1. "Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерімен оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 12 қазандағы N 36, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1999 жылғы 14 қазандағы N 170 және Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрінің 1999 жылғы 8 қазандағы N 705А-І V990944_ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) бұйрықтың аты мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе желілерінде оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібін бекіту туралы";
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық және
ішкі әуе желілерінде оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) бекітілсін". 2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі осы Тәртіптің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Оқығандар: Омарбекова А.Т. Құлшықова Г.А.