Келісілді Келісілді Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық Табиғи ресурстар және қоршаған бас дәрігерінің орынбасары ортаны қорғау министрлігінің 21 шілде 2000 ж. Қоршаған ортаны қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы 13.07. 2000 ж.
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жөніндегі ереженің 10 тармағының 7) тармақшасына және 11 тармағының 7) тармақшасына сәйкес Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 қаңтарда 1023 нөмірімен тіркелген "Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген өсімдіктерді қорғау құралдарын тіркеулік сынауларын жүргізудің, мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 226 бұйрығына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген өсімдіктерді қорғау құралдарын тіркеулік сынауларын жүргізудің, мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеудің тәртібінде:
3 тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тiркеулiк сынауларды орындаушылар Ауыл шаруашылығы министрлiгiне препараттарды тiркеу мүмкiндiгi туралы қорытындылар мен нақты ұсыныстары бар осы сынаулардың нәтижелерi туралы есептер тапсырады. Тiркеулiк сынауларды жүргiзудiң сапасын бақылау Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық басқармаларына жүктеледi.
Жекелеген жағдайларда пестицидтердiң тiркелген шығын мөлшерiн анықтау мақсатында олардың биологиялық тиiмдiлiгiн тексеру жүргiзiлуi мүмкiн. Аталған тексеру Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бастамасымен ғалымдарды, ғылыми-зерттеу және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiн тартумен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық басқармаларының қызметкерлерiнен құрылатын комиссиямен жүргiзiледi.";
11 тармақ мына редакцияда жазылсын:
"11. Жаңа әсер етушi заты бар препараттардың тiркеулiк сынаулары үш толық вегетациялық кезең бойында жүргiзiледi: бiрiншi мен екiншi жылдары - далалық сынау, үшiншi жыл - өндiрiстiк сынау. Қажет болған жағдайда Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркеулiк сынауларды жүргiзудiң мерзiмiн бiр жылға ұзартуы мүмкiн.
Далалық сынаулардың нәтижелерi бойынша Ауыл шаруашылығы министрлiгi өндiрiстiк сынауларды жүргiзудiң аймақтары мен алаңдарын айқындайды, ал өндiрiсте сыналып жатқан препараттардың тұрақты биологиялық тиiмдiлiгi расталмаған жағдайда далалық сынауларды жалғастыру туралы шешiм қабылдайды.";
12 тармақ мына редакцияда жазылсын:
"12. Бұрын тiркелген препараттардың құрамына кiретiн әсер етушi заттардан тұратын препараттар үшiн, сондай-ақ әсер етушi затының пайыздық мөлшерiнiң өзгеруi және қолданудың аясын кеңейту кезiнде далалық сынаулардың мерзiмi бiр вегетациялық кезеңге дейiн қысқартылуы мүмкiн. Аталған препараттардың өндiрiстiк сынаулары Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң келiсуi бойынша далалық тәжiрибелермен қатар жүргiзiлуi мүмкiн.";
34 тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдарын мемлекеттiк тiркеу препараттардың далалық тiркеулiк сынауларының нәтижелерi өндiрiсте расталғаннан кейiн жүргiзiледi. Препараттардың өндiрiстiк сынаулардың нәтижелерi Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық басқармаларының басшылары қол қойған актiлермен расталуы керек.". 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi. Министр Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.