Жұмыс істейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердiң шығыстарын өтеудiң қағидасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 224 бұйрығы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Келісілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 14 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1157

Қолданыстағы
      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11

қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында 
БҰЙЫРАМЫН: 
     1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 25 
мамырдағы N 242  

V990810_

  бұйрығымен бекiтiлген Жұмыс iстейтiн азаматтарға 
мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге 
жұмсалған жұмыс берушiлердің шығыстарын өтеудiң қағидасына қоса берiлiп 
отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Министр

     
       Жұмыс істейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру
       жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердiң
         шығыстарын өтеудiң қағидасына өзгерiстер мен толықтырулар
                       енгiзу туралы
     


      "Жұмыс iстейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушiлердiң шығыстарын өтеудiң қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 25 мамырдағы N 242 бұйрығымен бекiтiлген Жұмыс iстейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушiлердiң шығыстарын өтеудiң қағидасына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      3-тармақтағы "қосымшаға" деген сөз "1-қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi және төртiншi тараулардың атауы "1999 жылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      "4-1. 2000 жылдан бастап мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын өтеудiң тәртiбi
      10-1. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезеңде есептелген және кейiнгi қаржы жылдары төленбеген жәрдемақылар бойынша берешектi өтеу үшiн 2000 жылдан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуiрiн қоса алғандағы кезеңде есептелген және растау күнiнде төленбеген жәрдемақылар бойынша берешектiң қалдығына растама бередi.
      10-2. Аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi республикалық бюджеттен қаржыландыру лимиттерi түскен кезде және осы берешектiң бар-жоғы туралы мемлекеттiк мекеменiң растамасын алған кезде төлем тапсырмасымен қалдықтың расталған сомасының шегiнде мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарына шығыстардың экономикалық сыныптамасының 113-ерекшелiгiне республикалық бюджеттiң қаражатын аудару жолымен жұмыс берушiлермен (мемлекеттiк мекемелермен) есеп айырысуды жүргiзедi. Жұмыс берушi қаражатты алғаннан кейiн жұмысшыларға 113-ерекшелiк бойынша есептелген жәрдемақыларды төлейдi.";
      15-тармақтағы "қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қаржы бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген Қағидаға қосымшада: "Қосымша" деген сөз "1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.
                                       Жұмыс істейтiн азаматтарға мiндеттi 

әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеуге жұмсалған жұмыс берушілердiң шығыстарын өтеу қағидасына 2-қосымша


              1999 жылғы 1 қаңтардан бастап 1999 жылғы 17 сәуірге дейінгі

                  кезеңде есептелген және растау күнінде төленбеген        
                     жәрдемақылар бойынша берешектің қалдығына
                                 Растама


       __________________________________
          (мемлекеттік мекеменің атауы)
     ____________________________________________________________________
     р/р   Шығыстардың атауы    Теңгенің    Жыл басынан бергі  Берешектің
                                есептелгені кассалық шығыс*,   қалдығы,
                                                теңге            теңге
     ____________________________________________________________________
     1          2                   3             4                5
     ____________________________________________________________________
     1   Жәрдемақылар:
        Еңбекке уақытша жарам.
        сыздық бойынша,барлығы
     ____________________________________________________________________
     2  оның ішінде еңбекте 
        жарақат алуы және кәсіби
        ауруы бойынша
     ____________________________________________________________________
     3  Жүктілігі және бала
        тууы бойынша
     ____________________________________________________________________
     4  Бала туылған кездегі
     ____________________________________________________________________
     5  Жерлеуге
     ____________________________________________________________________
        Жолдар сомасының жиыны
        (1,3-5)
     ____________________________________________________________________
     
     200___жылғы ________    Басшы__________         ____________________
                                  (қолы)             (аты-жөні,лауазымы)

                             Бас бухгалтер___________ ___________________  
                                            (қолы)    (аты-жөні,лауазымы)
     
                             МО
     * Ескерту: жұмыс істейтін азаматтарға іс жүзінде төленген             
       жәрдемақылардың сомасы бойынша шығыстар, оның ішінде депонентке     
       жатқызылған сома да қамтылады. 

       Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.