1. "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 641 V980641_ нөмiрмен тiркелген Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, II том, 1998 ж., 244-бет; "Рынок и право". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 7(8), 11, 13-беттер);
1) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қорға (Қордың Басқарушысына) оларға заң бойынша жасауға (орындауға) тыйым салынған мәмiлелердi және әрекеттердi жасауға (орындауға), сондай-ақ:
1) бағалы қағаздар рыногындағы мәмiлелердi қоспағанда аффилиирленген тұлғалармен зейнетақы активтерiнiң есебiнен мәмiлелер жасауға;
2) кез келген тәсiлдермен займдар беруге;
3) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды оларды қайтадан сатып алу мiндеттемесiнiң шарттарымен сатуға;
4) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
5) Қорға (Қордың Басқарушысына) тиесiлі және Қордың зейнетақы активтерiнiң құрамына кiрмейтiн бағалы қағаздарды сату туралы ("қысқартылған сату") шарттарды, сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар жасауға;
6) кез келген түрдегі кепiлгерлiктердi және кепiлдемелердi беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелердi жасауға;
7) зейнетақы активтерiн кез келген тәсiлмен өзiнiң мүддесiнде және Қордың салымшыларын (зейнетақы салымдарын алушылар) қоспағанда өзге тұлғалардың мүддесiнде пайдалануға, оның iшiнде бiр ұлттық (халықаралық) бiрiздендiру нөмiр бар бағалы қағаздарды бiр күнi меншiктi активтерiнiң есебiнен сату (сатып алу) және инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алу (сату) туралы инвестициялық шешiм қабылдауға;
8) мазмұнында зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша кепiлдiктер мен уәделер бар ақпаратты жариялауға тыйым салынады.";
2) мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қордың қызметiн жарнамалауды олар Қордың құрылтай құжаттарына не оның жоғарғы органының немесе басқару органының шешiмiне сәйкес жүзеге асыру керек.".
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнің назарына жеткiзсiн.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау
басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi: 1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң назарына жеткiзсiн; 2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын. Ұлттық комиссияның Төрағасы Ұлттық комиссияның мүшелері Оқығандар: Икебаева А.Ж. Қасымбеков Б.А.