Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 226 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілде N 1190 тіркелді

Қолданыстағы
      Бұйырамын:
      1. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің атқарушы құжаттарды орындау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі 151 V990748_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің атқарушы құжаттарды орындау тәртібі туралы нұсқаулыққа
      2 тармақ келесі мағынадағы редакцияда жазылсын:
      "Жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны алуға инкассалық өкім, соттардың шешімдері, үкімдері, анықтамалары және қаулыларымен берілген атқару парақтары мен бұйрықтары немесе ақшаны алу туралы соттың бұйрығы негізінде ұсынылады.";
      4 тармақтағы "бұдан кейін бюджет қаражаты бойынша не ақылы қызмет көрсетуден алынған қаражат бойынша барлық шығыс операциялары инкассалық өкімнің атқарылуы туралы мәселе шешілгенге дейін тоқтатылады." деген сөздер алынып тасталсын.
      5 тармақтағы "3 банктік күн ішінде" деген сөздер "егер нұсқаулардың

шарттарымен өзгеше мерзім белгіленбесе ризалық нұсқау күнінен кейінгі 
операциялық күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
     6 тармақтағы "Барлық мәселелерді Қазынашылық органынан Борышкер хабар 
алған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде бағдарламалардың әкімшісі 
шешуі тиіс." деген сөздер алынып тасталсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
     
     
Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.