ҚР МКМ Салық полициясы комитетiнiң Салық полициясы академиясына қабылдау Ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс минситрі Салық полициясы комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 мамырдағы N 51 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1175. Күші жойылды - Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы N 80 бұйрығымен. ~V011562

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылдың 25 наурызындағы N 247 V001118_ бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың бiртектi Ережелерiне сәйкес
                    БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Салық полициясы комитетiнiң Салық полициясы академиясына қабылдау Ережесi" ұсынылған толықтырулармен бекiтiлсiн.
      2. Осы Ереже талаптары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс

министрлiгi Кеден комитетi органдарына да тиесiлi. 
     3. Салық полициясы комитетiнiң кадр аппараттары осы бұйрықты 
зерделеудi және оқуға түсушiлерге дер кезiнде мәлiметтер берудi 
ұйымдастырсын.
     4. Салық полициясы академиясының бастығы оқуға түсуге үмiткерлердi 
қабылдауды бекiтiлген Ережелерге сәйкес қамтамасыз етсiн.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Салық полициясы академиясының 
бастығына (М.Ч. Қоғамовқа) жүктелсiн.

    Төраға
   


                                                         ҚР МКМ  СПК 
                                                   2000 жылғы 25 мамырдағы
                                                        N 51 бұйрығына     
                                                           Қосымша

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi 
       Салық полициясы комитетiнiң Салық полициясы академиясына қабылдау
                                 ЕРЕЖЕСI



      1. ҚР МКМ Салық полициясы комитетiнiң Салық полициясы академиясына орта және арнайы орта бiлiмi бар (жоғары - екiншi жоғары бiлiм алу сырттай оқу тәртiбi бойынша) салық полициясының қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сай келетiн, қызметке және оқуға денсаулығы жарамды, байқаулық түсу емтихандарын табысты тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. ҚР МКМ Салық полициясы комитетi Салық полициясы академиясының сырттай оқу білiмiне ақылы негiзде, Қазақстан Республикасының орта және арнайы орта бiлiмi бар азаматтары толық мерзiмде, Академия мамандықтарына сәйкес арнайы орта немесе жоғары кәсiптiк бiлiмi бар азаматтары қысқартылған мерзiмде оқуға қабылдана алады. Көрсетiлген санаттардың оқу iсiнiң жұмысын дайындау Академияда жүргiзiледi. Оқуға түсушiлер мынандай құжаттарды тапсырады: арыз, 086-У формалы дәрiгерлiк анықтама, Академияның қабылдау комиссиясымен куәландырылған бiлiмi жөнiндегi құжаттың көшiрмесi, 3х4 көлемдi үш фотосуретi. Құжаттарды қабылдау оқуға түсушiнiң жеке куәлiгiнiң негiзiнде iске асырылады.
      2. Күндiзгi оқу бөлiмiне түсу емтихандары 23 шiлде мен 2 тамыз аралығында жүргiзiледi, сырттай оқу - Академия бастығы белгiлеген мерзiмде.
      3. Қабылдау ережелерi туралы ақпараттар, қабылдау комиссиясының қабылдауды өткiзу мен ұйымдастыру туралы шешiмдерi, емтихандар кестесi, сол сияқты басқа да керектi ақпараттар оқуға түсушiлердi уақытында хабардар етiп отыру мақсатында ақпарат тақталарына iлiнедi.
      4. Академия бастығы - қабылдау комиссиясының төрағасы, тәртiп бұзушылық және басқа да себептi негiздерге байланысты оқуға түсушiнi iрiктеу органының үкiмiне қайтарып жiберуге құқылы.
      5. Академияда талапкерлер арнайы ұйымдастырылған медициналық комиссияның қосымша медициналық және психофизиологиялық куәландыруынан өтедi.
      6. Академияның күндiзгi оқу білiмiне түсушiлер дене шынықтырудан көрсеткiштерге сәйкес сынақ тапсырады. Қанағаттанғысыз бағалар алған талапкер келесi сынақтарға жiберiлмейдi. Сырттай оқу бөлiмiне түсушiлер дене шынықтыру сынағын тапсырудан босатылады.
      7. Академияға түсушi үмiткерлер емтихандарды қазақша немесе орысша

тiлдерде тапсырады.
     8. Түсу емтихандары (тестiлеу) жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң 
бағдарламасына сай төрт пән бойынша жүргiзiледi. Сырттай оқу бөлiмiне 
Салық полициясы комитетiнiң қызметкерлерi, сонымен бiрге Академияның 
мамандықтарына сай арнайы орта немесе жоғары кәсiптiк бiлiмi бар басқа да 
азаматтар арнайы әңгiмелесудiң нәтижесiнде қабылданады.
     9. Мамандықтар бойынша тест сынақтары үшiн келесi пәндер белгiленген: 
      "Юриспруденция" - N 0216 мамандық    "Кеден iсi" - N 0801 мамандық
       1. Жалпы тарих - (мамандыққа тән)   1. Математика - (мамандыққа тән)
       2. Математика                       2. География                    
       3. Қазақстан тарихы                 3. Қазақстан тарихы 
       4. қазақ тiлi немесе орыс тiлi      4. қазақ тiлi немесе орыс тiлi  
                                        
     Әр  пән бойынша тест тапсырмалары 30 сұрақтан тұрады, олардың жалпы 
саны 120 болады. 


      Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Пәндердiң жинақ тестi бойынша оқуға түсушiнiң жауаптарының саны 40 ұпайдан және одан кем ұпай болса, жауабы "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады, ал оқуға түсушi сайысқа қатысудан босатылады.
      10. Үш пән бойынша жинақ тестiне үш астрономиялық сағат бөлiнедi.
      11. Емтихандардың қорытындысы жинақ тестiсi өткiзiлгеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде оқуға түсушiлерге мәлiмделедi.
      12. Дұрыс жауаптардың кодтары тест сынақтары өткiзiлгеннен кейiн ақпараттық қабырғаға бiрден iлiнедi.
      13. Алынған бағаны (тест ұпайын) көтеру мақсатында емтиханды қайта тапсыруға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Тестiң қорытындысы жария болғаннан кейiн шағым арыз бiр тәулiк iшiнде қабылданады және қаралады. Алынған бағаны (тест ұпайын) қабылдау комиссиясының дәлелденген шешiмiмен өзгертуге болады.
      14. Оқуға алыну қабылдау комиссиясының ашық отырысында бөлек мамандықтар мен тiлдiк білiмдерге түсу емтихандары қорытындылары негiзiнде, медициналық куәландыру мәлiметтерi бойынша, бүлiнген қабылдау орындарын есепке ала отырып жүргiзiледi.
      15. Толық тестi тапсырусыз оқуға белгiленген заңды тәртiпке сәйкес келетiн талапкерлер қабылдануы мүмкiн.
      16. Жиған ұпайларына сәйкес түсу емтихандарын табысты тапсырған басқа талапкерлер оқуға жалпы сайыс бойынша қабылданады. Алынған баллдар тең болса, оқуға алынуға құқығы жоғары:
      - жетiмдер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      - үздiк аттестаты немесе үздiк арнайы кәсiптiк бiлiм дипломы барлар;
      - қаза болған немесе қызмет бабымен мүгедек болған Салық полициясы комитетiнiң және Кеден комитетiнiң қызметкерлерiнiң балалары;
      - Салық полициясы комитетiнiң және Кеден комитетiнiң қызметкерлерi.
      17. Оқуға қабылданғаны туралы қабылдау комиссиясының шешiмi Академия бастығының бұйрығымен жасалады. Бұйрықтың көшiрмесi өндiрiстен қол үзiп оқуға қабылданғандардың жол сапарға шығуына, еңбек демалысын және сырттай оқуға түсушiлердiң басқа да жеңiлдiктер алуларына негiз бола алады.
      18. Конкурстан өтпеген оқуға түсушiлер салық полициясының және кеден органдарының өкiмiне жеке iстерiмен және қабылданбаған себептерi көрсетiлiп қайта жiберiледi.
      19. Түсу емтихандарын тапсырған, бiрақ Академияға түспеген оқуға түсушiлердiң тiлегi бойынша белгiленген үлгiде емтихандардың қорытындылары (пәндер бойынша ұпай) берiледi.
      20. Жедел статистикалық есеп беру қорытындысы бекiтiлген формалар мен мерзiмдерге сәйкес Салық полициясы комитетiнiң кадрлар аппаратына және Бiлiм және ғылым министрлiгiне жiберiледi, қабылдауды өткiзу мен ұйымдастырудың, сонымен бiрге тыңдаушыларды қабылдауға қатысты

бұйрықтардың көшiрмелерi туралы қорытынды мәтiндiк есеп қабылдау 
аяқталғаннан кейiн он тәулiктiк мерзiм iшiнде тапсырылады. 
     21. Бiрiншi курсқа түскен тыңдаушылар 10 күн iшiнде себепсiз сабаққа 
кiрiспесе, Академиядан шығарылады. Шығарылғандардың орнына қабылдау 
комиссиясы сабақ басталғаннан 1 айдың iшiнде сайыстан өтпегендердi осы 
Ереженiң 16-тармағы негiзiнде қабылдауға құқы бар.
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.