РҚАО-ның ескертуі!
2013.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 Бұйрығымен.
Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30
бұйрығымен
бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі
нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін атқарушы
Заң қызметі департаментінің
директоры
Келісілген Бекітілген
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Бірінші қаржы вице-министрі Қаржы министрлігі
Б. Жәмішев Қазынашылық комитетінің
2000 жылғы "___"_________ 2000 жылғы 12 маусым
N 278 бұйрығымен
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 V980489_ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
32-тармақта:
Мемлекеттік мекемелерге арналған шығыстар сметасы орындалуының бухгалтерлік есебі шоттарының жоспарында:
VII "Есеп айырысулар" бөлімінде 19 "Зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі есеп айырысулар" шоты бойынша мынадай қосалқы шоттар енгізілсін:
"192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар";
193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар";
53-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Есепті ұйымдастыру және активтердің сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір объектіге (затқа) кітапханалық қорлардан басқа, он белгіден тұратын мүліктік нөмір беріледі. Бірінші үш белгі-қосалқы шотты, төртінші-топты және соңғы алтауы-топтағы заттың рет санын білдіреді. Топтарға бөлінбеген қосалқы шоттар бойынша төртінші белгі нөлмен көрсетіледі. Мәселен, былай: 0101000001 мүліктік нөмірі 010 "Ғимарат" қосалқы шоты, 1 топ - өндірістік сипаттағы ғимарат, объектінің рет нөмірі - 000001 дегенді білдіреді; 0163000005 мүліктік нөмірі 016 "Құрал-жабдықтар, өндірістік (жабдықтарды қоса алғанда) және шаруашылық құралдар" қосалқы шоты, 3-топ - шаруашылық мүлік, заттың мүліктік нөмірі 000005 дегенді білдіреді";
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"162. 171 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақыларды есептеу және заң актілерінде көзделген тәртіпте оларды төлеу ескеріледі.
Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақыларды есептеу кезінде "Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің шарттары, тәртібі туралы" уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 сәуірдегі N 411 қаулысына сәйкес 171 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады.
Мемлекеттік мекемелердің 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап 1999 жылғы 17 сәуірді қоса алғандағы кезең үшін есептелген жәрдемақылар бойынша шығыстарды өтеуді аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері республикалық бюджет қаражатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарына аудару арқылы жүргізеді. Есептелген сомаға түскен, бірақ жәрдемақылар төленбеген соманы өтеу үшін мемлекеттік мекеме тиісінше 090 "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге аудару және басқа шаралар үшін мемлекеттік мекемелердің жұмсауына арналған ашық лимиттер" қосалқы шоттың дебеті немесе 100 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарына, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге аударуға және басқа шараларға арналған лимиттер" қосалқы шоты бойынша және 171 қосалқы шотының дебеті бойынша жазба жүргізеді. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жәрдемақы төлеуді мекеме 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар", 120 "Касса" қосалқы шоттарының дебеті және 090, 100, 120 қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазу жазылып көрсетіледі.
1999 жылдың сәуірінен бастап 171 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті бойынша "Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына сәйкес 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитімен корреспонденциясында уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша, жүктілігі және босануы бойынша белгіленген жәрдемақылардың сомасы көрсетіледі. Жәрдемақыларды төлеу заңдарда белгіленген мөлшерде есептелген әлеуметтік салықтың есебінен жүргізіледі. Жәрдемақыларды төлеу сомасына 159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және 171 қосалқы шоттың кредиті бойынша жазу жазылады.
171 қосалқы шоты бойынша талдама есебі н.283 монографтық карточкаларда жүргізіледі.";
19-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"19 "Зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі есеп айырысулар" шоты";
190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"190. Бұл шотта жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша, зейнетақыларды төлеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және жерлеуге арналған жәрдемақылар бойынша, міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша және жеке тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша есеп айырысулар ескеріледі";
191-тармақ мынадай қосалқы шотпен толықтырылсын:
"192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар";
193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар";
мынадай мазмұндағы 191-2-тармақпен толықтырылсын:
"191-2. 192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттерінің (басқармаларының), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуірін қоса алғандағы кезең үшін есептелген, республикалық бюджет қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төлеуге арналған шығыстарын өтеуді қаржыландыру бойынша есеп айырысу көрсетіледі.
Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін 46 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктері бойынша борышты өтеу" бағдарламасы бойынша 311 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету үшін жеке тұлғаларға берілетін трансферттер ерекшелігі бойынша бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қаржыландыру көзделген. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне түскен жағдайда 090 "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге аудару және басқа шаралар үшін мемлекеттік мекемелердің жұмсауына арналған ашық лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 230 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады. Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша лимиттер бөлініп, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 140 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының дебеті және 090 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады.".
Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу сомасының шығыстарын есептен шығаруды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) ұсынған, қаражат төлеу туралы есептемесінің негізінде тоқсан сайын жүргізеді және 200 қосалқы шоттың дебеті және 140 қосалқы шоттың кредиті бойынша жазу жазып көрсетеді. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 230 қосалқы шоттың дебеті және 200 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
Облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттері (басқармалары), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері Қазынашылықтың аумақтық органдарында жоғарыда аталған шығыстарды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттің бюджеттік шоттарын ашады.
Жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеу шығыстарын өтеудің қаржыландыруға арналған сомасына облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттері (басқармалары), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері 096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 142 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады.
Облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттері (басқармалары), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері республикалық бюджеттің қаражатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 242 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу ережесіне сәйкес төлем тапсырмасымен мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарына немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп шотына ұсынылған соңғы есептемелері негізінде аударады және 192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және 096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады. Бір мезгілде 192 қосалқы шотының кредиті және 202 "Басқа да бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті бойынша жазу жазылады. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 142 қосалқы шоттың дебеті және 202 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
Жұмыс берушілердің шоттарына аударылған соманың талдама есебінен 283 монографтық карточкаларда әрбір жұмыс беруші бойынша жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 191-3-тармақпен толықтырылсын:
"191-3. 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында жеке тұлғалармен жасалатын есеп айырысулар:
қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына төленетін біржолғы төлемдер бойынша,
тұрғын үйді ұстау және коммунальдық қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақы бойынша көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген 332 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" ерекшелігі бойынша көзделген бюджеттік шығыстардың экономикалық сыныптамасын мемлекеттік мекемелер заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тұрғын үйді ұстау және коммунальдық қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақы.
Заңдарда белгіленген мөлшерде тұрғын үйді ұстау және коммунальдық қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақыны алуға құқығы бар лауазымдық тұлғалардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік мекемелер өтемақы сомасын есептеуді жүргізеді. Есеп айырысу-төлем тізімі бойынша есептелген өтемақының сомасына 200 "Мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа да шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады. Төленген өтемақының сомасы 193, 178, 120 қосалқы шоттарының дебеті бойынша 090, 178, 120 қосалқы шотының кредитінің корреспонденциясында көрсетіледі.
Тұрғын үйді ұстау және коммунальдық қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін әскери қызметшілерге ақшалай өтемақыны есептеудің және төлеудің талдама есебі әрбір өтемақы алушы бойынша н. 292-а немесе н. 292 кітабында жүргізіледі.
Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер.
Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер бойынша шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қаңтардағы N 80 қаулысымен бекітілген Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді жүзеге асырудың тәртібіне сәйкес іске асырылады.
Қаржыландыруға түскен жағдайда 090 "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге аудару және басқа шаралар үшін мемлекеттік мекемелердің жұмсауына арналған ашық лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 230 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазу жазады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша қаза болған, қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді қаржыландыруға арналған қаражатқа, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыру бойынша банктік қызметтер үшін шығыстарды өтеуге арналған қаражатқа деген олар ұсынған қажеттілік негізінде (қажеттілік азаматтардың өтініштері және азаматтардың құжаттары бойынша жасалған тізім негізінде айқындалады) лимиттерді таратады және 140 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебеті және 090 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады.
Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер сомаларының шығыстарын есептен шығаруды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) ұсынған қаражат төлеу туралы есептеме негізінде тоқсан сайын жүргізеді және 200 қосалқы шотының дебеті және 140 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазып көрсетеді. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 230 қосалқы шоттың дебеті және 200 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) Қазынашылықтың аумақтық органдарында қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер бойынша шығыстарды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік шот ашады.
Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша қаза болған, қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді қаржыландыруға арналған қаражаттың, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыру бойынша банктік қызметтер үшін шығыстарды өтеуге арналған қаражаттың сомасына 096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 142 "Басқа бюджеттердің есебінен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады.
Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) республикалық бюджет қаражатын қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілер ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының дербес шоттарына (олар таңдаған банктегі дербес шоттың реквизиттері көрсетілген, азаматтардың өтініштері негізінде) аударады және төлемді ұйымдастыру бойынша банктік қызмет көрсетулеріне төлем төлеуді жүзеге асырады. Аударым сомасы 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті бойынша және 096 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Бір мезгілде азаматтардың дербес шоттарына қаражатты аудару жөніндегі төлем тапсырмасы негізінде 193 қосалқы шотының кредиті бойынша және 202 "Басқа да бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті бойынша жазу жазылады. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды
айналымын есептен шығару 142 қосалқы шоттың дебеті және 202 қосалқы шоттың
кредиті бойынша жүргізіледі.
Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына,
асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдердің талдама есебі н.
292-а карточкасында немесе н. 292 кітабында аудандық (қалалық) еңбек,
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері бойынша
жүргізіледі".
Оқығандар:
Бағарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.