"Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережелерiн" және "балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерiн" бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрайымының 2000 жылғы 6 маусым N 228 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1221

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылдың 18-шi мамырындағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөнiндегi алдыңғы шаралар туралы" U983956_ жарлығын орындауда және балалар үйлерiнiң жұмысын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында бұйырамын:
      1. Төмендегiлердi бекiту:
      1) Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережесi (1 қосымша);
      2) Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережесi (2 қосымша).
      2. Сақтау (департаменттерiнiң) басқармаларының басшылары, балалар үйi жетекшiлерi нағыз бұйрықты басшылыққа алуды және үздiксiз орындауды.
      3. Қазақ ССР-ның Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 15.06.92 жылғы N 292 Балалар үйi жөнiндегi қағида және Балалар үйiне балалардың қабылдану тәртiбi мен одан шығарылуы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы бұйрығының күшi жойылды деп саналсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрайымның бiрiншi орынбасары С. Ыбыраевқа жүктелсiн.

      Төрайым
                                               Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 6.06.2000 ж. N 228 бұйрығының N 1 қосымшасы


                 Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережесi

                   1. Балалар үйiндегi балалардың құрамы
      1. Балалар үйi жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сонымен қатар ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетiн балаларға медициналық көмек көрсетiп, тәрбие беруге арналған денсаулық сақтау мекемесi болып табылады.
      2. Балалар үйiнде (жалпы типтi) туғаннан 3 жасқа дейiнгi балалар тәрбиеленедi, мамандандырылған балалар үйiнде 4 жасқа дейiнгi балалар тәрбиеленедi.
      3. Мамандандырылған балалар үйлерi (топтар) ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетiн /дене дамуы және ақыл-ой ақаулығы бар балалардан басқа шартты түрде тәрбиеленетiн/ балалардан құралады, тағы да:
      1) психикасына зақым келген орталық нерв жүйесi бұзылған;
      2) психикасына зақым келмей орталық нерв жүйесi бұзылған, сондай-ақ мүгедек балалар;
      3) тiрек-қимыл аппаратының қызметi бұзылған және дене дамуының ақаулығы бар, психикасына зақым келмеген;
      4) есту және сөйлеу қабiлеттерi жоқ (сақау, саңырау, керең);
      5) сөйлеу қабiлеттерi нашар (кекеш, алалия ауруымен ауыратын және т.б. тiлге қатысты ақаулығы бар);
      6) көру қабiлетi бұзылған (соқыр, әлсiз көретiн);
      7) туберкулездiң кiшi және әлсiз түрлерiмен ауыратын, туберкулездiк интоксикациясы бар балалардан;
      8) имбецильдiк, идиотия дәрежесiндегi олигофрения;
      9) басының ми қабаты зақымдануынан пайда болған ақымақтық;
      10) қимыл функциясында басым әрекеттердiң бұзылуы есебiнде байқалатын барлық дәрежеде ақыл-ойдың жетiспеуi;
      11) тәрбиелеуге қиындық келтiретiн қимыл функцияларында басым әрекеттерiнiң бұзылуы есебiнде байқалатын барлық дәрежеде ақыл-ойында жетiспеушiлiгi бар соқыр (әлсiз көрушiлiк) немесе саңырау (әлсiз естушiлiк) балалар үшiн топтар бикелер қарайтын ұйымдастырылады.
      4. Балалар үйлерiнен балалар отбасына қайтарылғанда, халыққа бiлiм беру жүйесiндегi балалар үйiне, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау жүйесiндегi интернат үйiне ауыстырғанда, қорғаншыға немесе асырауға бергенде шығарылады.
      5. Балалар үйiнде балалардың денсаулығын нығайтуды, қорғауды кепiлдейтiн жағдай жасалынады.
      6. Балалар үйiнiң жайы, жұмсақ және қатты керек жарақтары, медициналық және шаруашылық заттары санитарлық-гигиеналық, медициналық, педагогикалық талаптарға, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлiгi бекiткен нормаларға сай болуы тиiс.
      7. Балалар үйi балалардың жасына, психикалық дамуына сәйкес ойыншықтар мен әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етiледi.
      8. Балалар үйiнде күн ұзақ таза ауада балалардың серуенi мен ұйқысын ұйымдастыру үшiн жабдықталған алаңдары бар жасыл желектi қоршалған жер (участок) болуы тиiс.
      9. Балалар үйiнде стационарлық емдi талап етпейтiн инфекциясы жоқ, оңаша бөлмеге қайта түсетiн аурулар үшiн оңашалау тобы болуы тиiс. Изолятордағы кереуеттер саны штаттық орын санының 10%-інен кем түспеуi керек.

              2. Балалар үйiнде балаларды тәрбиелеу қағидасы
      10. Балалар үйiнде тәрбие беру баланың жеке басын қорғау оның жеке даму дәстүрi мен этномәдениетiмен тығыз байланысты еркiндiк құқын қорғау және қамтамасыз ету негiзiнде құрылады, кез-келген формадағы құқығын шектеуге тыйым салынады. Балалар үйiнiң тәрбиеленушiсiнiң құқығы бар:
      1) ересек адамның тарапынан қамқор көруге және өзiне деген сыйлы қарым-қатынасты қажет етуге;
      2) дене және психикасының айыпталуы жағынан көрсетiлген ұқыпсыздық пен дөрекiлiктен қорғануға;
      3) айналасындағылармен қарым-қатынас жасауда эмоциональды-жеке қажеттілiгiн қанағаттандыруға;
      4) шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуына және жеке әрекет етуге;
      5) тәртiбi мен дамуында кездесетiн кемшiлiктердi түзетуге және жоғары дәрежелi медициналық көмек алуына.
      11. Балалар үйiнде тәрбиеленетiн балалар педиатрдың және сәйкес мамандардың қарауында болады. Осының есебiнде территориялық емхана дәрiгерлерiнiң тереңдетiлген медициналық қарауы жүргiзiледi.
      12. Балалармен өткiзiлетiн тәрбиелеу және емдiк сауықтыру жұмыстарын балалар үйi бас дәрiгерiнiң басшылығымен медициналық және педагогикалық құрам жүргiзедi.

          3. Балалар үйiнiң құрылымы және қызметiнiң ұйымдастырылуы
      13. Балалар үйiнiң құрылтайшылары жеке және заңды тұлғалар бола алады (меншiк түрлерiне қарамастан). Балалар үйлерi заң бекiткен тәртiп бойынша құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. Балалар үйi заңды тұлға құқын пайдаланады жеке сметасы өзiнiң толық атауы көрсетiлген мекеме мөртабаны мен дөңгелек мөрi болады.
      14. Мемлекеттiк балалар үйiнiң басында денсаулық сақтау территориялық органдары тағайындайтын және орнынан босататын бас дәрiгерi тұрады.
      15. Бас дәрiгер несие бере алады, балалар үйi қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға құқылы, мекемедегi медициналық, тәрбиелеушi, құқықтың және әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыстарының орындалуына жауап бередi, төтенше жағдайларда атаулы мекеменiң жұмысын қамсыздандырады.
      16. Мемлекеттiк балалар үйiн ақшалай қаржыландырудың көзi мемлекеттiк бюджеттегi қаражат болып табылады. Балалар үйлерiнде әр түрлi қорлардан және жеке адамдардан түсетiн қаржының қосымша көзi болуы мүмкiн.
      17. Мамандырылған балалар үйiнiң барлық топтарында және жалпы типтi балалар үйiнiң 1 жастағы сәбилер тобында тәрбиеленушiлер саны 8-ден аспауы керек, 2 жастағы сәбилер тобында - 10, 3 жастағы топта - 15. Балалардың тiзiмi алдын ала қарастырылған балалар үйiндегi орын санына сәйкес келуi тиiс.
      18. Балалар үйлерiнiң педагогикалық, медициналық құрамының штаттық көрсеткiштерi балалар үйi тәрбиеленушiлерiнiң санына және балалар ауруларының түрiне байланысты болады (N 1 қосымша).
      19. Балалар үйiнiң iшiнде мiндетті түрде балаларды тәрбиелеуде және асырауға қажеттi жағдай туғызуда көмек көрсететiн Қамқоршылар кеңесi құрылады. Қамқоршылар кеңесi құрамына (5-7 адам) орындаушы Балалар үйiнiң басшысы, үкiметтiң территориялық органдары өкiлдерi, бiлiм беру территориялық органдары, мемлекеттiк емес ұйымдар (балалар қоры және т.б.) енедi.
                                               Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 6.06.2000 ж. N 228 бұйрығымен N 2 қосымшасы


               Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан
                              шығарудың ережесi

      1. Балалар үйiне қабылданады:
      1) жетiм балалар;
      2) жалғыз басты аналардың (әкелердiң) балалары;
      3) тастанды балалар;
      4) ата-аналық құқынан айырылған ата-аналардың балалары немесе сот органдарының олардан балаларын тартып алу туралы шешiм қабылданған жағдайда;
      5) шартты түрде қабiлетсiз деп танылған ата аналардың балалары;
      6) сот тәртiбiмен iз-түзсiз табылмаған ата-аналардың балалары;
      7) стационардағы емдеудi қажет етпейтiн немесе бiрнеше ескертулерден кейiн не ата-аналары, не оларды ауыстыратын, ата-анасының орнындағы тұлғалар алмай кеткен балалар;
      8) тәрбие беруге мүмкiндiгi жоқ (денсаулығының нәтижесiнде, ұзақ уақытқа жол жүруiне байланысты, айыбын өтеу барысында, тергеу кезiнде қамауда болған) бiр немесе екi ата-ананың балалары;
      9) ата-анасының екеуiнiң де болу-болмауына қарамастан дене және ақыл-ой дамуында ақаулықтары бар балалар.
      2. Балалар үйiне перзентханалардан, ауруханалардың соматикалық бөлiмдерiнен, бөлiстiру-оңашалау топтарынан, отбасылардан және т.б. қабылданады; мұнда туғанынан 3 жасқа дейiн балалар, есту және сөйлеу қабiлеттерi бұзылған, дене және психика дамуында ақаулықтары бар - 4 жасқа дейiнгi балалар болады. Болжамдар анықталмаған жағдайда мекеме өз бақылауы бойынша баланы 5 жасқа дейiн кешiктiре алады. Кейде (жалпы типтi) балалар үйiне шартты түрде тәрбиеленетiн дене және психика-сөйлеу дамуында ұшырасатын кедергiлерi бар балалар үйiне ауысуы мамандардың шешiмi бойынша уақытынан бұрын деп есептелiнетiн 3 жасқа толған балалар қабылдана алады.
      3. Перзентхана мен бөлiстiру-оңашалау топтарынан балалар бiрден топқа қабылданады, стационарлар мен отбасылардан изоляторға немесе оңашалау тобына барады. Мұнда баланың жасына сәйкес қажеттi емдiк-тәрбиелiк iс-шаралар жүргiзiледi. Оңашалау тобынан (изолятордан) бала топқа түседi.
      4. Балалар үйiне өткiр жұқпалы аурулармен, туберкулездiң жедел түрiмен, сифилиспен, жұқпалы терi ауруларымен орталық нерв жүйесiнiң өткiр ауруларымен, трофикасының ауыр бұзылуымен және басқа да аурулармен ауыратын стационарлық емдi қажет ететiн балалар жатпайды.
      5. Балаларды балалар үйiне орналастыруда төмендегiдей құжаттар қажет:
      1) бiр немесе екi ата-анасының, не олардың орнындағы тұлғалардың балалар үйiне баланы уақытша орналастыру туралы өтiнiш (1 нұсқаулыққа қосымша);
      2) сәйкес денсаулық сақтау органының жолдамасы;
      3) баланың туу туралы куәлiгi;
      4) баланың даму тарихынан (стационарлық урудың медициналық картасымен) немесе жаңа туған баланың тарихынан үзiндi, анамнезiнiң нақты көрсеткiштерi бар, қоса тұқым қуалаушылығы жөнiнде мәлiметтер, лабораториялық анализдерi мен арнайы мамандардың қарауы, соның iшiнде СПИД-тен, туберкулезден, сифилистен қаралуы, австралиялық антиген таратушысы еместiгi анықталған қағазы;
      5) баланың балалар үйiне уақытша орналастыру жағдайында ата-аналарының немесе олардың орнындағы тұлғалардың жұмыс, оқу орны нан анықтама қағазы;
      6) Келген мекемесiнде немесе пәтерiнде жұқпалы аурулардың болмауы жөнiнде анықтама;
      7) Ата-анасының болмауы немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқ екенiн анықтайтын құжаттар: қайтыс болуы туралы куәлiк, ата-аналық құқынан айрылуы немесе баланы тартып алғаны туралы сот шешiмi, сот үкiмi, тастап кеткенi туралы акт, ата-аналық құқынан бас тарту (2 нұсқаулыққа қосымшаны ), жол жүруi, ата-анасының ауруы туралы анықтама;
      8) Балалық шағынан мүгедек баласы бар жалғыз басты аналар мен ата-аналар балалар үйiне жәрдем ақы алу үшiн жеке кiтапшасын көрсетедi. Онда баланы балалар үйiне орналастыруы жөнiнде тұрғылықты жерi бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлiмiне 5 күннiң iшiнде, бiр уақытта хабарлағаны, баланы қабылдағаны жөнiнде жазылады.
      6. Ата-аналары бар немесе олардың орнындағы тұлғалардың балаларын балалар үйiне уақытша орналастыруда, денсаулық сақтау органдары немесе олардың тапсырулары бойынша балалар үйiнiң әкiмшiлiгi баланың келген уақыты жөнiнде келiсiм жасайды. Келiсiмде, сондай-ақ ата-аналарының (жалғыз басты анасының) немесе олардың орнындағы тұлғалардың баланы тәрбиелеуде және күтудегi қатысы, көрiп тұруы айтылады.
      7. Балалар үйiне түскен әр балаға даму тарихы рәсiмделедi. Қатар жүретiн медициналық құжат бөлек пакетте даму тарихына жабыстырылады. Заңды құжат бас дәрiгерде патронажды бикеде сақталады. Жаңа туған балалар туралы мәлiметтер балалар үйiндегi балаларды қабылдау журналына енгiзiледi. Ол нөмiрленедi, бау тағылып, мекеме мөрiмен бекiтiледi, әрдайым балалар үйi архивiнде сақталады.
      8. Тастанды балалар балалар үйiне iшкi iстер Министрлiгiнiң территориялық органдарында құрылған, балалар үйiне қабылдау үшiн денсаулық сақтау органдары мен рәсiмделетiн жолдамамен қоса, акт бойынша қабылданады. Тастап кету жөнiндегi актiнiң көшiрмесi iшкi iстер Министрлiгiнiң территориялық органдарына жiберiледi.
      Тастанды балаларға балалар үйi үш күннiң iшiнде жоғарыда көрсетiлген қабылдау туралы актiнiң негiзiнде, баланы азаматтық жағдай актiлерiн жазу органдарына тiркейдi. Ата-аналарының баланы стационарда қалдырып кеткен жағдайда мекеме әкiмшiлiгi сәйкес актi жасап, мөр басады.
      9. Балалар үйiнiң бас дәрiгерi ата-аналары заң бойынша баланы қамсыздырғаны үшiн төлем төлеуден босатылмаған болса, олардан сот тәртiбiмен баланы асырауға қаражат талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда бала орналасқан балалар үйiнiң пайдасына әр ата-анадан баланы қамсыздандыру үшiн заң бекiткен тәртiп пен көлемде қаражат талап етiледi.
      10. Тәрбиеленушiлер ауруханаға, санаторийге орналастырылса, олар шықты деп есептелiнбейдi және балалар үйiнiң балаларды қабылдау журналына тiркелмейдi.
      11. Тәрбиеленушiлерiн емханаға, санаторийге орналастыра отырып балалар үйi ата-анасына немесе олардың орнындағы тұлғаларға (баланы уақытша орналастырған жағдайда) бұл жайында хабарлауға мiндеттi. Сондай-ақ баланың денсаулығын бiлiп тұруы тиiс, даму тарихына емдеу барысы жөнiнде жазып отырулары керек.
      12. Балалардың ата-аналарына немесе олардың орнындағы тұлғаларға қайтып оралуы олардың өтiнiшi бойынша жүзеге асады. Баланың балалар үйiнде болу мерзiмiн ұзарту денсаулық сақтау органдарына жаңа келiсiм негiзiнде құрылған ресми өкiмi бойынша жүргiзiледi.
      Балалардың мүддесiн, құқығын қорғау мақсатында ата-анасының немесе олардың орнындағы тұлғалардың негiзсiз бас тартқан жағдайда, баланы келiсiмде көрсетiлген мерзiмнiң күнi өткенде алмаса, балалар үйi сотқа оларды ата-ананың құқынан айыру туралы талап етуге мiндеттi.
      Асырап алуға келiсiм берген ата-аналардың балаларын қайтарып беруi (бас тартуы), асырап алу тәртiбiне толық сай келетiн тәртiппен жүзеге асады.
      13. Балалардың жалпы типтi балалар үйiне ауысуы олардың 3 жасқа толған шағында жүзеге асады; интелектiсi бұзылған балалар үшiн халыққа бiлiм беру балалар үйiне және әлеуметтiк қамсыздандыруға қарасты интернат үйлерiне - 4 жасқа толғанда ауыстырылады. Ауысу медико-педагогикалық комиссияның шешiмiне сәйкес жүзеге асады. Ауысатын балалар жөнiнде мәлiметтер халыққа бiлiм беру және әлеуметтiк қамсыздандыру органдарына 6 ай уақыт қалғанда хабарланады. Баланы балалар үйiне ауыстыру кезiнде заң және медициналық құжаттары берiледi.
      14. Балалар үйi мемлекеттiк мекемелерге ауысқан балаларды маусым бойынша киiммен және аяқ киiммен қамтамасыз етедi.
      15. Балаларды асырауға беру заң бекiткен тәртiппен жүзеге асады. Балаларды асырауға берген кезде қабылдау журналына баланы асыруға беру туралы асыраушының мекен жайы және фамилиясы, атқару комитетiнiң шешiмi, күнi көрсетiлмей-ақ жазылады.
      Бұл мәлiметтер шартты түрде балалар үйiнiң бас дәрiгерiнде сақталады және тергеу және сот органдарына ғана олардың ресми талабы бойынша көрсетiледi. Ағалы-қарындасты не апалы iнiлi балаларды асырауға беруде, сондай-ақ балалар үйiне орналастыруда, балалар үйiне ауыстыруда, тек қысылтаң жағдайда ғана (мәселен, бiреуiнде медициналық қарама-қайшылықтар басым кездесетiн болса), оларды бiр-бiрiмен көрiстiрмеуге болады.
                                               Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 6.06.2000 ж. N 228 бұйрығымен бекітілген Балалар үйі туралы ережеге 1 қосымша


                  Балалар үйiнiң медициналық, педагогикалық,
                 аспазшылық персоналының штаттық норма мөлшерi

                           1. Дәрiгерлiк персонал
      1. Дәрiгер-педиатрлардың қызмет орны жалпы типтi балалар үйiнде 40 балаға 1 қызмет орны және мамандандырылған балалар үйiнде 20 балаға 1 дәрiгер-педиатрдың қызмет орны белгiленедi.
      2. Дәрiгер-отоларингологтардың қызмет орны мамандандырылған балалар үйiнде есту және сөйлеу қабiлетi бұзылған балалар үшiн:
      1) 45 - 100 балаға - 0,5 қызмет орны;
      2) 100-ден артық балаға - 1 қызмет орны тағайындалады.
      3. Дәрiгер-психо-невропатологтардың қызмет орны мамандандырылған балалар үйiнде психикасының зақымданған, зақымданбағанына қарамастан орталық нерв жүйесi бұзылған балалар үшiн:
      1) 30 - 70 балаға - 0,5 қызмет орны;
      2) 70-тен артық балаға - 1 қызмет орны тағайындалады.

                       2. Орта буын медициналық персонал
      4. Медициналық бикелер қызмет орны жалпы типтi балалар үйiнде 40 балаға 1 қызмет орны және мамандырылған балалар үйiнде 20 балаға 1 қызмет орны тағайындалады, бiрақ мекемеге 1 тәулiктiк посттан кем түспеуi керек.
      75 және одан да көп орындық балалар үйлерiнде жұмыс көлемiне байланысты, соның iшiнде 6 және оданда көп кереуеттiк изоляторда жатқан немесе карантиндегi балаларға қызмет көрсету үшiн тиістi қосымша медициналық бике қызмет орны тағайындалуы мүмкiн, бiрақ бiр тәулiктiк посттан аспауы тиiс.
      5. Физиотерапия медициналық бикелерiнiң қызмет орны, жұмыс көлемiне сәйкес, 100 және одан да көп орындық балалар үйiнде жылына 15 мың шартты физиотерапевтiк бiрлiкке және психикасы зақымданған немесе зақымданбаған орталық нерв жүйесi бұзылған балаларға арналған 45 және одан көп орындық балалар үйлерiнде 1 қызмет орны тағайындалады.
      6. Массаж медициналық бикелерi және емдiк дене шынықтыру нұсқаушыларының қызмет орны тiрек-қимыл аппараты бұзылған балаларға тиiстi көмек көрсету үшiн балалар үйiнде психикасы зақымданған немесе зақымданбаған орталық нерв жүйесi бұзылған балалар үшiн жұмыс көлемiне

сәйкес және көрсетiлген персоналдың iс жүзiнде есептегi жүктеме нормасына 
қарай тағайындалады.
     7. Ұйымға диеталық медициналық бикелерiнiң 1 қызмет орны 
тағайындалады.
     8. Ұйымға патронаждық медициналық бикелерiнiң 1 қызмет орны 
тағайындалады.
     9. Ұйымға аға медициналық бикенiң 1 қызмет орны тағайындалады.

                          3. Педагогика персоналы
     10. Тәрбиешiлер қызмет орны бiр тәулiктiк постқа төмендегiдей 
тағайындалады:
     1) 1,5 жастағы 10 балаға және психикасы зақымданған немесе 
зақымданбаған орталық нерв жүйесi бұзылған балалар үшiн топтардағы жасына 
қарамастан;
     2) 1,5-2 жасқа дейiнгi 13 балаға және жасына қарамастан арнайы 
бөлу-оңашалау топтарына (iрi қалаларда);
     3) 2 жастан үлкен 15 балаға.
     11. Аға тәрбиешiнiң қызмет орны төмендегiдей тағайындалады:
     1) 0,5 еңбекақы мөлшерi - 30-50 балаға;
     2) 1 еңбекақы мөлшерi - 51 және одан көп балаға.


      12. Балалар үйiнде оқытуға және тәрбиелеуге келмейтiн психикасы бұзылған орталық нерв жүйесi қатты зақымданған балалар үшiн тәрбиешi қызмет орнын мед.бике орнына ауыстыру қажет.
      13. Сурдо-логопедтер қызмет орындары есту қабiлетi бұзылған (саңырау, керең, мақау, естiмей қалған) жасы 1,5 жоғарғы 8 балаға есептегенде 1 қызмет орны белгiленедi.
      14. Логопед қызмет орнына балалар үйiнде (жалпы типтi) 1,5 жастан бастап 15 балаға, орталық нерв жүйесi зақымданған, жақ-бет маңында патологиясы бар, дизартрия, алалия ауруларымен ауыратын, кекеш балалар үшiн 1 жасқа дейiнгi 8 балаға, 2 жасқа дейiнгi 10 балаға және 2 жастан асқан 12 балаға 1 қызмет орны белгiленедi.
      15. Психолог қызмет орнына мамандандырылған балалар үйiнде төмендегiдей белгiленедi:
      1) 0,5 еңбекақы мөлшерi - 70 балаға;
      2) еңбекақы мөлшерi - 70-тен аса балаға.

                        4. Кiшi қызмет көрсетушi персонал
      16. Күтушi-санитарлардың қызмет орны топтарда белгiленген уақытта жұмыс iстеу үшiн қарастырылған (жұмыс уақытының айырмашылығын есепке ала отырып) тәрбиешiлер қызмет орнының санына байланысты 6 сағаттан 22 сағатқа дейiнгi жұмыс мерзiмiне тағайындалады.
      17. Балалар үйiнде (топтарда) психикасының зақымданған немесе зақымданбағанына қарамастан орталық нерв жүйесi бұзылған балалар үшiн күтушi-санитарлар қызмет орны 10 балаға 1 тәулiктiк пост есебiнде белгiленедi.
      75 және одан да көп орындық балалар үйлерiнде 6 және одан да көп орынды изолятордағы балаларға қызмет көрсету үшiн орта буын медицина персоналмен қамтамасыз етiлмеген уақытта күтушiлер қызмет орнының қажеттi қосымша саны белгiленуi мүмкiн.

                           5. Аспазшылық персонал
      18. Аспаз қызмет орны төменгi есеп көлемiнде тағайындалады:
      1) 2 орын 80 кереуеттiктен төменгi балалар үйiнде;
      2) 2,5 орын 80-нен 100-ге дейiнгi кереуеттік балалар үйiнде;
      3) 2,5 орын және қосымша 0,5 орын - әрбiр 50 кереуетке (100-ден жоғары).
      19. Жемiс-көкөнiс және картоп тазалауыш, ыдыс-аяқ жуушы, ас бөлмесiнiң жұмысшысы төменгi есеп көлемiнде тағайындалады:
      1) 0,5 орын 50-ден 65-ке дейiнгi кереуеттiк балалар үйiнде;
      2) 1 орын 65-тен 80-ге дейiнгi кереуеттiк балалар үйiнде;
      3) 2 орын 80-нен 100-ге дейiнгi кереуеттiк балалар үйiнде;
      4) 2 орын және қосымша 1 орын әрбiр 50 кереуетке 100-ден жоғары дейiнгi кереуеттік балалар үйiнде.
      Ескерту: Нормадағы есеппен берiлген персонал санының көрсеткiшi (1 қызмет орнына балалардың саны, 1 пост) қызметкерлердiң жұмыс үлесiнiң нормасы болып саналмайды. Бұл, балалар үйiнiң басшылары кәсiподақ комитеттерi келісiмiмен, күтілетiн балалардың құрамына, жұмыс мезгiлiне (күндiз, түнде) және басқа да нақты жағдайға қарай белгiленедi.
                                              Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 6.06.2000 ж. N 228 бұйрығымен бекiтiлген Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережесi 1 қосымша


      Yлгi жобасы
                                               ___________________ қаласы

Балалар үйiнiң жетекшiсiне

                                 ӨТIНIШ



     Баланы балалар үйiне уақытша орналастыру жөнiнде
     Өзiм жайында мәлiмдеймiн:
Аты-жөнi: ____________________________________________________________
Туған жерi және күнi _________________________________________________
Тiркелдi (қашан және қай мекен-жай бойынша) __________________________
Төлқұжат немесе жеке куәлiк (нөмiрi, қашан және кiммен берiлдi _______
______________________________________________________________________
Отбасы жағдайы: ______________________________________________________
Балаға қатысты: (шешесi, әкесi, атасы, қорғаншы ж/е т.б.) ____________
______________________________________________________________________
____________ қаласы N ________ перзентханасында туылған менiң баламды

     балалар үйiне         жыл мерзiмiне қабылдауыңызды
(тапсыруыңызды) өтiнемiн.
     
     Баланы балалар үйiне уақытша орналастыруымның себебi:
______________________________________________________________________     
Мен баланы өтiнiште көрсетiлген уақытта алып кетуден дәлелсiз бас 
тартқан жағдайда балалар үйiнiң әкiмшiлiгi сотқа ата-аналық құқынан айыру 
туралы талап қоюға құқылы екенi жайында ескертiлдiм.

Шешесiнiң немесе оның орнындағы тұлғаның қолы: _______________________

     Балалар үйi жетекшiсiнiң қолы
     Датасы (күнi, айы, жылы)
     Мекеме мөрi


                                              Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 6.06.2000 ж.N 228 бұйрығымен бекiтiлген Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережесi 2 қосымша


      Yлгi жобасы
                                                 _________________ қаласы

N ______ перзентханасының бас дәрiгерi ____________

                                ӨТІНIШ



               Асырауға беруге келiсiмi туралы (ата-аналық

                           құқынан бас тарту)

     Өзiм туралы мәлiмдеймiн:
Аты-жөнi: ____________________________________________________________
Туған жерi және күнi: ________________________________________________
Тiркелдi (қашан және қай мекен-жай бойынша) __________________________
Төлқұжат немесе жеке куәлiк (қашан және кiммен берiлдi): _____________
Отбасы жағдайы _______________________________________________________
Балаға қатысы (шешесi, әкесi, әжесi, атасы, қорғаншысы және т.б.) ____
______________________________________________________________________     
Менiң баламды ________________________________________________________
қаласы N _____ перзентханасында туылған баламды мемлекет қамқорлығына 
тапсыруыңызды өтiнемiн. Себебi мен оған ата-аналық құқымнан бас тартамын. 
Бас тартудың себебi: _________________________________________________
Баланы асыруға беруге қарсы емеспiн. Асырап алушыларға қоятын талабым 
жоқ. Баланы асырауға берудiң заңды жолдары маған түсiндiрiлдi.
Өзiм туралы мәлiметтер: (бойым, шашымның түсi, көзiмнiң түсі, ұлтым)
______________________________________________________________________     
мамандығым: __________________________________________________________
терi-венерологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлерде 
тiркеуде (тұрған жоқпын немесе тұрмын) _______________________________
Әкесi туралы мәлiметтер: (бойы, шашының түсi, көзiнiң түсі, ұлты)
______________________________________________________________________     
мамандығы: ___________________________________________________________
терi-венерологикалық, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлерде 
тiркеуде (тұрған жоқ немесе тұр) _____________________________________
     
     ӨТIНIШ өз еркiммен жазылды.

Қолы                             Күні

азаматша қолы                          және оның паспорттық
мәлiметтерiн растаймыз:
Балалар үйiнiң бас дәрiгерi:
Емдеушi дәрiгер:

Мекеме мөрi
     
     
      Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.