
845 Басқалар
85 Табыс салығы бойынша шығыстар
851 Табыс салығы бойынша шығыстар
86 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан
болған шығыстар (залалдар)
861 Дүлей апаттан болған өтелмейтiн залалдар
862 Дүлей апаттан болған шығыстар (залалдар)
863 Тоқтатылған операциялардан болған шығыстар (залалдар)
864 Басқалар
87 Басқа ұйымдарға үлестiк қатысудан шығыс (залал)
871 Басқа ұйымдарға үлестiк қатысудан шығыс (залал)
3) Х "Өндiрiстiк есептiң шоты" бөлiмi, 900 "Негiзгi өндiрiс"
шотымен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық 1997 жылғы 10 қаңтардан бастап пайда болған
қатынастарға қолданылады.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.