1. Қоса беріліп отырған 1997 жылғы 1 сәуірден бастап 2000 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде зейнеткерлікке шыққан (оның ішінде өзінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке шығу құқығын тiркеген) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, ішкі әскерлердің әскери қызметшiлерiне еңбек сіңірген жылдары үшiн зейнеткерлік төлемдер көлемін қайта есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. ҚАЖД-ның төрағасы, министрлік аппараты Департаменттерiнiң, дербес басқармаларының, Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының, Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi оқу орындарының, Астана қаласы IIБ-нiң, Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң, КIIБ-нің, Қазақстан Республикасы ІӘҚББ-нің бастықтары ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне тағайындалған (тіркелген) зейнеткерлік төлемдердің дер кезінде қайта есептелуін ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы генерал-майор
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2000 жылғы 14 наурыздағы N 140 бұйрығымен бекiтiлген
1997 жылғы 1 сәуiрден 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта
зейнеткерлiк демалысқа шыққан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
және iшкi әскерлер қызметшілерiнiң (оның iшiнде өздерiнiң еңбек
сiңiрген жылдары үшiн зейнеткерлiкке шығу құқығын тiркетiп қойған)
еңбек сiңiрген жылдарына зейнетақы төлемi мөлшерiн қайта
есептеу жөнiндегi
Нұсқаулық
1. Жалпы ереже
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Президиумының 1999 жылғы 26 қазандағы N 4-пг-347-99 әскери қызметшiлерге және iшкi iстер органдары қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн ақшалай үлесiне бiр жылдағы төрт айлық жалақысы есебiнен сыйақы қосу туралы шешiмiн, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 1999 жылғы 2 шiлдедегi N 8-1-99 мәлiмдемелерiн, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 1999 жылғы 28 шiлдедегi N 05-1/4312 зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн аудандық коэффициенттiң ақшалай үлеске қосылатыны туралы шешiмдерiн орындау мақсатымен жасалды.
2. Ақшалай үлеске сыйақы қосылуын есепке
ала отырып зейнетақыны қайта есептеу.
1. Қайта есептеуге жататындар:
1) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қаңтардағы "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басқарушы және қатардағы құрамы мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңының шарты бойынша 1997 жылғы 1 сәуiрден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сiңiрген жылдарына мүгедектiгi және асыраушысынан айырылуына байланысты;
2) Өздерiнiң зейнеткерлiкке шығу құқыларын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркетiп қойған iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен әскери қызметшiлердiң зейнетақы сомасы, бұл сома қызметiнен шыққан уақытынан бастап төленедi;
3) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" кейiн өзгертiлуi және толықтырылуы ықтимал 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 Заңының шарттары бойынша әскери қызметшiлерiне және iшкi iстер органдары қызметкерлерiне 1998 жылғы қаңтардан 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақылар.
2. Әскери қызметшiлердiң және iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта қызметтен шыққан, сондай-ақ өзiнiң еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнеткерлiкке шығу құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркетiп қойған әскери қызметшiлерді және iшкi iстер қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету үшiн ескерiлетiн ақшалай үлес мөлшерi қызметтен шыққан күнге белгiленедi (жеке құрамның тiзiмiнен алынған) және мыналармен жинақталады:
лауазымы бойынша еңбекақы;
әскери (арнайы) атағы бойынша (қосымша) еңбекақы;
еңбек сiңiрген жылдары үшiн тиiстi үстемеақы;
ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшiн;
кластылығы үшiн үстемеақы;
азық-түлiк паегi орнындағы ақшалай үстемеақы.
Қазақстан Республикасы заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 347, 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 104, 1998 жылғы 29 қаңтардағы N 23, 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 486, 1999 жылғы 24 ақпандағы N 102, 1999 жылғы 10 маусымдағы N 303 бұйрықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 наурыздағы N 419 қаулысымен бекiтiлген тiзбеде көрсетiлген сыйақыдан басқа атап айтқанда: мерекелiк күндерге, туған күндерге байланысты, ұзақ жылдық қалтқысыз еңбегi, қоғамдық жұмысы үшiн бiр мәрте еңбекақы қорынан (ортақ еңбекақы төлеу қорынан), сондай-ақ жарыстардағы, байқаулардағы, конкурстардағы жүлделi орындар үшiн берiлетiн ақшалай наградалар, т.с.с. Мысалы: Ақмола облыстық IIБ жанындағы ҚАЖБ-ның ЕЦ-166/16 түзеу мекемесi бастығының кезекшi көмекшiсi iшкi қызмет майоры П.Н.Ивановтың iшкi iстер органдарынан
шыққан сәттегi зейнетақы тағайындау үшiн күнтiзбемен есептегенде еңбек сiңiрген жылдары 22 жыл 2 ай 18 күндi құрады, жеңiлдiк есебiмен алғанда 22-07-02, ауыл шаруашылығы саласындағысы 00-00-00 еңбек сiңiрген жылдарына проценттi үстемеақыны есептеу үшiн есепке алынған еңбек сiңiрген жылдары - 19 жыл 02 ай 00 күн. Зейнетақы 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 1910-ХІІ, ҚРЗ-на сәйкес төмендегi ақшалай үлестерден 56 % есебiмен тағайындалды: лауазымы бойынша еңбекақы 2600 теңге; арнайы атағы бойынша қосымша ақы 2020 теңге; еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы 40% 1848 теңге; ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшiн 15% 390 теңге; кластылығы үшiн үстемеақы азық-түлiк паегi орнындағы ақшалай өтемақы 2024 теңге; Жиыны: 8882 теңге; 56 % 4973-92 аудандық коэффициент 1,15 аудандық коэффициенттi ескере отырып мына сомада төленетiн зейнетақы тағайындалды 5720-01 {4973,92+ /4973,92 15/100}
Тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу соңғы қызмет атқарған жердегi
қаржы бөлiмдерiнiң IIББ-IIБ-ң зейнетақы тағайындау бөлiмiне ұсынған белгiленген формадағы сыйақы төленгенi жөнiндегi анықтама бойынша (қосылып берiледi) жүргiзiледi. Орташа айлық сыйақының мөлшерi зейнетақыны есептеп шығару үшiн ақшалай үйлестiргендiгi П.Н. Ивановтың зейнеткерлiк демалысқа шығар алдындағы 12 айдағы алған сыйақы сомасын 12-ге бөлу арқылы белгiленедi. Бұл мысалда П.Н. Ивановтың зейнеткерлiк демалысқа шығар алдындағы 12 айда алған сыйақысы мынаны құрайды: 1996 жыл 1997 жыл мамыр 0 қаңтар 30801 маусым 0 ақпан 0 шiлде 0 наурыз 0 тамыз 17783 сәуір 0 қыркүйек 0 қазан 0 қараша 0 желтоқсан 0 Орташа айлық сыйақы мөлшерi: 4048-67 [(0+0+0+17783+0+0+0+0+30801+0+0+0)/12] теңгенi құрайды. Сыйақыны ескере отырып төленетiн зейнетақыны есептеп шығару үшiн ақшалай үлес мөлшерi мынаны құрайды: Лауазымы бойынша еңбекақы 2600 теңге; арнайы атағы бойынша қосымша ақы 2020 теңге; еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы 40% 1848 теңге; ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшiн үстем ақы 15 % 390 теңге; кластылығы үшiн үстем ақы - теңге; сыйақы 4048-67 теңге; азық-түлiк паегі орнына ақшалай өтемақы 2024 теңге; ЖИЫНЫ: 12930-67 теңге; 56% Аудандық коэффициент 1,15 - теңге; Қайта есептелген зейнетақының құрайтыны: 8327-36 теңге; {7241,18+(7241,18*15)/100}.
Бұрынғы тағайындалған зейнетақыға қажеттi қосымша төлемақы сомасын шығару үшiн және Iшкіісминнiң 1999 жылғы 1 мамырдағы N 243 жарияланған бұйрығымен қолданыстағы бiрлескен нұсқауға сәйкес алдағы төлемдi жүргiзу МЗТО-ның бөлiмшелерiне материалдар тапсыру үшiн 2000 жылғы 1 қаңтарға бұрынғы тағайындалған зейнетақымен 1997 жылдың III және IY тоқсандарындағы индексацияны ескерiп қайта есептелген айырмашылығын айырып шығару керек.
Осы мысалда көрсетiлген бұрынғы тағайындалған және индексацияны ескерiп төленген зейнетақы сомасы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 197386 теңгенi құрады, ал осы кезеңдегi индексацияны ескере отырып қайта есептелген зейнетақы сомасы - 287360 теңге, яғни, қосымша төлем - 89974 теңгенi құрамақ. 2000 жылдың 2 қаңтарына зейнетақының жаңа құралатын мөлшерi 9137 - 75 ( бұрын болғаны қазіргі болғаны 97 ж. 08.05-дан 5720-01 +2607-35 8327-36 97 ж. 01.07-ден 5922-50 *1,0354 8622-14 97 ж. 01.10-нан 6276-67 *1,0598 9137-75).
Осыған ұқсас қайта есептеулер жоғарыда көрсетiлген кезеңде мүгедектiгi бойынша зейнетақы тағайындалғанда және отбасы асыраушысынан айырылуына байланысты, сондай-ақ өзiнiң еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығын тiркетiп қойған, және лауазымын қалдырып кетуi бойынша зейнеткерлiк демалысқа шыққан адамдар үшiн де жүргiзiледi/қайта есептеу тiркеу кезiнде индексацияны есепке алмай жүргiзiледi.
Ескере кететiн жай, аудандық коэффициент тағайындалған зейнетақының сомасына өндiрiсi жоқ саладағы жұмыскерлер мен қызметкерлердiң еңбекақысына осындай коэффициенттер қойылған аудандарда ғана қосылып есептеледi.
3. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету
туралы ҚРЗ-на сәйкес iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi, iшкi iстер
органдары қызметкерлерiне 1998 жылғы 01-қаңтар мен 2000 жылғы 01-
қаңтар аралығындағы еңбек сiңiрген жылдарына (сыйақы мен аудандық
коэффициенттi ескергенде) тағайындалған зейнетақы төлемiн қайта есептеу.
1. 1998 жылғы 1 қаңтар мен 2000 жылғы 1 қаңтар аралығындағы зейнеткерлік демалысқа шыққан әскери қызметшiлерге, ішкі істер органдары қызметкерлерiне (2000 жылғы қаңтардан кейiн, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қаңтардағы N 482-1-Заңына сәйкес еңбек сiңiрген жылдарына зейнетақы төлемiн есептеп шығаруда есепке алынған сыйақы ақшалай үлеске қосылмайды) еңбек сiңiрген жылдарына тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу кезiнде де әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы аудандық коэффициенттер, құрғақшылық жердегi коэффициенттер, сусыз және таулы мекендердегi қызметке сыйақы төлемiн есептеп шығару үшiн ақшалай үлеске қосу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жоғарыда аталған шешiмiн, ҚР Бас Прокуратурасының 1999 жылғы 26 мамырдағы N 28-12-1251-99 және 1999 жылғы 22 шiлдедегi N 8-1-99 түсiндiрмесiн және Астана қаласының Алматы қалалық сотының 1999 жылғы 22 қыркүйектегi шешiмiн жетекшiлiкке алу қажет Мысалға:
ҚР Iшкiісминi Департаментi бөлiмінiң бастығы полиция подполковнигi П.Н.Оспановта iшкi iстер органынан шыққан кездегi (01.11.1998) күнтiзбемен есептегендегi еңбек сiңiрген жылдары 18 жыл 05 ай 20 күн, жеңiлдетумен есептегенде 00-00-00, ауылшаруашылығы саласындағы жұмысына 09-01-05. Зейнетақы 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 ҚРЗ-а сәйкес 62% есебiмен мына ақшалай үлестен тағайындалды: Лауазымы бойынша еңбекақы (1) 6500 теңге Арнайы атағы бойынша қосымша ақы (2) 2100 теңге Еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы 40% (3) 3440 теңге Кластығы үшiн үстемеақы 10 % (4) 650 теңге Жедел жұмыстар үшiн үстемеақы % (5) --- теңге Аудандық коэффициент 15% (6) --- теңге Сыйақы (7) --- теңге Азық-түлiк паегi орнына ақшалай өтемақы (8) 2024 теңге Жиыны: 14714 теңге 62% 9122-68 теңге тағайындалған төленетiн зейнетақы 9122-68 теңге. Осы мысалда көрсетiлген П.Н.Оспановтың қызметiнен шығар алдындағы 12 айдың сыйақысы мынаны құрайды: 1998 жыл 1999 жыл қараша 4000 теңге қаңтар 4000 теңге желтоқсан 5332 теңге ақпан 4000 теңге наурыз 6000 теңге сәуiр 0 мамыр 4000 теңге маусым 5332 теңге шілде 4000 теңге тамыз 6000 теңге қыркүйек 5332 теңге қазан 4000 теңге. Сыйақының орташа айлық мөлшерi 4333 теңгенi құрады /4000+5332+4000+6000+0+4000+5332+4000+6000+5332+4000/12/ Сыйақы және аудандық коэффициенттi ескергенде төленетiн зейнетақыны есептеп шығаратын ақшалай үлес мынаны құрайды: Лауазымы бойынша еңбекақы (1) 6500 теңге Арнайы атағы бойынша қосымша төлем (2) 2100 теңге Еңбек сiңiрген жылдарына 40% (3) (1+2)*0,4 3440 теңге Кластылығына 10 (4) /1*0,01/ 650 теңге Жедел жұмыстар үшiн % (5) 0 теңге Аудандық коэффициент 15% (6) /1+2/*0,15 1290 теңге Сыйақы (7) 4333 теңге Азық-түлiк паегi орнына (8) 2024 теңге Жиыны: 20337 теңге Қайта есептелген зейнетақы 12608-94 теңгенi құрайды (20337*62%/100)
Бұрынғы тағайындалған зейнетақыға қосымша төленетiн соманы есептеп шығаруға және Республикамыздың Ішкіісминiнiң жарияланған 1999 жылғы 11 мамырдағы N 243 бұйрығымен бекiтiлген қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтың аймақтық бөлiмшелерiне материалдар беру үшiн 2000 жылғы 01 қаңтардағы бұрынғы кездегi тағайындалған зейнетақы мен жаңадан қайта есептелген зейнетақының айырмашылығын шығару керек.
Осы мысалда көрсетiлген бұрынғы тағайындалып төленген зейнетақы сомасы 2000 жылдың 01-қаңтарында 127717 теңгенi құрады, ал осы уақыт аралығындағы қайта есептелген зейнетақының сомасы 176525 теңге, яғни қосымша төлемақы - 48808 теңгенi құрайды.
2000 жылғы 01 қаңтардағы жаңа зейнетақы мөлшерi 12608-94 теңгенi (бұрын - 9122-68) құрады. Қызметшiлер мен қызметкерлердiң еңбекақыларына аудандық коэффициенттер айқындалған аудандарда зейнетақы төлемдерiн тағайындау кезiнде, аудандық коэффициенттiк төлемнен (лауазымы бойынша еңбекақы және әскери (арнайы) атағы үшiн қосымша төлемақы мен ақшалай үлес ескерiледi.
Коэффициенттер алғаш рет айқындалған аудандарда немесе олардың мөлшерi көбейтiлсе (ұлғайтылып) бекiтiлген коэффициенттi қолдана отырып зейнетақы есептелiп шығарылған ақшалай үлесiнiң тиесi қайта есептелiнедi. Республиканың басқа аймақтарынан аудандарға тұрғылықты тұруға келген iшкi iстер органдарының зейнеткерлерiне аудандық коэффициенттер айқындалмаған болса немесе аз мөлшерде бекітiлсе, зейнеткерлiк төлемақыны есептеп шығару үшiн ақшалай үлестiң тиесi сол айқындалған ауданның аудандық коэффициентiн пайдалану арқылы қайта есептеледi.
Келтiрiлген қайта есептеу мысалдары келiсiм-шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң зейнеткерлерге қызмет көрсетуiнде қабылданылған Қазақстан Республикасының салық полициясы қызметкерлерiне де қатысты.
2. Ескерiлетiн мәселе Iшкi әскерлер қызметшiлерi (IӘҚББ
қызметшiлерiнен басқа) көрсетiлген кезеңде бiр жылдағы төрт орташа айлық еңбекақы есебiнен шығатын сыйақы алмай келгендiгi ескерiледi. Оларға жоғары әскери ұрысқа дайындығы мен жеке басының тәртiптегi үшiн төленiп келген бiр мәрте берiлетiн ақшалай сый еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы есебiне алынбайды. Қазақстан Республикасы Iшкіісмині Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Кадр және тәрбие жұмыстары Қаржымен қамтамасыз ету департаментi департаментi Нұсқаулыққа N 1 қосымша _____ жылғы ___________ " ____ " бастап _____ жылғы ___________ " ____ " дейінгі алынған сыйақы туралы Анықтама _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) _________________________________________________________ (қызмет орны, лауазымы) ______________________________________________________________ Айлар Сомасы Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан ____________________________________________________________ Жиыны: ___________________ теңге Орташа айлық сыйақы мөлшері: ___________________ теңге М.О. Бастық _____________________ Бас бухгалтер ______________ ______ жылғы ________"_____" Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.