Үздік ғылыми зерттеулерге сыйлықтар және жас ғалымдарға үздік ғылыми жұмыстары үшін сыйлықтар берудің тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 27 мамырдағы N 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1168

Жаңартылған

      "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысын  орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ұсынылып отырған:
      1) Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы Ереже (1-қосымша);
      2) Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы Ереже (2-қосымша) бекiтiлсiн.
      2. Ғылым департаментi (М.Қ. Әбсәметов) жоғарыда аталған нормативтiк актiлердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Е.Е. Ерғожинге жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 27 мамыр N 500 
бұйрығына 1-қосымша    

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар
бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар
берудің тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылдың 10 мамырындағы N 685 қаулысын  орындау үшiн әзiрлендi.

      2. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар (бұдан әрi - сыйлықтар) Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негiзде берiледi:
      1) жаратылыстану ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтар (бiрiншi және екiншi) - жаңалық ашу, өнертапқыштық, әзiрленген және ресми қабылданып алынған жаңа технологиялар, жеке ғылыми жұмыстар, үлкен теориялық және практикалық маңызы бар ортақ тақырыптама бойынша ғылыми жұмыстар сериялары үшiн;
      2) гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар (бiрiншi және екiншi) зерттеулердiң жаңашылдығымен және көкейкестiлiгiмен ерекшеленетiн үлкен теориялық және практикалық маңызы бар жұмыстар үшiн.
      3) Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И. Бараев атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар ашқан жаңалықтары, жаңа өнер табыстар шығарған және қабылданған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттары мен будандары, тұқымдары, мал мен балық типтерi, құс кростары, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндіру, сақтау және қайта өндiру салаларындағы технологиялық және техникалық әзiрлемелерi, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы экономикалық әзiрлемелерi үшiн";
      4) Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар, бiлiм беру ұйымдары практикасында және технология, педагогика ғылымына қосқан ерекше жетiстiктерi, өзектiлiгi мен жаңашылдығының ерекшелiктерi, бiлiм беру жүйесiндегi ұлттық идеяның көрiнiстерi, жеке адам шығармашылығын дамытуды қалыптастыру мен тәрбиелеудiң мүмкiндiктерi үшiн.
      Ескерту: 2-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен .

      2-1. Осы Ереженің 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында айтылған сыйлықтарды тағайындауды Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі - Ұлттық ғылым академиясы), ал 3), 4) тармақшаларында айтылған сыйлықтарды - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.
      Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      3. Сыйлыққа ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерiнде жан-жақты талқыланудан өткен, ғылыми көпшiлiкке кеңiнен танымал конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады.

      4. Бұрын ғылым, техника және бiлiм саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығына, республикалық бюджет қаражатынан төленетiн өзге сыйлықтарға, сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстарды, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi.
      Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды. Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған қайталанып тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң берiлуi мүмкiн.

      5. Бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтардың ақшалай мөлшерi айлық есеп көрсеткiштерiнiң тиiсiнше 200, 150 және 100 есе мөлшерi шегiнде белгiленедi.
      Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен .

      6. Ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу шығындары Министрліктің ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтар мен стипендияларды төлеу үшiн көздеген бюджет қаражаты есебiнде жүргiзiледi.
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

2. Сыйлыққа ұсыну, ресiмдеу және жұмыстарды
тапсырудың тәртiбi

      7. Сыйлықтар алу үшiн жұмыстарды ұсыну құқығы министрлiктер мен ведомстволар алқаларына, ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерге және меншiк нысанына қарамай Қазақстан Республикасының басқа ғылыми, оқу және өзге ұйымдарына (бұдан әрi - ұйымдар) берiледi.
      Сыйлық алу үшiн жұмыстарды ұсыну туралы шешiм сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен қабылданады.

      8. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ сандық мөлшерi бес адамнан аспайтын ұжым авторлары жұмыстары ұсынылады. Әр автор және шығармашылық ұжым конкурсқа тек бiр жұмыс ұсынуға құқылы.
      Сыйлық алу ұжымына кандидаттарды iрiктеу сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен өткiзiледi.

      9. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екеуi де бiрдей данада):
      1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалар, патенттер көшiрмелерi және басқа сақтау құжаттары ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер (мемлекеттiк тiркеуден өткен) түрiндегi сыйлыққа ұсынылған ғылыми жұмыс;
      2) онда оның мазмұны, күн талабына сәйкестiгi мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың ғылымның әлемдiк деңгейiне сәйкестiгi мен маңызы, одан әрi пайдалану перспективалары баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (20 беттен аспауы тиiс).
      Сипаттамаға қоса (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жұмысты ұсынған мекеменiң атауы, жұмыстың аты, талапкерлердiң қолы қойылған, оның тегi, аты-жөнi көрсетiлген кiтаптың бiрiншi бетi берiледi;
      3) мынадай мәлiметтерi бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бiр бетте): алдыңғы бетiнде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегi, аты-жөнi, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелерi; екiншi жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерiнiң маңызы, жұмыс авторларының қолы;
      4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкiде), жұмыстың ғылыми маңыздылығын бейнелейтiн (жұмыстар сериясы), оның республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн маңыздылығы айтылатын дәлелдi ұсыным-негiздеме;
      5) мөрмен куәландырылған жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжiлiсiнiң хаттамасынан үзiндi;
      6) талапкердiң тегi, аты-жөнi, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлiк мәлiметтерi, ғылыми дәрежесi мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызмет және үй мекен-жайы, телефондары көрсетiлген, талапкердiң өзi қол қойған және кадр бөлiмiнiң қызметкерi куәландырған, талапкердiң негiзгi қызмет орны берген анықтама - автор (авторлар) туралы мәлiметтер;
      7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған оның шығармашылық үлесi көрсетiлген (ұжым жұмыстары үшiн) талапкердiң ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;
      8) талапкердiң негiзгi қызмет орнының мөрiмен расталған оның маңызды ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi (10-нан кем болмауы тиiс);
      9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженiң 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама.
      Осы баптың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылған және т.б.) талапкердiң соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады.

      10. Аталған құжаттардың әр жинағы "Жаратылыстану ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтар алуға", "Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар алуға", "Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И.Бараев атындағы сыйлықтар алуға", "Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтар алуға"деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бiрге папкiде, жеке конвертке салынуы керек.
      Ескерту: 10-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен .

      11. Осы талаптарға сәйкес ресiмделмеген құжаттар қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болмайды.

      12. Сыйлық алуға ұсынылған материалдар осы ереженің 2-1-тармағына сәйкес Министрліктің Ғылым департаментіне (бұдан әрі - Департамент), Ұлттық ғылым академиясына, конкурс туралы хабарландыруға сәйкес ұсынылады. Конкурстық құжаттар тапсыру орнында тіркеледі және қабылдау мерзімі аяқталған соң қарау үшін Конкурстық комиссияға беріледі.
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен , 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      13. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бiр данада авторлардың жазбаша талаптары бойынша қайтарылады.

3. Жұмыстарды қарау тәртiбi

      14. Конкурстық материалдарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі жөніндегі ұсынымдық шешімдерді дайындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің және Ұлттық ғылым академиясы президентінің бұйрықтарымен Конкурстық комиссиялар құрылады.
      Конкурстық комиссия консультативтi-кеңесшi орган болып табылады және министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнен, республиканың әртүрлi ғылым салаларындағы жетекшi ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
      Конкурстық комиссияларды төрағалар - Білім және ғылым министрі және Ұлттық ғылым академиясының президенті басқарады.
      Осы сыйлыққа Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жұмыстарын ұсынған жағдайда соңғылары комиссия жұмысына қатыспайды. Конкурстық комиссияның барлық шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      15. Конкурстық комиссияның құқықтары:
      сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн секциялар құру, олардың құрамын және жұмыс тәртiбiн анықтау;
      сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды ғылыми және тиiстi бейiндегi басқа да ұйымдарға сараптап қарауға жолдау;
      сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға көрнектi ғалымдар мен мамандарды тарту;

      16. Конкурстық комиссия конкурстық материалдар конверттерiн ашып, олардың конкурс талаптарына сәйкестiгiн анықтайды.
      Белгiленген талаптарға сәйкес материалдарды Конкурстық комиссия секцияларда (ғылым салалары бойынша) жұмыстардың ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау үшiн жiбередi, сондай-ақ:
      Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Бiлiм академиясы (бұдан әрi - Қазақ Бiлiм академиясы) - педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық бойынша;
      Секциялардың, Қазақ білім беру академиясының ұсынымдық шешімдері Конкурстық комиссияға беріледі.
      Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен , 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      17. Сыйлықтар беру туралы Конкурстық комиссия шешiмдерi жасырын дауыспен қабылданады. Сыйлықтар мәжiлiске қатысып отырған Конкурстық комиссия мүшелерiнiң дауыс беру нәтижесiнде кемiнде 2/3 алған жұмыстарға берiледi.

      18. Жасырын дауыс беру үшiн бюллетеньге жұмыстарды енгiзу туралы шешiмдердi секциялар, Қазақ Бiлiм академиясының кепiлдемелерiн ескерiп, жұмыстарды қарау негiзiнде Конкурстық комиссия мүшелерiнiң мәжiлiсiне қатысқандардың көп дауысын жинаған ашық дауыс беру арқылы Конкурстық комиссия қабылдайды.
      Ескерту: 18-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен , 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      19. Жасырын дауыс беру барлық жұмыстар бойынша бiр мезгiлде жүргiзiледi.
      Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша жаратылыстану ғылымдары бойынша екi жұмыстан артық және гуманитарлық ғылымдар бойынша екi жұмыстан артық жұмысқа сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған үш авторға берiледi.
      Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша аграрлық ғылымдар бойынша үш жұмыстан артық және педагогика бойынша үш жұмыстан артық жұмысқа сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда сыйлықтар осы салалардағы ең көп дауыс санын жинаған (бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтар) үш жұмысқа берiледi.
      Ескерту: 19-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен .

      20. Қайта дауыс беру үшiн бюллетеньге бiрiншi дауыс беру кезiнде қатысқан комиссия мүшелерiнiң жартысынан аз дауыстарын жинаған жұмыстар енгiзiлмейдi.
      Егер, қайталап дауыс берген жағдайда жұмыстардың бiреуi де қажеттi мөлшерде дауыс жинамаған болса, сыйлық берiлмеген деп саналады және келесi жылға ауыстырылмайды.

      21. Конкурстық комиссия шешiм қабылдауға құқылы, егер оның мәжiлiсiне комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3 тiзiмдiк құрамы қатысқан жағдайда.

4. Конкурс нәтижелерiн бекiту тәртiбi

      22. Конкурстық комиссия осы Ереженің 2-1-тармағына сәйкес Департаментке, Ұлттық ғылым академиясына мынадай материалдар ұсынады: Конкурстық комиссияның хаттамасын, дауыс берген бюллетеньдер салынған Конкурстық комиссияның мүшелері қол қойып жабылған конверт, секциялардың, Қазақ білім академиясының сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстар бойынша тиісті қорытындылары, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағына сәйкес құжаттар.
      Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және
ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен , 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен

      23. Департамент, Ұлттық ғылым академиясы сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстарды тиісті шешімдердің жобаларымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітуге ұсынады.
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      24. Сыйлықтар беру туралы ресми басылымдарда және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Хабаршысы" журналында жарияланады. Сыйлыққа лайық жұмыстар туралы қысқаша түсiнiктемелер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" журналының тиiстi серияларында жарияланады.
      Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И.Бараев атындағы сыйлықты беру туралы "Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымының хабаршысы" және "Жаршы" журналдарында хабарланады, онда сыйлыққа лайықты жұмыстар туралы қысқаша түсiнiктемелер жарияланады.
      Ескерту: 24-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен .    

      25. Сыйлық алған ғылыми жұмыстар Министрлiктiң Орталық ғылыми кiтапханасына сақтауға берiледi.

5. Сыйлықтың лауреаттарын марапаттау

      26. Сыйлық беру туралы дипломдар, омырау белгiлерi мен ақшалай сыйлықтарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым Министрi және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы президенті тапсырады.
      Ескерту: 26-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      27. Жаратылыстану ғылымдары бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы, гуманитарлық ғылымдар бойынша Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И.Бараев атындағы, педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы, үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар лауреаттарына өз еңбектерiн "___________ жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық берiлген", "___________ жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берiлген",  ________ жылы Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық берiлген деген белгi қойып басып шығару құқығы берiледi.
      Ескерту: 27-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен .  

     28. Қайтыс болғаннан кейiн марапатталған, қайтыс болған сыйлықтар лауреаттарының дипломы, омырау белгiсi және ақшалай сыйлықтары оның мұрагерлерiне заңдарға сәйкес берiледi.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 27 мамыр N 500
бұйрығына 2-қосымша

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар
саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға
сыйлықтар берудің тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылдың 10 мамырындағы N 685 қаулысын  орындау үшiн әзiрлендi.

      2. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға сыйлықтар (бұдан әрi - сыйлықтар) Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негiзде берiледi:
      1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы әрқайсысы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi үш сыйлық;
      2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған М.Әуезов атындағы әрқайсысы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi үш сыйлық.

      3. Сыйлыққа зерттеулердiң күн талабына сәйкестiгi және жаңалығымен, құрылған өзгешелiгiмен және ғылыми мiндеттердi шешумен ерекшеленетiн теориялық және практикалық маңызы бар жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жарияланған жұмыстар (жұмыстар циклi) ұсынылады.
      Жұмыстар конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса соңғы 3 жылда орындалған болуы керек.

      4. Республикалық бюджет қаражатынан төленген бұрын сыйлықтарға ие болған жұмыстар, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберілмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.
      Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған қайталанып тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң берiлуi мүмкiн.

      5. Сыйлықтар алу үшiн конкурсқа жас ғалымдар (оның iшiнде ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, аспиранттар, стажер-зерттеушiлер, инженер-техникалық қызметкерлер) қатыса алады. Сыйлық алушылардың конкурсқа жұмыстарын берген кезде жасы 35 аспауы тиiс.

      6. Ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу шығындары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтар мен стипендияларды төлеу үшiн көзделген бюджет қаражаты есебiнде жүргiзiледi.

2. Сыйлыққа ұсыну, ресiмдеу және жұмыстарды
тапсырудың тәртiбi

      7. Сыйлықтар алу үшiн кандидаттарды ұсыну құқығы меншiк нысанына қарамай Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерiне, ғылыми кеңестер мен қоғамдарына, жас ғалымдар кеңесiне және басқа ғылыми, оқу және басқа ұйымдарының (бұдан әрi - ұйымдар) алқалық органдарына берiледi.
      Сыйлық алу үшiн жұмыстарды ұсыну туралы шешiм сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен қабылданады.

      8. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ сандық мөлшерi үш адамнан аспайтын ұжым авторларының жұмыстары ұсынылады. Әр автор және шығармашылық ұжым конкурсқа тек бiр жұмыс ұсынуға құқылы.
      Сыйлық алу ұжымына кандидаттарды iрiктеу сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен өткiзiледi.

      9. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екi бiрдей данада):
      1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, кiтапшаланған мақалалар, патенттер көшiрмелерi, туындыгер куәлiктерi мен басқа құжаттар түрiндегi ғылыми жұмыс;
      2) оның мазмұны, зерттеулердiң күн талабына сәйкестiгi мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңызы және одан әрi пайдалану мүмкiншiлiктерi баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (10 беттен аспауы тиiс).
      Сипаттамаға қоса (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жұмысты ұсынған мекеменiң атауы, жұмыстың аты, талапкерлердiң қолы қойылған, оның тегi, аты-жөнi көрсетiлген кiтаптың бiрiншi бетi берiледi;
      3) мынадай мәлiметтерi бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бiр бетте): алдыңғы бетiнде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегi, аты-жөнi, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелерi; екiншi жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерiнiң маңызы, жұмыс авторларының қолы;
      4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкiде), жұмыстың ғылыми маңыздылығын бейнелейтiн дәлелдi ұсыным-негiздеме;
      5) мөрмен куәландырылған жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжiлiсiнiң хаттамасынан үзiндi;
      6) (талапкердiң тегi, аты-жөнi, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлiк мәлiметтерi, ғылыми дәрежесi мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызмет және үй мекен-жайы, телефондары көрсетiлген, талапкердiң өзi қол қойған және кадр бөлiмiнiң қызметкерi куәландырған, талапкердiң негiзгi қызмет орны берген анықтама) - автор туралы мәлiметтер;
      7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған оның шығармашылық үлесi көрсетiлген (ұжым жұмыстары үшiн) талапкердiң ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;
      8) талапкердiң негiзгi қызмет орнының мөрiмен расталған оның маңызды ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi (5-тен кем болмауы тиiс);
      9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженiң 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама. Осы баптың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылған және т.б.) талапкердiң соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады.

      10. Аталған құжаттардың әр жинағы "Жаратылыстану ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтар алуға" немесе "Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн М.Әуезов атындағы сыйлықтар алуға" деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бiрге папкiде, жеке конвертке салынуы керек.

      11. Осы талаптарға сәйкес ресiмделмеген құжаттар қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болмайды.

      12. Сыйлық алуға ұсынылған материалдар Министрліктің Ғылым департаментiне (бұдан әрi - Департамент) ұсынылады. Конкурс құжаттары Департаментте тiркеледi және қабылдау мерзiмi аяқталған соң қарау үшiн Конкурстық комиссияға берiледi.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      13. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бiр данада авторлардың-жазбаша талаптары бойынша қайтарылады.

3. Жұмыстарды қарау тәртiбi

      14. Конкурстық материалдарды қарау және сыйлықты беру мәселелерi жөнiндегi кепiлдеме шешiмдердi дайындау үшiн Ұлттық ғылым академиясы президентінің бұйрығымен Конкурстық комиссия құрылады.
      Конкурстық комиссия консультативтi-кеңесшi орган болып табылады және министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнен, республиканың әртүрлi ғылым салаларындағы жетекшi ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
      Конкурстық комиссияны Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті - төраға басқарады.
      Осы сыйлыққа Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жұмыстарын ұсынған жағдайда соңғылары комиссия жұмысына қатыспайды.
      Конкурстық комиссияның барлық шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен

      15. Конкурстық комиссияның құқықтары:
      сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн секциялар құру, олардың құрамын және жұмыс тәртiбiн анықтау;
      сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Ұлттық ғылым академиясының ғылым бөлімдеріне ғылыми және тиiстi бейiндегi басқа да ұйымдарға сараптап қарауға жолдау;
      сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға көрнектi ғалымдар мен мамандарды тарту.
      Ескерту: 15-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      16. Конкурстық комиссия конкурстық материалдар конверттерiн ашып, олардың конкурс талаптарына сәйкестiгiн анықтайды.
      Конкурстық комиссия конкурс талаптарына сәйкес материалдарды жұмыстардың ғылыми маңыздылығын бағалау үшін секцияларға жіберіледі.
      Секциялардың ұсынымдық шешімдері Конкурстық комиссияға беріледі.
      Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      17. Сыйлықтар беру туралы Конкурстық комиссия шешiмдерi жасырын дауыспен қабылданады. Сыйлықтар мәжiлiске қатысып отырған Конкурстық комиссия мүшелерiнiң дауыс беру нәтижесiнде кемiнде 2/3 алған жұмыстарға берiледi.

      18. Жасырын дауыс беру үшiн бюллетеньге жұмыстарды енгiзу туралы шешiмдердi секциялар кепiлдемелерiн ескерiп, жұмыстарды қарау негiзiнде Конкурстық комиссия мүшелерiнiң мәжiлiсiне қатысқандардың көп дауысын жинаған ашық дауыс беру арқылы Конкурстық комиссия қабылдайды.
      Ескерту: 18-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      19. Жасырын дауыс беру барлық жұмыстар бойынша бiр мезгiлде жүргiзiледi.
      Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша жаратылыстану бойынша үштен артық жұмысқа және гуманитарлық ғылымдар бойынша үштен артық жұмысқа сыйлықтар кепiлдейтiн болса, онда ең көп дауыс санын жинаған үш жұмысқа сыйлықтар берiледi.

      20. Егер, дауыс берген жағдайда жұмыстардың бiреуi де қажеттi мөлшерде дауыс жинамаған болса, сондай-ақ егер, үштен артық жұмыс қажеттi және бiрдей дауыс жинағанда осы туралы хаттамада көрсетiп Конкурстық комиссия қайталап дауыс өткiзуге құқылы. Қайта дауыс беру үшiн бюллетеньге бiрiншi дауыс беру кезiнде қатысқан комиссия мүшелерiнiң жартысынан аз дауыстарын жинаған жұмыстар енгiзiлмейдi. Егер, қайталап дауыс берген жағдайда жұмыстардың бiреуi де қажеттi мөлшерде дауыс жинамаған болса, сыйлық берiлмеген деп саналады және келесi жылға ауыстырылмайды.

      21. Конкурстық комиссия шешiм қабылдауға құқылы, егер оның мәжiлiсiне комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3 тiзiмдiк құрамы қатысса.

4. Конкурс нәтижелерiн бекiту тәртiбi және сыйлық
лауреаттарын марапаттау

      22. Конкурстық комиссия Ұлттық ғылым академиясына мынадай материалдар ұсынады: Конкурстық комиссияның хаттамасын, сыйлықтар беруге кепiлденетiн жұмыстар бойынша секциялардың шешiмдерi, сондай-ақ осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес құжаттар.
      Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      23. Ұлттық ғылым академиясы сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстарды тиісті шешімдердің жобаларымен бірге министрдің бұйрығымен бекітуге ұсынады.
      Сыйлықтар жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысында тапсырылады.
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      24. Сыйлықтар беру туралы ресми баслымдарда және "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң Хабаршысы" журналында жарияланады. Сыйлыққа лайық жұмыстар туралы қысқаша түсiнiктемелер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" журналының
тиiстi серияларында жарияланады.

      25. Сыйлық алған ғылыми жұмыстар Министрлiктiң Орталық ғылыми кiтапханасына сақтауға берiледi.

      26. Сыйлық беру туралы дипломдар, омырау белгiлерi мен ақшалай сыйлықтарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті тапсырады.
      Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.
      Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .

      27. Қайтыс болғаннан кейiн марапатталған, қайтыс болған сыйлықтар лауреаттарының дипломы, омырау белгiсi және ақшалай сыйлықтары оның мұрагерлерiне заңдарға сәйкес берiледi.