Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 V990986_ бұйрығымен бекiтiлген, 1999 жылғы 30 қарашада Әдiлет министрлiгiнде 986 N-мен тiркелген Бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
11- тармақта: бiрiншi сөйлем "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақта: "сондай-ақ осы Қағидамен көзделген" деген сөздер "немесе осы Қағиданың 19-тармағымен көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын; 18-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:"; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "19. Жергiлiктi атқарушы органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерi аппараттарының, С-4-тен С-13 аралығындағы (қоса алғанда), D-3-тенD-8 аралығындағы (қоса алғанда), Е-2-ден Е-9 аралығындағы (қоса алғанда) санаттардың аумақтық органдарының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға өткiзiлетiн сынақтар жөнiндегі конкурстарды өткiзу туралы хабарландыру облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi белгiлеген жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында ресми түрде жариялануы тиiс.
Сонымен бiр мезгiлде жоғарыда аталған конкурстар туралы мәлiметтер
уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне Интернет жүйесiндегi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарын WЕВ-парақтарына орналастыру үшін ұсынылуы тиіс. Жоғарыда аталған мемлекеттiк органдар С-2, С-3, D-1, D-2, Е-1 санаттарының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға конкурс өткiзу туралы хабарландыруы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi белгiлеген жергiлiктi ақпарат құралдарының басылымдарында жариялануы мүмкiн"; 38-тармақтағы "алты айдан" деген сөздер "бір айдан" деген сөздермен ауыстырылсын. Төраға Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.