Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 4.04.2000 ж. N 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы N 167 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1200

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Z952200_ "Лицензиялау туралы" Заңының 15 бабына сәйкес Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 V001124_ бұйрығына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген элеваторларда астық пен оның қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялаудың Ережелерінің 7-ші тармағының 4-ші тармақшасындағы үшінші абзац төмендегідей редакцияда баяндалсын:

     "лицензиаттың заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелген заңды, жеке 
тұлғалар берген сараптамалық баға негізіндегі біліктілік талаптарға 
сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
сәйкесті облыстық аумақтық басқармаларының анықтамасы".
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
     
    
Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Шарипова М.Е.