"Қазыналық кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен есептілігінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын операцияларды көрсету ережесін" бекіту туралы"

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 маусымдағы N 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1191. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қолданыстағы

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N  217  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N  2335  және "Бухгалтерлік есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N  2732  Жарлықтарына сәйкес 

                      Бұйырамын:  

      1. Қазыналық кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен есептілігінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын операцияларды көрсету ережесі бекітілсін. 
      2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті жоғарыда аталған Ереженің заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-Министрі Е.А.Досаевқа жүктелсін. 
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 

       Министр 

Қазақстан Республикасы         
Қаржы министрлігінің          
2000 жылғы 1 маусым N 266       
қаулысымен бекітілген         

  Қазыналық кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен есептілігінде 
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын операцияларды
көрсету Ережесі 

  1. Жалпы ережелер 

       1. Осы Ереже қазыналық кәсiпорынның (бұдан әрi - кәсiпорын) бухгалтерлiк есебiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсетудiң және мемлекеттiң тапсырмасын орындау жөнiндегi есептiлiк нысандарын жасаудың тәртiбiн айқындайды. 
      2. Кәсiпорын Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N  2732  заң күшi бар Жарлығына, Бухгалтерлiк есептiң ережелерiне (стандарттарына), Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының бас жоспарына және осы Ережеге сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есептiлiк жасайды. 
      3. Бухгалтерлiк есептiң ережелерiне (стандарттарына) сәйкес есеп саясатын қалыптастыруды кәсiпорын өздерi жөнiнде мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарымен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келiсiм бойынша жүргiзуi тиiс. 
      Есеп саясатын қалыптастыру кезiнде сонымен қатар Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының бас жоспары негiзiнде осы Ереженiң талаптарын ескеретiн талдамалы шоттардың ашылуы қамтамасыз етiлуi тиiс. 
      4. Кәсiпорын мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыру шеңберiнде орындалатын операциялардың есебiн оқшау түрде жүргiзедi. Мемлекеттiк тапсырысқа тиесiлiлiгiн айқындау мақсатында шығыстарды бөлу базасын кәсiпорын уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша айқындайды. 
      5. Уәкiлеттi органнан жедел басқару құқығында алынатын мүлiк "Жедел басқаруға алынған мүлiк" талдамалық шотының (бұдан әрi 503/Х) ашылуымен бірге, кәсiпорынның 503 "Салымдар мен пайлар" шотында көрiнiс табады. 
      Кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейтiн болып табылады және салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, оның iшiнде кәсiпорынның қызметкерлерi арасында бөлiнуi мүмкiн емес. 
      6. Операциялардың құжаттамасын және құжат айналысын кәсiпорын 24 "Бухгалтерлiк қызметтi ұйымдастыру" бухгалтерлiк есептiң ережесiне (стандартына) сәйкес жүргiзедi. 

  2. Кірістер мен шығыстарды есепке алу 

       7. Кәсiпорын түскен, сондай-ақ мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде жұмсалатын соманы есепке алу үшiн Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының бас жоспарының шоттарына қатысты iске қосылған талдамалық шоттарды ашады.<*> 
      Егер кәсiпорын бiрнеше мемлекеттiк тапсырысты орындайтын болса, онда оқшауландырылған талдамалық шоттар олардың әрқайсысы бойынша ашылады. 
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.02.28. N 104   бұйрығымен .  
      8. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға үшiн бюджеттен ақшаның түсуi "Мемлекеттiк тапсырыстың орындалуын қаржыландыру" қосалқы шотының ашылуымен бiрге 441 "Есеп шоты" шотының дебетi және 68 "Өзге де кредиторлық берешек және есептеулер" бөлiмшесiнiң 687 "Өзге де" шотының (бұдан әрi - 687/Х) кредитi бойынша көрсетiледi.<*> 
      Кәсiпорынның мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде өнiмдi шығару (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) жөнiндегi шығындары тиiстi 20 "Материалдар" бөлiмшесiнiң шоттарымен, 671 "Берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар", 681 "Еңбекке ақы төлеу жөнiндегi қызметкермен есеп айырысулар", 687 "Өзге де" және с.с. шоттармен кредит бойынша корреспонденцияда IХ "Өндiрiстiк есеп алу шоты" бөлiмiнiң тиiстi шоттарында алдын ала топтастырылады. Дайын өнiмнiң шығарылуына (жұмыстардың орындалуына, қызметтiң көрсетiлуiне) қарай шығындардың жинақталған сомасы 900 "Негiзгi өндiрiс" шотының кредитiнен: 
      дайын өнiм бөлiгiнде - 221 "Дайын өнiм"; 
      орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бөлiгiнде - 801 "Сатылған дайын өнiмнiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құны"; 
      есептi кезеңнiң соңында аяқталмаған өндiрiс бөлiгiнде 211 "Негiзгi өндiрiс" шоттарының дебетiне есептен шығарылады. 
      221 шотта есепке алынған дайын өнiм оны тапсырыс берушiге жөнелту сәтiнде 801 "Сатылған дайын өнiмнiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құны" шотының дебетiне есептен шығарылады. 
      Жалпы басшылық жасау, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк тағайындау бойынша, сондай-ақ мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде төленген тиiстi салықтар бойынша 821 "Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар" шотының дебетi және тиiстi 20 "Материалдар" бөлiмшесiнiң шоттарының, 63 "Бюджетпен есеп айырысулар", 681 "Еңбекке ақы төлеу жөнiндегi қызметкермен есеп айырысулар" 671 "Берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар", 687 "Өзге де" және с.с. шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. 
       Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.02.28. N 104  бұйрығымен .  
      9. Мемлекеттiк тапсырысты орындау үшiн шыққан шығындардың мөлшерiнде 687/Х шотында ескерiлген осы мақсаттарға бюджеттен түсiмдердiң сомасы 701 "Дайын өнiмдi (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан алынатын кiрiстер" шотының кредитiне, ал қосылған құнға салынатын салық бөлiгiнде 633 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының кредитiне есептен шығарылады. 
      10. Мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде кәсiпорын шығыстардың сметасы негiзiнде айналымнан тыс активтердi сатып алған кезде 11 "Материалдық емес активтер", 12 "Негiзгi құрал-жабдықтар" бөлiмшелерiнiң тиiстi шоттарының дебетi және 671 "Берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар", 441 "Есеп шоты" және с.с. шоттарының кредитi бойынша бухгалтерлiк есепте жазба жүргiзiледi. Қосылған құнға салынатын салық сомасына 331 "Өтеуге ҚҚС" шотының дебетi және 671 "Берушілермен және мердiгерлермен есеп айырысулар", 441 "Есеп шот" шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзіледi және тағы сол сияқты. Сатып алынған активтердiң сомасына бiр уақытта 503/Х шоты кредиттеледi және 687/Х шоты дебеттеледi. Қосылған құнға салынатын салықтың сомасына (активтердiң бастапқы құнына енгiзiлетiн өндiрiп алынбайтын ҚҚС-ты, мысал үшiн, үй және жеңiл автомобильдер сатып алу кезiнде төленген ҚҚС-ты қоспағанда) 687/Х шотының дебетi және 633 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. <*> 
      Мемлекеттiк тапсырысты орындау кезiнде негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық активтер бойынша амортизацияны есептеу 503/Х шотының дебетi және 11 "Материалдық емес активтердiң амортизациясы", 13 "Негiзгi құрал-жабдықтардың тозуы" бөлiмшелерiнiң тиiстi шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. 
       Ескерту. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.02.28. N 104   бұйрығымен .
      11. Кәсiпорынға бекiтiлген мүлiктi меншiк иесi қайтарымсыз алған немесе қайта бөлген кезде негiзгi құрал-жабдықтарды баланстық құн бойынша есептен шығару жүргiзiледi. Бұл ретте алдын ала жинақталған тозудың сомасына 13 "Негiзгi құрал-жабдықтардың тозуы" бөлiмшесiнiң тиiстi шоттарының дебетi және 12 "Негiзгi құрал-жабдықтар" бөлiмшесiнiң кредитi бойынша жазба жүргiзiледi, содан кейiн баланстық (қалдық) құнға 503/Х шоты дебеттеледi және 12 "Негiзгi құрал-жабдықтар" бөлiмшесiнiң тиiстi шоттары кредиттеледi. 
      12. Кәсiпорын сметадан тыс алған кiрiстер тиiстi бюджетке аударуға жатады. 
      Сметадан тыс алынған сома оларды бюджетке аудару кезiнде 687/Х "Өзге де" шотының дебетi және 441 "Есеп шоты" шотының кредитi бойынша көрсетiледi. 
      12-1. Есепке алынуға жататын ҚҚС-тың сомасы 633 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының дебетi және 331 "Өтеуге қосылған құнға салынатын салық" шотының кредитi бойынша көрсетiледi 
       Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.02.28. N 104   бұйрығымен .  
      13. Есептi кезеңнiң соңында 801 "Сатылған дайын өнiмнiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құны", 821 "Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар" шоттарында көрсетiлген шығыстар 571 "Қорытынды кiрiс (шығын)" шотының дебетiне жатқызылады, 701 "Дайын өнiмдi (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан алынатын кiрiстер" шотында көрсетiлген кiрiстер 571 шотының кредитiне жатқызылады. 

  3. Есептілік 

       14. Кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiнiң көлемiне бухгалтерлiк баланспен, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеппен, ақша қозғалысы туралы есеппен және қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбамен бiрге "Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп", "Мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған кредиторлық берешек туралы есеп" (1, 2-қосымшаларға сәйкес) мамандандырылған нысандары енгiзiледi.<*> 
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің 
2001.02.28. N 104  бұйрығымен
      15. Кәсiпорын мыналарға: 
      құрылтайшы құжаттарға сәйкес меншiк иелерiне; 
      тiркелген орны бойынша мемлекеттiк статистика органдарына; 
      мемлекеттiк бақылау жасау және қадағалау органдарына олардың құзыретiне сәйкес жылдық қаржылық есеп бередi. 
      Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтiзбелiк күн есептi кезең болып табылады. 
      Кәсiпорын жылдық қаржылық есептiлiктi есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей тапсырады. 
      Уәкiлеттi органдардың талабы бойынша қаржылық есептiлiк жоғарыда көрсетiлген мерзiмнiң шегiнде өзге мерзiмде де тапсырылуы мүмкiн. 

  4. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген
қаражаттың пайдаланылуы туралы есептi толтыру тәртiбi<*> 

 
       Ескерту. 4-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 
               2001.02.28. N 104   бұйрығымен

      16. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептiң негiзгi мақсаты 15-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген түсiмдер мен шығыстар туралы ақпаратты пайдаланушыға беру болып табылады. 
      17. 1-бағанда "Көрсеткiш" бюджеттен бөлiнген ақша түсiмдерiнiң көрсеткiштерi, оларды шығыстардың түрлерi бойынша пайдалану, сондай-ақ бастапқы есептi кезеңдегi ақша сомасы және жұмсалмаған ақша сомасы қалдықтарының немесе оның соңғы есептi кезеңдегi жұмсалу көрсеткiштерi келтiрiлдi.
     18. 2-бағанда "жолдың N" жолдардың нөмiрлерi келтiрілген.
     19. 3-бағанда "Смета бойынша бекiтiлгенi" мемлекеттiк тапсырысты орындау жөнiндегi уәкiлеттi органның сметасы бойынша бекiтiлген бюджет қаражатының сомасы көрсетiледi.
     20. 4-бағанда "Iс жүзiндегi түсiмдер мен шығыстар" бюджеттен бөлiнген ақшаның iс жүзiндегi түсуi және жұмсалуы көрсетiледi.
     21. 5-бағанда "Ауытқуы" 3-баған мен 4-бағанның арасындағы айырмашылық ретiнде анықталатын смета бойынша бекiтiлген iс-жүзiндегi түсiмдер мен шығындар сомасының ауытқуы көрсетiледi.
     22. 001 жол бойынша бастапқы есептi кезеңдегi ақша сомасының қалдығы көрсетiледi.
     23. 010 жол бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен алынған ақшаның жалпы сомасы көрсетiледi.
     24. 020 жол бойынша 030 бастап 260-жолдардың сомасына тең мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген жұмсалған ақшаның жалпы сомасы көрсетiледi.
     25. 270 жол бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған сомасы немесе мынадай түрде анықталған оның артық жұмсалуы көрсетiледi: 001-жол + 010-жол - 020-жол.     

  5. Мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған 
кредиторлық берешек туралы есептi толтыру тәртiбi<*> 

       Ескерту. 5-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2001.02.28. N 104   бұйрығымен

      26. Есептiң негiзгi мақсаты 15-тармақта көрсетiлген пайдаланушыларға мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған кредиторлық берешек туралы ақпаратты беру болып табылады. 
      27. 1-бағанда "Кредитордың атауы" мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде туындаған алынған тауарлар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшiн есептемелер бойынша еңбекақы төлеу және төленген салық және басқа да мiндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туындаған заңды және жеке тұлғалар көрсетiледi. 
      28. 2-бағанда "Бастапқы есептi кезеңдегi қалдық" бастапқы есептi кезеңдегi кредиторлық берешектiң қалдығы көрсетiледi. Осы бағанда көрсетiлген кредиторлық берешектiң сомасы бухгалтерлiк есептiң деректерiн белгiленген тәртiппен түзеткен жағдайларды қоспағанда, есептi кезең iшiнде өзгермеуi тиiс. 
      29. 3-бағанда "Есептi кезеңдегi берешек" есептi кезеңде пайда болған кредиторлық берешек көрсетiледi. 
      30. 4-бағанда "Есептi кезеңде өтеу" есептi кезеңдегi кредиторлық берешектi өтеу сомасы көрсетiледi. 
      31. 5-бағанда "Берешектiң барлығы" 4-бағанды шегергенде 2 және 3-бағандардың сомасын көрсететiн соңғы есептi кезеңде пайда болған кредиторлық берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi. 

  1 Қосымша<*>         

       Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 
2001.02.28. N 104  бұйрығымен .      

            Мемлекеттік тапсырысты орындауға бюджеттен
           бөлінген қаражатты пайдалану туралы есебі      

     Кәсіпорынның атауы ______________________________________
     200 ____ жылғы _________________
     Кәсіпорын қызметінің түрі _______________________________
     Уәкілетті орган _________________________________________
     Мемлекеттік тапсырыстың атауы ___________________________
     Өлшем бірлігі ___________________________________________
____________________________________________________________________
                             !жылдың!         Сомасы
       Көрсеткіш             !  N   !___________________________
                             !      !Смета   ! Іс жүзін. !Ауытқуы 
                             !      ! бойынша!дегі түсім.!
                             !      !бекітіл.! дер мен   !
                             !      !гені    ! шығыстар  !
_____________________________!______!________!___________!__________
        1                       2       3          4         5
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 Бастапқы есепті кезеңдегі ақша 
 сомасының қалдығы                     001<*>
 Мемтапсырысты орындауға бюджеттен 

 бөлінген ақшаның түсуі                010<*>

 Мемлекеттік тапсырыс бойынша шығыс.   020
 тар, о.і.: ...... 
 Жүзеге асырылуына азаматтық-құқықтық
 мәмілелер жасалмайтын шығыстар

 Жалақы ..........................     030

 Қосымша ақшалай төлемдер ........     040

 Іссапар шығыстары ...............     050

 Салықтар және бюджетке төленетін      060
 басқа да міндетті төлемдер, айып
 шараларын ескере отырып ........      
 оның ішінде: ҚҚС                    070
                Акциздер               080
                Заңды тұлғалардан
                алынатын табыс салығы  090<*>
                Әлеуметтік салық       100   

 Сот шығыны ....................       110
 Айыптар, өсімақылар ...........       120
 Өзге де шығыстар ..............       130
 Жүзеге асырылатын азаматтық-құқықтық 
 мәмілелер жасалмайтын шығыстар
 Материалдар сатып алу ........        140
 Негізгі құрал-жабдықтар 
 сатып алу ....................        150
 Өзге де активтер сатып алу ...        160
 Коммуналдық қызмет көрсетулер ...     170 
 Электр энергиясы .............        180
 Жылу .........................        190
 Байланыс қызметтері ..........        200
 Көліктік қызмет көрсетулер ...        210
 Негізгі құрал-жабдықтар ағымдағы      220
 жөндеу .......................
 Негізгі құрал-жабдықтар күрделі
 жөндеу .......................        230
 Негізгі құрал-жабдықтар бойынша 
 жалгерлік ақы ................        240
 Несиелер бойынша сыйақыларды
 (мүдделерді) төлеу жөніндегі
 шығыстар .....................        250
 Өзге де шығыстар .............        260
 Пайдаланылмаған ақша сомасының 
 қалдығы немесе оның есепті кезең 
 аяғындағы артық жұмсалуы (001-жол 
 + 010-жол - 020-жол)                  270<*>
____________________________________________________________________

     Басшы ______________          _____________________
            (қолы)                 (қолының түсіндірмесі)

     Бас бухгалтер ___________     _____________________
                     (қолы)         (қолының түсіндірмесі)