Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 100-Ө бұйрығымен бекітілген (1998 жылғы 27 тамыздағы мемлекеттік тіркелім N 585) "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртібі туралы нұсқаулыққа "өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 20 маусым N 66-Ө Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 шілде тіркелді. Тіркеу N 1201

Қолданыстағы
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің нормативтік құжаттарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкестікке келтіру мақсатында
                     Бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 100-Ө V980585_ бұйрығымен бекітілген "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртібі туралы нұсқаулыққа" мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тарау. "Жалпы ережелер" 1.1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-тармақшамен толықтырылсын:
      "7. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 60 баптарына сәйкес зейнеткер жасына жеткен тұлғалар үшін қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары";
      1.1-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын: "Зейнетақы активтеріне жатпайтын төлемшінің шотына қате есептелген сомаларды қайтаруды олар банк-кастодиандағы Қордың инвестициялық шотына есептелген сәттен бастап екі банктік күн ішінде банк-кастодиан жүзеге асырады".
      1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер зейнетақы жарналарының сомалары төлемшінің кінәсынан қате аударылса, онда қайтару төлемшінің өтініші негізінде жасалады. Егер де сомалар төлемші банкінің кінәсынан қате аударылса (екі және одан көп рет корреспонденттік шоттан алынды), онда қайтару төлемші банкінің өтініші негізінде жасалады".
      1.4-тармақтан бастап және әрі қарай нормативтік-құқықтық құжаттың мәтіні бойынша "жеке шот" деген сөз тіркесі "дербес зейнетақы шоты" дегенге ауыстырылсын.
      1.8-тармақта "Қордың кірістерінен" деген сөздерден кейін "жаңадан түскен зейнетақы жарналарынан" деген сөздермен толықтырылсын.
      1.8-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Егер зейнетақы жарналарын аудару бойынша қате салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына сомаларды есептегенге дейін айқындалса, онда Қор бес күннің ішінде төлемшіге немесе төлемші банкіне қате есептелген соманы қайтарады.
      Егер қателік ұзақ уақыт өткеннен кейін анықталса, онда Қор белгіленген тәртіппен зейнетақы шартының негізінде зейнетақы жарналарының есептелу фактісін тексеруді жүзеге асырады және қайтаруды бес күн ішінде жасайды. Қайтару сомасы бұдан бұрын Қор ұстап қалған комиссиялық сыйақыны есептегенде, қате есептелген зейнетақы жарналарынан тұруға тиіс.
      2. Заң бөлімі (Тлеушев А.Ш.) Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 
жылғы 3 тамыздағы N 100-Ө бұйрығымен бекітілген (1998 жылғы 27 тамыздағы 
мемлекеттік тіркелім N 585) "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару 
тәртібі туралы нұсқаулыққа" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 
2000 жылғы 20.06. N 66-Ө бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жіберсін және мемлекеттік тіркеуден 
өткеннен кейін күшіне енгізсін.
          
     
     
     Төраға
     
     
     Оқығандар:     
              Багарова Ж.А.
              Шарипова М.Е.