Ішкі істер органдарының шетелге шығатын рұқсат жазбаны ресімдеуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 14 маусым N 335 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1177. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 10 қыркүйектегі N 655 бұйрығымен. ~V011682

Күшін жойған
      Ішкі істер органдарындағы көші-қон қызметінің жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында
                         Бұйырамын:

      1. Ішкі істер органдарының шетелге шығатын рұқсат жазбаны ресімдеуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін және іске асырылсын (қоса беріліп отыр).
      2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-ның, облыстардағы ІІББ-ІББ-ның, көліктегі ІІБ-ның бастықтары:
      1) шетелге шығуды ресімдеу жұмысына қатысы бар жеке құрамның

Нұсқаулықты оқып үйренуін ұйымдастырсын және оның орындалуын бақылауды 
қамтамасыз етсін;
     2) көші-қон полициясының бөлімшелерін қажетті сауалнама-арыз, есепке 
алу карточкаларының бланкілерімен және белгіленген үлгідегі мөртаңбамен 
қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі-
     Ішкі әскерлер қолбасшысы
     генерал-лейтенант
     
                             Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 
                             2000 жылғы 14 маусым N 335
                             бекiтiлген
     
         Iшкi iстер органдарының шетелге шығатын
          рұқсат жазбаны ресiмдеуi жөнiндегi
                   Нұсқаулық
     
                1. Жалпы ережелер
     


      Осы Нұсқаулық K951000_ Қазақстан Республикасының Конституциясына, Z914800_ "Қазақстан Республикасындағы Азаматтық туралы", Z970204_ "Халықтың көшi-қоны туралы", Z990349_ "Мемлекеттiк құпия туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және оларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
      Шетелге шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу мемлекеттiң, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн қорғау мақсатында және мемлекеттiк құпиядан хабары бар, қылмыс жасағаны үшiн құқық қорғау органдарының iздеуiнде жүрген, тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрген, сондай-ақ мемлекеттiң және азаматтардың алдында талаптық қарыздары және басқа да мiндеттерi бар адамдардың бақылаусыз шығуын болдырмау үшiн жүзеге асырылып отыр.
      1. Нұсқаулық:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелге шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу;
      2) өтiнiшi бойынша қабылданған қайшы шешiмдердi, сондай-ақ шетелге шығу тәртiбiне қатысты басқа да мәселелердi қайта қарау туралы азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарау;
      3) шетелге шығу мәселелерi бойынша iс жүргiзу мәселелерiн қарайды.
      2. Шетелге шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу туралы арызды 18 жасқа толған адамдар бере алады. 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге заңды өкiлдерiнiң (ата-анасы, қамқоршысы, қорғаншысы) нотариус растаған келiсiмiн көрсету арқылы шыға алады. Сонымен бiрге, 16 жастан 18 жасқа дейiнгi балалар құжаттарын өз беттерiнше тапсыра алады, ал 16 жасқа дейiнгi балалар үшiн құжаттарын заңды өкiлдерi немесе оларды iлестiрiп жүрген адамдар тапсырады.
      Iлестiрiп жүрген адам (заңды өкiл) өзiмен бiрге шығатын кәмелетке толмаған жасөспiрiмнiң мәлiметтерiн өзiнiң сауалнама-арызына енгiзедi. Мұндай жағдайда, кәмелетке толмаған жасөспiрiмге туу туралы куәлiгiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресiмделедi.
      18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) - Қазақстандық азаматпен, шетелге тұрақты тұруға кететiн жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариус растаған келiсiмi талап етiледi. Екiншi бiр ата-анасының келiсiмi жоқ болған жағдайда кәмелетке толмаған жасөспiрiмнiң кетуiне соттық тәртiппен рұқсат берiлуi мүмкiн. Уақытша шығу үшiн мұндай келiсiм талап етiлмейдi.
      3. Сот қолынан iс келмейдi деп таныған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан өздерiнiң заңды өкiлдерiнiң нотариус растаған өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмiнiң негiзiнде ғана шыға алады.
      4. Шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу туралы арыз арызданушының тұрақты тұратын жерiндегi аудандық (қалалық) iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы бөлiмшелерiне немесе Астана қаласының IIБ-на, Алматы қаласының IIББ-на, облыстардағы IIББ-IIБ-на Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне берiледi.
      Арыз шығатындардың Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты мен жеке куәлiгiн көрсеткен кезде қабылданады.
      5. Егер арызданушыда Қазақстан Республикасы азаматының паспорты жоқ болған жағдайда оған бiр мезгiлде паспорт алу жөнiнде арызды ресiмдеу ұсынылады.
      6. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi сауалнама-арыз қабылдаған кезде оның толтырылуының дұрыстығын тексередi және қабылданған күнiн қояды.
      7. Шетелге шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу туралы өтiнiш осы Нұсқаулықта көзделген барлық қажеттi құжаттарды ұсынғаннан кейiн ғана қарауға қабылданады. Қарауға қабылданған құжаттар кейiннен қайтарылмайды. Азаматтардан осы Нұсқаулықта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.
      8. Шетелге шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу туралы арыз бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады. Егер, жол жүру шетелге шығатынның тез арада дәрiгерлiк емделуiне, немесе шетелде тұратын туысқандарының ауыр науқас болуына немесе өлiмiне қатысты болған жағдайда - бiр тәулiк iшiнде қаралады.
      9. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жүрген немесе тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша шетелге шығуға рұқсат жазбаны iшкi iстер органдары және қауiпсiздiк комитетi органдарымен келiсiлгеннен кейiн сол елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi ресiмдеуi мүмкiн.
      10. Егер шетелге уақытша жұмыстармен шығатын адамның шетелде қалатын ойы болса, онда құжаттарды ресiмдеу тұрақты тұруға ресiмделген сияқты жүргiзiледi.
      11. Осы қаралған арыздардың нәтижелерi, егер қабыл алынбаған жағдайда оның себептерi, арызданушыларға жазбаша түрде жеткiзiледi.
      12. Қызмет iсi бойынша немесе оқуға бару үшiн шетелге шығатын рұқсат жазба оларды жiберушi ұйымдардың өтiнiшi бойынша ресiмделедi.
      13. Шетелге турист ретiнде шығатын азаматтар туристiк фирмаларға немесе тiкелей көшi-қон полициясының бөлiмшелерiне өтiнiш жасай алады.
      14. Шетелге шығатын рұқсат жазба Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген мемлекеттiк баж салығын төлегеннен кейiн берiледi.
      15. Iшкi iстер органдарына құжаттарды делдал фирмалар арқылы қабылдауға тыйым салынады.

        2. Қазақстан Республикасынан шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу.

      16. Белгiленген үлгiдегi мастикалық мөртабан түрiндегi (1 қосымша), шетелге шығу мақсаты (тұрақты тұруға немесе уақытша шығуға) және қай уақытқа дейiн шығуға болатын күнiн растайтын рұқсат жазбаны iшкi iстер органдары тек қана Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қояды. Ол рұқсатнамалық мөртаңбамен және Көшi-қон полициясы басқармасының бастығының немесе оның орынбасарының қолымен куәландырылады.
      Тұрақты тұру үшiн рұқсат жазба 6 айға дейiнгi мерзiмге, ал шетелге уақытша шығу үшiн - бiр жыл мерзiмге қойылады, бiрақ ол паспорттың жарамды мерзiмiнен аспауы керек.
      Жазбалар рұқсатнама үшiн көзделген парақтарға қойылады.
      17. Ата-аналарымен шетелге бiрге баратын 16 жасқа дейiнгi балалардың мәлiметтерi ата-аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) паспортына жазылады. Сонымен бiрге паспортқа балалардың фотосуреттерi жапсырылады.
      Ата-аналарсыз, iлестiрiп жүретiн адамдармен сапарға шығатын балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты берiледi.
      Ата-аналарымен бiрге баратын балалардың фотосуретiн жапсыру және мәлiметтерiн жазу паспорттың екiншi бетiне, егер ол пайдаланылған болса - басқа бос бетiне жасалады. Балалардың фотосуреттерi мен олар туралы жазбалар рұқсатнамалық мөртаңбамен және қол қоюмен куәландырылады.
      18. Шетелге тұрақты тұру үшiн ата-аналарымен (қорғаншысымен, қамқоршысымен) бiрге баратын 16 жасқа дейiнгi балаларды iлестiрiп жүретiн адамдардың паспортына бiрге баратын балалар туралы жазба жазылады, мысалы: "Паспорт бойынша - бiрге бiр бала барады..... беттi қараңыз", ол сәйкесiнше лауазымды адамның қолымен және рұқсатнамалық мөртаңбамен куәландырылады.

        3. Арыз берушiлердi тексеру және арыздар бойынша шетелге шығатын
               рұқсат жазбаны ресiмдеу туралы шешiм қабылдау.

      19. Арыз берушiлердi тексеру Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк құпиялар туралы", "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      20. Ұлттық қауiпсiздiк органдары шетелге уақытша шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу туралы арыздың түскенi туралы сауалнама-арыз жiберу арқылы хабардар етiледi.
      21. Арыз берушiлердi тексерудi өздерiндегi есепке алу бойынша қалалық, аудандық iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
      22. Тексеру аяқталғаннан кейiн қабылданған арыздар оның нәтижесi туралы бiр мезгiлде хабарлана отырып Iшкi iстер басқармасына жiберiледi. Iшкi iстер басқармалары арызданушыларды Астана қаласы IIБ-ның, Алматы қаласы IIББ-ның, облыстардағы IIББ-IIБ-ның Көшi-қон полициясы басқармаларының (бөлiмдерiнiң) және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (бұдан әрi - ҚСжАО) аймақтық бөлiмшелерiндегi есепке алу бойынша тексередi.
      23. ҚСжАО-ның есепке алуы бойынша тексеру сауалнама-арыз немесе талаптар жiберу арқылы жүзеге асырылады.
      24. Азаматтарды тексеру 14 жастан бастап жүзеге асырылады.
      25. Шетелге тұрақты тұру үшiн шығу туралы материалдар ұлттық қауiпсiздiк органдарымен сауалнама-арыз жiберу арқылы келiсуге жатады.
      Келiсу материалдары, шетелге шығу мүмкiндiгi туралы ұлттық қауiпсiздiк органдарының шешiмiмен қоса, iшкi iстер органдарына қайтарылады.
      26. Iшкi iстер органдары арыздың қаралу нәтижесi бойынша шешiм қабылдайды, ол арызданушының шетелге шығатын рұқсат жазбасын ресiмдеуге немесе өтiнiштен бас тартуға негiз болады. Көрсетiлген шешiмдер сауалнама-арыздарда тиiсiнше мастикалық мөртабанмен ресiмделедi (2 қосымша).
      27. Азаматтардың шетелге тұрақты тұру үшiн шығуы туралы материалдар бойынша шешiмдi Көшi-қон полициясы басқармаларының (бөлiмдерiнiң) бастықтары немесе олардың орынбасарлары қабылдайды. Егер ұлттық қауiпсiздiк органдарының шығу материалдарын келiсу бойынша жауабы белгiленген мерзiмде түспеген және орган оны ұзарту туралы өтiнiш жасамаған жағдайда, шешiм ұлттық қауiпсiздiк органының жауабынсыз-ақ қабылданады, ол туралы мөртабанның төменгi жағына келiсiмге жiберiлген материалдардың шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiлiп, тиiстi жазба жазылады.
      28. Қазақстан Республикасынан шығу туралы өтiнiш бойынша қарама-қайшы шешiм заңнамаларда белгiленген тәртiп бойынша шетелден жаңа шақыру талап етпестен қайта қаралады.

            4. Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беру өтiнiшiн
                    уақытша қабыл алмау негiздерi

      29. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығу туралы өтiнiшi мына жағдайда, егерде ол:
      1) мемлекеттiк және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәлiметтерден хабардар болса - осы жағдай әрекетiнiң толық тоқтағанына дейiн;
      2) қылмыс жасағандығы туралы күдiк бойынша ұсталса немесе айыпталушы ретiнде жауапқа тартылса - iс бойынша сот үкiмi шығарылғанға немесе сот үкiмiнiң заңды күшiне енуiне дейiн;
      3) қылмыс жасағаны үшiн сотталса - жазасын өтеп болғанға дейiн немесе жазадан босатылғанша;
      4) өзiне сот жүктеген мiндеттердi орындаудан бас тартса - мiндеттердiң орындалуына дейiн немесе тараптардың келiсiмге қол жеткiзуiне дейiн;
      5) мерзiмдi әскери қызметiн өтеп жүрсе - осы қызметтi өтеп болғанға дейiн немесе одан Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес босатылғанға дейiн;
      6) Қазақстан Республикасынан шығу үшiн құжаттарды ресiмдеу кезiнде өзi туралы бiле тұра жалған мәлiметтер берсе - мәселелердi осындай құжатты ресiмдейтiн органның шешкенiне дейiн, бiрақ бiр айдан көп емес;
      7) азаматтық сот өндiрiсiнде жауапкер болса - iс бойынша шешiм қабылданғанға дейiн немесе сот шешiмiнiң заңды күшiне енуiне дейiн.
      30. Жоғарыда аталған негiздер бойынша шетелге шығу туралы рұқсат жазбаны ресiмдеуден бас тарту, сондай-ақ жоғары жақтың жауабы осы Нұсқаулықта белгiленген мерзiмнен кешiктiрiлсе немесе паспортты алып қойса азаматтардың заң бойынша белгiленген тәртiппен жоғары тұрған органдарға немесе тұрғылықты жерiндегi сотқа шағым берулерiне болады.

      5. Шетелде тұрғылықты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан шығатын
                рұқсат жазбаны ресiмдеу үшiн қажеттi құжаттар.

      31. Шетелде тұрғылықты тұру мақсатымен шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу үшiн iшкi iстер органдарына мыналарды ұсыну қажет:
      1) өкiлеттi органдар куәландырған және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi ресмилендiрген шетелде тұрақты тұратын туыстарының, таныстарының немесе шет мемлекет ұйымдарының шақыруы (түпнұсқасы және көшiрмесi). Қажет болған жағдайда шақырудың мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi аудармасы қоса берiлуi керек. Жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуына рұқсат ету туралы өтiнiш берген шет мемлекеттердiң елшiлiгi мен консулдығының өтiнiшi (хаты), сондай-ақ нотариус растаған күйеуiнiң (әйелiнiң) немесе арызданушы - шетел азаматының немесе шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының ата-анасының бiрiнiң арызы бiрге шығуға болатын шақыру есебiнде қабылданады;
      2) екi данада сауалнама-арыз (3 қосымша). Сауалнамада көрсетiлген мәлiметтер жеке куәлiгi, паспорт және еңбек кiтапшасымен салыстырылады. Сауалнама-арыз жазу машинкесiнде немесе қолмен ұқыпты әрi түсiнiктi етiп толтырылады. Өзiнiң атын, әкесiнiң атын, тегiн өзгерткен адамдар сауалнама-арызда (жақшаның iшiнде) өзiнiң бұрынғы атын, әкесiнiң атын, тегiн көрсетуге мiндеттi. Сауалнама-арызды жұмыс немесе оқу орны бойынша кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң басшылары, ал жұмыс iстемейтiндердiкiн - көшi-қон полициясы органдары куәландырады.
      Сауалнаманың оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы арнайы бөлiнген орында фотосурет жапсырылады. Әскерге шақырылу жасындағы азаматтар (18 жас пен 27 жас аралығында) мемлекет алдында әскери борышын өтемеген болса, сондай-ақ белгiленген тәртiп бойынша оны орындау немесе бұл мiндеттен босату мәселесiн шешу қажет, ол туралы әскери комиссариаттан тиiстi анықтама берiледi.
      3) шетелге шығатындардан заң бойынша алимент алуға құқы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың (ата-аналары мен бұрынғы ерлi-зайыптылар, егерде бiр некеден туған кәмелетке толмаған жасөспiрiм балалары бар болса) алименттiк төлемдердi өндiру жөнiндегi талаптарының жоқтығы жөнiнде нотариус растаған арызы (4 қосымша). Егерде арызданушы қандай да бiр себептермен мұндай арызды ала алмаған жағдайда оған алименттiк мiндеттердiң барлығы немесе жоқтығы жөнiндегi мәселенi қарайтын сотқа жүгiну керектiгi түсiндiрiледi. Осы мәселе қаралғаннан кейiн арызданушы соттың тиiстi шешiмiн ұсынады. Ата-анасы қайтыс болған жағдайда олардың өлiмi туралы куәлiктiң нотариус растаған көшiрмесi ұсынылады;
      4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот қаулыларын орындау жөнiндегi Комитетiнiң тиiстi аумақтық органдарының белгiленген тәртiппен бекiткен шетелге шығатын адамға қатысты реттелмеген алименттiң және басқа да заң жүзiнде бекiтiлген мiндеттердiң барлығы немесе жоқтығы туралы анықтама;
      5) 14 жастан 18 жасқа дейiнгi балалардың ата-аналарымен немесе олардың бiрiмен шетелге шығуға келiскендiгi туралы нотариус растаған келiсiмi;
      6) бiр фотосурет, онымен қоса арызданушымен бiрге шығатын балалардiкi де.
      32. Барлық қажеттi құжаттарды қабылдағаннан кейiн белгiленген тәртiп бойынша арызданушыны тексеру, олардың шығуын ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсу, шешiм қабылдау жүзеге асырылады.
      33. Арызданушыларға шығу туралы арыз олардың шығуға рұқсат алмайынша, мүлiктерiн сатуға және жұмыстан шығуға негiз болмайтындығы ескертiледi.
      34. Шетелге тұрақты тұруға кететiн адамдардың паспортына iшкi iстер органдары " ----- тұрақты тұруға барады" деген жазба жазады немесе мөртаңба басылады. Жазба мөртаңбамен және Көшi-қон полициясы басқармасы (бөлiм) бастығының немесе оның орынбасарының қолымен бекiтiледi. ТМД елдерiне шығар кезде жазба паспорт мөртаңбасымен бекiтiледi және ол алыс шетелге шығу құқын бермейдi. ТМД елдерiне тұрақты тұру үшiн шығатындарға iс-қағаздар ресiмделмейдi, тек есеп карточкалары толтырылады.
      Дегенмен, шетелге шығатындар ҚСжАО-ның есебi бойынша мiндеттi түрде тексерiледi.
      35. Шетелге тұрақты тұру үшiн шығатындар рұқсат жазба ресiмдеген паспортты алар кезде көшi-қон полициясы Басқармасына (бөлiмiне) жеке бас куәлiгiн, тұрғылықты жерiнен есептен шыққандығы туралы белгiсi бар кету парағын, жұмыс орнынан материалдық және өзге де талаптардың жоқтығы жөнiнде анықтама, ал әскери мiндеттiлерге - әскери билетiн тапсырғандығы жөнiнде анықтама тапсыруы керек.
      36. Қазақстан Республикасынан шетелге тұрақты тұруға шығатын азаматтарға шетелдегi тұратын жерiне келгеннен кейiн олардың келген елдегi Қазақстан Республикасының жақын жердегi дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне мiндеттi түрде консулдық есепке тұру керектiгi түсiндiрiледi.

           6. Шетелге қонаққа, емделуге немесе жұмысқа бару үшiн
       Қазақстан Республикасынан шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу үшiн
                       қажеттi құжаттар.

      37. Шетелге уақытша жеке шаруамен, емделуге немесе жұмысқа бару мақсатында Қазақстан Республикасынан шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеу үшiн iшкi iстер органдарына мынадай құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелге шығу үшiн ондағы туыстарының, таныстарының немесе шет мемлекет ұйымдарының шақыруы (түпнұсқасы және көшiрмесi) немесе осы адамның шетелге қонаққа, емделуге немесе жұмыс iстеуге бара жатқандығын растайтын өзге де құжаттар;
      Шақыру қағазының түпнұсқасы арызданушыға қайтарылады. Шақыру қағазы берiлген күнiнен бастап 12 айға дейiн жарамды;
      2) сауалнама-арыз (екi дана);
      3) бiр фотосурет, оның iшiнде бiрге шығатын балаларға да тапсырылады.

       7. Қызмет бабымен және оқуға бару ушiн Қазақстан Республикасынан
             шығатын рұқсат жазбаны ресiмдеуге қажеттi құжаттар.

      38. Азаматтардың қызмет бабымен және оқуға шетелге шығуы үшiн рұқсат жазбаны ресiмдеу тұрғылықты жерi бойынша Астана қаласы IIБ-ның, Алматы қаласы IIББ-ның, облыстардағы IIББ-IIБ-ның және Қазақстан Республикасының Iшкіісминiнде, ал Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын азаматтарға - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде жүргiзiледi.
      39. Шетелге қызмет бабымен делегациялар мен мамандардың шығуы туралы қызметшiлердiң барлық санатына қатысты шешiмдi мемлекеттiк мекемелердiң, бiрлестiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың басшылары өз бетiнше қабылдайды. Сонымен қатар, мемлекеттiк құпияларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында iссапарға жiберетiн ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қалалық немесе облыстық бөлiмшелерiмен мемлекеттiк құпияларға рұқсаты бар қызметкерлердiң шығуын сәйкесiнше келiседi.
      40. Іссапарға жiберетiн ұйым шетелге шығуға рұқсат жазбаны ресiмдеу үшiн iшкi iстер басқармасының Көшi-қон полициясы басқармасына (бөлiмiне) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қойып, мөрмен бекiтiлген ұлттық қауiпсiздiк органымен келiсiлген белгiленген үлгiдегi қолдаухат (5 қосымша). Республикалық дәрежедегi министрлiктер мен ведомстволардың басшыларынан шетелге шығу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қосымша келiсiмi талап етiледi;
      2) қабылдап алушы тараптың шақыру қағазы (түпнұсқасы мен көшiрмесi)

қажет болған жағдайда нотариус растаған аудармасымен қоса. Шақыру
қағазының түпнұсқасы iссапарға жiберушi ұйымға қайтарылады;
     3) сауалнама-арыз (екi дана);
     4) бiр фотосурет.
     Шетелдiк оқу орындарына оқуға шығу кезiнде ұлттық қауiпсiздiк
органдарымен келiсiлген бiлiм беру органдарының қолдаухаты талап етiледi.
     
        8. Турист ретiнде Қазақстан Республикасынан шығуға
           рұқсат жазбаны ресiмдеу үшiн қажеттi құжаттар
     
     41. Турист ретiнде шығу кезiнде туристiк ұйымдар Астана қаласы IIБ-на,
Алматы қаласы IIББ-на, облыстардағы IIББ-IIБ-на мыналарды ұсынады:
     1) белгiленген үлгiдегi тапсырыс (5 қосымша);
     2) сауалнама-арыз екi данада;
     3) бiр фотосурет, оның iшiнде бiрге шығатын балаларға да. 
     42. Қазақстандық емес туристiк ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын
шетелге бару кезiнде тапсырыс орнына жолдаманың, туристiк ваучердiң немесе
карнеттiң көшiрмесi (түпнұсқа азаматтарға қайтарылады) немесе туристiк жеке
сапарға шығу туралы арыз (6 қосымша) ұсынылуы мүмкiн.

         9. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде
                   тұрақты тұруға қалдыру.
     


      43. Жеке шаруамен уақытша шығып, шетелде тұрғылықты тұруды ресiмдеуге тiлек бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде тұрғылықты тұруға қалдыру туралы шешiмдi уақытша баруға рұқсат берген iшкi iстер басқармаларының пiкiрiн есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi қабылдайды. Мұндай жағдайларда дипломатиялық өкiлдiктер немесе консулдық мекемелер Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сол елде тұрғылықты тұруға азаматтарды қалдыру мүмкiндiгi туралы қорытындыны iшкi iстер басқармаларына жiбередi. Осы қорытындылар бойынша Көшi-қон полициясы басқармалары (бөлiмдерi) шетелге шығатын адамдармен олардың бiрге тұрған жақын туыстары және олар жұмыс iстеген кәсiпорындар мен ұйымдардың әкiмшiлiгiнен олардың азаматтарды шетелде тұрғылықты тұруға қалдыру туралы пiкiрi жөнiндегi олардың жазбаша өтiнiшiн алады, сонымен қатар мәселенi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi.
      44. Азаматтардың шетелде тұрақты тұруға қалдырылуы жөнiндегi мәселеге қатысты барлық материалдар олардың сыртқа шығу материалдарына қосылады.
      Дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы арыз иелерiнiң өтiнiшiн қанағаттандыратыны туралы iшкi iстер басқармасының дәйектi пiкiрi хабарланады.
      45. Шетелде тұрақты тұруға қалдырылуы туралы материалдарды Iшкi iстер органдарында талқылау мерзiмi шетелге шығу үшiн белгiленген ресiмдеу мерзiмiнен аспауы керек.

                   10. Паспорттың жоғалуы

      46. Паспорт жоғалған жағдайда тез арада оның иелерi ол жөнiнде жоғалған жердегi iшкi iстер органдарына, ал шетелде болған кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiне хабарлауы тиiс (егер Қазақстан Республикасының халықаралық уағдаластықтарында басқадай қарастырылмаған болса). Мұндай өтiнiш келiп түскен жағдайда қалалық, аудандық iшкi iстер органдары паспорт берiлген жердегi Көшi-қон полициясы басқармасына (бөлiмiне) паспорт жоғалуы туралы телеграф арқылы хабарлайды, ал ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекаралық қызметiне хабарлайды. Бiр мезгiлде қалалық, аудандық iшкi iстер органдары өтiнiш иесiнiң жеке басын анықтайды және құжаттың жоғалу жағдайы тексерiледi.
      47. Жаңа паспорттың берiлуi тек аталған iс-қимылдар жүзеге асқаннан кейiн ғана мүмкiн болады.
      48. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi жеке басы мен азаматтығын анықтайтын басқа да құжаттары болмаса Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi арқылы iшкi iстер басқармаларына (Iшкіісминге) сұрау келiп түскеннен кейiн және өтiнiш иесiнiң жеке басы анықталған соң ғана оның керi қайтуына куәлiк, ал шетелде тұрақты тұрушыларға паспорт берiледi.

          11. Шетелге шығуды ресiмдеу мәселелерi бойынша
                  iс-қағаздарын жүргiзу.

      49. Шетелге шығу мәселелерi жөнiндегi iс-қағаздар, қызметтiк жазбалар, сауалнама-арыз толтыру және басқа да құжаттар мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
      50. Шетелге тұрақты тұруға немесе жеке шаруасы бойынша уақытша шығуды қарау үшiн қажеттi құжаттарын берген Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу iсi рәсiмделедi.
      51. Азаматтардың шетелге шығу туралы өтiнiштерi бойынша iстерi сыртқа шығу iстер тiркеу кiтабына жазылады. Оның iшiнде өтiнiш иесiнiң арызына қатысы бар барлық құжаттары мен материалдары болуы тиiс. Қайта жасалған өтiнiш бойынша, сондай-ақ бiр отбасы мүшелерiнiң материалдары сыртқа шығу iстерiне тiркеледi.
      52. Iшкi iстер органдары талқылауға алған құжаттар азаматтарға қайтарылмайды.
      53. Қазақстан Республикасы азаматтарын шетелге шығу үшiн ресiмдеуге қатысты материалдар iшкi iстер басқармасының Көшi-қон полициясы басқармасында (бөлiмiнде) мынадай мерзiмдерге сақтауға жатады:
      1) шетелге жеке шаруамен уақытша шығу туралы қолдаухат бойынша iстер - қолдаухат бойынша шешiм қабылдаған күнiнен бастап - 10 жыл;
      2) шетелге турист ретiнде және қызмет бабымен шығу бойынша материалдар - шешiм қабылдаған уақыттан бастап - 1 жыл;
      3) шетелге тұрақты тұруға шығу туралы қолдаухат бойынша iстер - оң шешiм қабылданған күннен бастап - 10 жыл немесе соңғы өтiнiш бойынша терiс шешiм қабылдаған күннен бастап - 5 жыл.
      Жалпы iстер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленген мерзiмдер өткенге дейiн сақталады.
      54. Қазақстан Республикасының шетелге шығу туралы өтiнiш жазған

азаматтарына есеп карточкалары толтырылады (7 қосымша), олар Iшкіісмин,
iшкi iстер басқармаларының Көшi-қон полициясы басқармаларында соңғы
сыртқа шыққан сәтiнен бастап 5 жыл өткенге дейiн сақталады.
     55. Iшкi iстер органдарының қарсылығына байланысты бас тарту себептерi
осы Нұсқаулықтың 31-тармағындағы есеп карточкаларында тармақшасына
сәйкес келетiн цифрмен белгiленедi.
     56. Сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн материалдар мен құжаттар
белгiленген тәртiпте акт бойынша жойылады.
     
     Көші-қон полициясы департаменті
     
                                            Нұсқаулыққа
                                            1 қосымша
     
     Шетелге шығуға рұқсат жазба мөртабанның үлгісі
     
     MULTIPLE EXIT IS PERMITTED
     РАЗРЕШЕН МНОГОКРАТНЫЙ ВЫЕЗД
     ДО "___"____________Г/Ж ДЕЙІН                мөртабан көлемі
     БІРНЕШЕ МӘРТЕ ШЫҒУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ          70 мм Х 20 мм
     ҚОЛЫ/ПОДПИСЬ ______________________
     
     
                            Мөртаңба
     
                                                  Нұсқаулыққа
                                                  2-қосымша
     
                           Қорытынды
     
     Азамат __________________________________________________________
                   атағы, тегі, аты-жөні
     
     Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат беретін жазба ресімделсін
     
     ІІБ ҚКП инспекторы ______________________________________________
                              атағы, тегі, аты-жөні
     
     20___жылғы  "___"________                    Қолы
     
     ІІБ ҚКП бастығы _________________________________________________
                           атағы, тегі, аты-жөні
     
     20___ жылғы "____"___________                Қолы
     
                           мөртабан көлемі
                           100 мм Х 60 мм
     
                                                   Нұсқаулыққа
                                                   3-қосымша
     
     _______________________________________ ІІБ 
     _______________________________________
     арызданушының тегі, аты, әкесінің аты         фото
     _______________________________________
     егер басқа тегі, аты, әкесінің аты болса
     _______________________________________
     оларды көрсету керек, күні, айы, жылы және
     _______________________________________
     туған жері, тұрғылықты жері
     
     үй__________, қызмет __________ телефондары
     
                 Шетелге шығуды рәсімдеу туралы          
                      Сауалнама-Арыз

     Маған ________ шығу үшін рұқсат жазба ресімдеуіңізді сұраймын.
  ___________________________________________________________________
  Бару мақсаты! тұрғылықты! жеке   ! қызмет ! туризм ! емделуге
  (қажетсізі    тұруға     шаруамен  бабымен           және демалуға
  сызылсын)   
  ___________________________________________________________________
  ________________________________________________ шақыруы бойынша
  бұрын шетелге  ___________________________________________
  ___________________________________________________________бардым 
        (барған мемелекетіңіз бен жылыңызды көрсетіңіз)
  соңғы 5 жыл ішіндегі қызметі (оқу орындарындағы оқуы мен әскери қызметін
  қоса алғанда)
  ____________________________________________________________________
  оқуға түскен, әскерден ! кәсіпорын, мекеменің    ! ескертпе
  босаған жылы             атауы мен лауазымы      
  ____________________________________________________________________
  ______________________!_________________________!___________________
     
  Паспорт N _________________ 200 _____ жылғы  "___"_________ берілген.
  Жеке бас куәлігі N__________200 _____ жылғы  "___" ________ берілген.
  Сауалнамаға біле тұра жалған деректер бергені үшін жауап беретіні туралы 
ескертілді.
  200 ___ ж. ___________                  ___________________
                                          арызданушының қолы
     
  Сауалнамада көрсетілген мәліметтер жеке басының куәлігімен және еңбек 
кітапшасымен салыстырылды.
  200 ___ ж. ___________               ____________________________
                                       ұйымның лауазымды тұлғасының
                                               қолы, тегі                  
         
     Ұйым М/О   
     Сауалнама 200 __ ж. ____________  инспектор __________________
     қабылданып алынды.                         сауалнаманы қабылдап 
                                                алған адамның тегі, қолы
     
     
                                                  Нұсқаулыққа
                                                  3 қосымша
     
                 (сыртқы беті)
     
     Сонымен бірге менің 18 жасқа дейінгі балаларыма да рұқсат жазбаны 
ресімдеуіңізді сұраймын:
   ___________________________________________________________________
   Тегі, аты, әкесінің аты     !         туған күні, айы, жылы
   ____________________________!______________________________________
   ____________________________!______________________________________
   ____________________________!______________________________________
   ____________________________!______________________________________  
                        Толықтыру   
     (Шетелге тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан шығатын адамдар 
толтырады)
   ___________________________________________________________________
   Тегі, аты, !туыстық ! туған жылы, ! жұмыс орны,! Баратын елі, мекен-
  әкесінің аты!дәрежесі! туған жері  ! лауазымы   ! жайы, тұрғылықты жері
   ___________________________________________________________________
   ___________________________________________________________________
   ___________________________________________________________________
   ___________________________________________________________________
     
                                               Нұсқаулыққа 
                                               4 қосымша

     Шетелге тұрақты тұру үшін шығатын адамнан заң бойынша алимент алуға 
құқы бар адамның нотариус растаған өтінішінің үлгісі.
     Маған, __________________________________________________________
     менің  __________________________________________________________
                (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты)
     шетелге тұрақты тұруы үшін Қазақстан Республикасынан шығатындығы 
туралы белгілі. Осыған байланысты __________________________________
                                      (тегі, аты, әкесінің аты)
     алименттік төлемдерді өндіру бойынша талаптары жоқтығын мәлімдеймін.
     
                                              ______________________
     200 ___жылғы "____"________                     қолы         
     
     
                                                Нұсқаулыққа
                                                5-қосымша
     
     Ұйымның бланкісі                        ______________ ІІБ бастығына
     (мөртабаны)                             облысы
     
     шығ. N ______________
     200___жылғы  "___"_________
     __________________ шығу үшін рұқсат жазба ресімдеуіңізді өтінеміз.
          (ел)
     1. _____________________________________________________________
                     тегі, аты, әкесінің аты
     
     2. _____________________________________________________________
                     тегі, аты, әкесінің аты
     3. _____________________________________________________________
                     тегі, аты, әкесінің аты
     4. _____________________________________________________________
                     тегі, аты, әкесінің аты
     5. _____________________________________________________________
                     тегі, аты, әкесінің аты
     6. _____________________________________________________________
                     тегі, аты, әкесінің аты
     
     Бару мақсаты ___________________________________________________
     Шығу 200 ___ жылғы "__"_________ белгіленген.
     Шығу 200 ___ жылғы "__"_________ N ____________ келісілген.
     _____________________ теңге көлемінде мемлекеттік баж төленді.
     Түбіршек ________________
     
     Ұйымның М/О                         Ұйымның басшысы
     
     
                                             Нұсқаулыққа
                                             6-қосымша
     
                               ______________________ облыстық ІІБ
                               Көші-қон полициясы
                               басқармасының бастығына
                               _______________________
                               _______________________
                               _______________________
                               мекен-жайында тұратын
                               _______________________
                               (тегі, аты, әкесінің аты)
     
     Маған _____________ туристік сапарға шығу үшін рұқсат жазба
             (ел)
ресімдеуіңізді сұраймын.
     Шығу 20 ____ жылғы  "_____"___________ белгіленген.
     ____________________ теңге көлемінде мемлекеттік баж төленді.
     Түбіршек__________________
     _______________________
            қолы
     20 ____ жылғы "____"___________
     
                                               Нұсқаулыққа
                                               7-қосымша
     
               Шетелге шығуға қолдау жасаған адамдарды
                       есепке алу карточкасы
     
     1. ______________________________________________________________
               тегі, аты, әкесінің аты
     
     2. !Ер!Әйел!  3. 19 ____ жылғы "___"_______ 4. ___________
    (қажетсізі           туған күні, айы, жылы       азаматтығы
    сызылсын)    
     
     5. ______________________________________________________________
           туған жері, мемлекеті, облысы, ауданы, елді-мекені
     
     6. _________________    !кіру!шығу!   7. ________________________
        құжаттар қабылданған  (қажетсізі            шығатын елі
        күні, айы, жылы       сызылсын)
     
     8. !тұрақты! уақытша!  9. !туысы!танысы! 10. ____________________
        (қажетсізі              (қажетсізі       шешім қабылданған
        сызылсын)               сызылсын)        күні, айы, жылы
     
     11. рұқсат           12. _______________ 13. ____________________
     берілді!берілмеді!   істің, өтініштің,       рұқсат берілмеуінің
     (қажетсізі           сауалнаманың номері     шартты себебі
     сызылсын)
     
     14. Паспорт N __________________ 19 ___ ж. "____"________ берілген.
     15. Жеке бас куәлігі N ___________ 19___ ж. "___"________ берілген.
     
     16. _____________________________________________________________
                          мекен-жайы
     17. _____________________________________________________________
                       әр түрлі белгілер
     
     18. __________________ 19. ______________________________________
        Ішкіісмин, ІІБ атауы    карточканы толтырылған адамның қолы
     
     карточка көлемі 210х148 мм
     
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.