Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы 2000 жылғы 16 мамырдағы N 209 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1165

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 V970328_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап он күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесi туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшелерiне жiберсiн.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.Қ.) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы
                                             Қазақстан Республикасы 

Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы N 209 қаулысымен бекiтiлген


       Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу
              ережесiне өзгерiстер мен толықтыру

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1. 3.03-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Валюта операцияларын жүргiзген кезде ол бойынша лицензия немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде тiркелгенi туралы куәлiк талап етiлетiн заңды тұлға-резиденттер уәкiлеттi банкке осындай лицензиялар немесе тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқаларын және көшiрмелерiн беруге мiндеттi. Берiлген құжаттар тексерiлгеннен кейiн олардың көшiрмелерi уәкiлетті банкте қалады, ал түпнұсқалары заңды тұлғаға қайтарылады. Сонымен бiрге уәкiлеттi банк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасына немесе капитал қозғалысына байланысты операциялар жүргiзуге берiлген лицензияға төлем жасалған күндер мен төлем сомалары туралы белгi қоюға тиiс";
      2. 3.04-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жөнiндегi ұйымның жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары (депозиттерi) бойынша өтем жасау үшiн iшкi рынокта шетел валютасын сатып алуына болады."
      3. 5.03-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Валюта операцияларын жүргiзген кезде ол бойынша лицензия немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде тiркелгенi туралы куәлiк талап етiлетiн жеке тұлға-резиденттер уәкiлеттi банкке осындай лицензиялар немесе тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқаларын және көшiрмелерiн беруге мiндеттi. Берiлген құжаттар тексерiлгеннен кейiн олардың көшiрмелерi уәкiлеттi банкте қалады, ал түпнұсқалары жеке тұлғаға қайтарылады. Сонымен бiрге уәкiлеттi банк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасына немесе капитал қозғалысына байланысты операциялар жүргiзуге берiлген лицензияға төлем

жасалған күндер мен төлем сомалары туралы белгi қоюға тиiс";
     4. 6.02-тармақтың екiнші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын шетел валютасын Қазақстан 
Республикасынан әкеткен кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына 
баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын сомаға құжат ұсыну қажет".
     
     
     Ұлттық Банк Төрағасы
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Балабекова Г.Г.