Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі Агенттіктің 2000 жылдың 14 сәуірдегі 01/7 бұйрығына қосымша енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 22 мамырдағы N 01/31 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 25 мамыр N 1144 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тартудағы Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" 1997 жылдың 5 сәуiрдегi N 3444 U973444_ Жарлығының 1 тармағы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқарушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасасудағы жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң Ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылдың 6 наурыздағы N 349 U000349_ Жарлығының 2 тармағына сәйкес Бұйырамын:
      1. "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқарушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасасудағы жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң процедурасын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 14 сәуiрдегi V001120_ бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Осы бұйрыққа қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес "2002 жылға дейiнгi отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тартудағы ең маңызды өндiрiстер тiзбесi" 3 Қосымшамен толықтырылсын;
      Бiрiншi тармақтың 3) бөлiгi мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "3) 2002 жылға дейiнгi отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тартудағы ең маңызды өндiрiстер тiзбесi (3 Қосымша).".
      2. Осы бұйрық Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға
                                         3 Қосымша

Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi Агенттiгiнiң 2000 жылғы ____ ________ N _____ бұйрығымен бекітілген


     2002 жылға дейiнгi отандық және шетелдiк тура инвестициялар
               тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмi
     
                1. Өндiрiстiк инфрақұрылым
     
     Темiр жолдар
     Темiр жол жұмысын қамтамасыз ететiн объектiлер
         Темiр жолдың жылжымалы құрамын жөндеу
         Темiр жол сапаржайлары
     Жүк тасымалдау мен мұнай құятын терминалдар
     Метрополитен
     Автокөлiк жолдары мен автосапаржайлар кешендерi
     Аэросапаржайлар кешендерi бар әуежайлар
     Аэронавигациялық объектiлер
     Теңiз және өзен порттары
     Су және құрғақтағы кешендер
     Көпiрлер мен жолайырымдар
     Газ тасымалдау құбырлары
     Электростанциялар (жылу, газотурбиналық, кiшi су және жел станциялары)
         Трансформаторлық станциялар мен электр тасымалдау
         желiлерi (магистралдықтардан басқалары)
         Электр желiлерi арқылы электр энергиясын жинау,
         беру және бөлу
         Тарататын электржелiлер
     Телекоммуникациялық желiлер
         Сымсыз байланыс жүйелерi, ауылдық жерлер үшiн
         жер серiгі байланыс жүйелерiн қоса алғанда
         Халықаралық және қалааралық байланыс
         инфрақұрылымы (ақпараттық iрi магистраль)
                 2. Өңдейтiн өнеркәсiп
     Киiм, иiрiлген жүн, мата, пiшiлмеген терi, аяқ киiм, тон
     және терi заттары мен жуылған жүн өндiрiп шығару
     Жиhаз жинау
     Ағаш талшықты тақта (ДСП); ағаш жоңқалы тақта
     (ДВП); фанералар жасау; ағаш пен оның қалдықтарынан
     жаңа бұйымдар өндiру
     Картон-қағаз бұйымдарының жаңа түрлерiн өндiру
         Қағаз және картон жасау, олардан бұйымдар өндiру
     Орап, буып-түйетiн материалдардың барлық түрлерiн
     өндiру
     Ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрiстiк өңдеу
         Еттi өңдеп консервiлендiру және ет тағамдарын өндiру
         Жемiс-жидектер мен көкөнiстердi өңдеу және
         консервiлеу
         Өсiмдiктер мен жануарлар майын және тоң майын
         өндiру
         Тазартылған майлар мен тоң майларды өндiру,
         саломаса
         Сүт өндiрiсiн және оны өңдеудi молайту
         Астық тарту өнеркәсiбiнiң тағамдарын өндiру
     Балық аулау мен балық өсiрудiң бұйымдарын өңдеу
         Балық және балық тағамдарын өңдеу мен консервiлеу
         Балық өсiру, балық питомниктерi мен балық
         фермаларының қызметi
     Ауылшаруашылық өнiмдерiн дайындау және сақтау
         Элеваторлар мен көкөнiс базаларын салу
         Кәзiргi талапқа сай тоңазытқыш қондырғыларын салу
     Сәбилер тағамын өндiру
     Кондитерлiк тағамдар мен шырындарды өндiру
         Кондитерлiк тағамдар өндiру
         Жемiс пен көкөнiстен концентраттар мен шырындар
     өндiру
     Жоғарғы технологиялық жаңа машиналар мен құрал-
     жабдықтардың түрлерiн шығару
         Механикалық жабдықтар мен құрал-саймандар өндiру
         Двигательдер мен турбиндарды өндiру
         Гидравликалық жүйелердi, насостарды және
         компрессорларды өндiру
         Крандарды, клапандарды және қазандарды өндiру
         Жылу жүйелерiн өндiру
         Тiстi дөңгелектер мен механикалық жылжымалы
         тетiктердi өндiру
         Металлургиялық жабдықты өндiру
         Құрылыс пен тау-кен өнеркәсiптерiне арналған
         машиналарды өндiру
         Ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге арналған 
         машиналарды өндiру
         көтеретiн және такелаждық жабдық пен бекiту
         тетiктерiн өндiру
         Тоқыма өнеркәсiбiне арналған машиналар өндiру
         Өндiрiстiк суытқыш және желдеткiш қондырғыларын
         өндiру
         Станоктарды өндiру
         Хирургиялық медицина жабдықтары мен
         ортопедиалық құралдарды өндiру
     Спорттық құрал-жабдықтарды өндiру
     Көлiк пен көлiк жабдықтарын өндiру
         Жеңiл автокөлiктердi өндiру
         Жүк машиналарын өндiру
         Жолаушылар тасымалдайтын автокөлiк өндiру
         Арнайы мамандандырылған автокөлiк өндiру
         Ауылшаруашылық машиналарын өндiру
         Доңғалақты тракторлар өндiру
         Автомобиль жабдықтарын өндiру
         Кеме жасау
         Темiр жолдың жылжымалы құрамын өндiру
         Ұшатын аппараттар мен ғарышқа ұшатын
         аппараттарды өндiру
         Мотоциклдер мен велосипедтер өндiру
     Өнеркәсiптiк электроника мен электротехникалық
     бұйымдарды өндiру
         Компьютерлер, перифериялар және оргтехникаларды
         өндiру
         Электрмоторларды, генераторларды және
         трансформаторларды өндiру
         Электр бөлгiш пен бақылау аппаратурасын өндiру
         Тұйық желiстер мен сымдар өндiру
         Аккумуляторлар мен гальваникалық элементтердi
         өндiру
         Энергия сақтаушы электр шамдары мен жарық
         шашатын құрал-жабдықтарды өндiру
         Двигательдерге және көлiктерге арналған электр
         жабдықтарын өндiру
         Өндiрiстiк процестерге арналған бақылау жабдығын
         өндiру
     Электроника мен электротехника саласындағы тұтыну
     бұйымдарын өндiру
         Тұрмыстық электр бұйымдарын өндiру
         Тарататын аппаратураларды өндiру
         Дыбыс пен бейненi қабылдайтын, жазатын және
         қайтадан көрсете алатын аппаратураларды өндiру
         Өлшегiштiк-бақылау құралдарын өндiру
         Оптикалық құралдар мен фотожабдықтар өндiру
         Аудио, видео және электронды ақпарат құрал-
         жабдықтарын өндiру
     Минералдық тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғайтын
     заттарды өндiру
     Мұнай өнiмдерiн, оның iшiнде тұрмыстық химия және
     парфюмерлi-косметикалық бұйымдарды есепке алмағанда,
     мұнай химиясы өнiмдерiн қазақстанның шикiзатынан
     өндiру
         Полимерлiк негiздегi барлық түрлердi өндiру
         (гранулдарды)
         Жұқа органикалық синтездi өнiмдердi өндiру
         Былғары, терiге қатысты өңдейтiн бұйымдарды өндiру
         Бояулар, бояғыштар, лактар, эмальдар және осыларға
         минеральды пигменттер өндiру
         Бояу мен лактарды ерiтiп, сұйылтатын дайын
         ертiндiлердi өндiру
         Жуатын, тазалайтын және парфюмерлiк бұйымдарды
         өндiру
     Арнаулы өнiмдер мен дәрi-дәрмектер өндiру
         Шипалық қасиетi бар өсiмдiктердi өсiру
         Дәрiлiк өнiмдердi өндiру
         Медициналық құралдар мен медицинаға арналған
         жабдықтарды өндiру
     Мал дәрiгерлiгi саласына дәрi-дәрмектер өндiру
     Арнаулы маркадағы құрышталған болатты өндiру
     Отандық құрышталған болаттан өнiмдер өндiру
     Гальваникалық элементтер үшiн мырыш өндiру
     Қара және түстi металдар мен мыс кеспелерiнен жаңа да
     аса тиiмдi технологиялар арқылы ақтық өңделген өнiмдер
     өндiру
         Қаңылтыр өндiру
         Ауыр және жеңiл кеспелер (арматура, темiр жол
         рельстерi мен желiлер) өндiру
         Құбырлар өндiру
         Сым өндiру
     Конструкциялар, өнiмдер және құрылыс материалдарының
     кәзiргi талаптарға сай жаңа түрлерiн өндiру
     Өндiрiс пен құрылысқа арналған металл конструкцияларын өндіру
     Үйлерге, ғимараттарға, көпiрлерге, қоймаларға және электр
     желiлерiне арналған металл конструкцияларын өндiру
     Құрылымды-кеңiстiк пен рамалық конструкциялар,
     ғимараттардың төбе жабындылары мен қаңқасын шығаруға
     мамандандырылған өндiрiс
     Есiк, терезе, есiк пен терезе рамаларын, терезе
     қақпақтарын, қақпалар, саты қоршаулары мен
     баспалдақтар өндiру
     Шыны мен шыны бұйымдарын өндiру
     Күйдiрiлген қыш бұйымдарын өндiру
     Сырлы кiрпiш және санитарлы-техникалық бұйымдарды
     өндiру
     Қыш шатыр мен кiрпiш өндiру
     Жылу, гидро және дыбыс өткiзбейтiн материалдар мен
     бұйымдарды өндiру
     Құрғақ және қоймалжың құрылыс қоспаларын, олардан
     жасалатын бұйымдарды, жол бетiне төселетiндердi және
     толтырғыштарды жаңа технологиямен өндiру
     Құрылысқа арналған шығын материалдарды өндiру
     Жарылғыш және қопарғыш заттар өндiру
     Табиғи және жасанды тастан жасалатын бұйымдар өндiру,
     тас қалдықтарын өңдеу
     Полимерлiк негiзде құбырлар мен басқа да құрылыс
     материалдарын өндiру
     Тазартқыш құрылыстар үшiн құрал-жабдықтар жасау
     Қалдықтарды өңдеу
         Қоқыс қалдықтарын өңдейтiн заудтар
         Өндiрiстiк қалдықтарды қайта өңдеу
     Ойыншықтар мен ойындық, спорттық жабдықтарды өндiру
     Көпiршiктi титан шығаруда жергiлiктi шикiзатты
     пайдаланып өндiру
     Каустикалық сода мен хлор өндiру
     Бериллий оксидiнен жасалатын бұйымдар өндiру
     Рәзiңке-техникалық бұйымдар өндiру
     Фосфор мен фосфор қоспалы шикiзатты өңдеу
         3. Астана қаласының объектiлерi
     Жоғарғы мемлекеттiк органдардың Астанаға көшуiне
     байланысты объектiлер
         Iскерлiк орталықтар
         Елшiлiк қалашығы
         Астана қаласы инфрақұрылымының объектiлерi
     4. Тұрғын үйлер, әлеуметтiк және туристiк объектiлер
     Коммерциялық тұрғын үй*
         Бір-екі қабатты үйлер тобын, көп қабатты
         инфрақұрылымды үйлер, толық инфрақұрылымды
         автономды поселкілер салу (Міндетті шарттар-жергілікті
         құрылыс материалдары мен
         конструкцияларын пайдалану және отандық құрылыс
         ұжымдарын тарту жоспарын алға тарту)
     Денсаулық пен білім объектілері
     Жаппай спорт, мәдениет және демалыс объектілері
                 5. Ауылшаруашылық
     Алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде жоғарғы өнімді
     дақылдар, техникалық және май өндірілетін өсімдіктер мен
     жүзімді өсіру
     Ауылшаруашылықтың жоғарғы өнімді түрлерінің дәндерін
     өндіру
     Мол өнімді мал, құс және асыл тұқымды үй жануарларын өсіру
     Жоғарғы өнім беретін малдардың ұрықтарын жаңалау және
     сақтау үшін арнайы селекциялық-генетикалық орталық құру
     Аңдар өсіру мен омарташылық
     Ет пен жұмыртқа өндірудегі асыл тұқымды төл басының орнын толтыру
     Аса сіңімді және экологиялық таза жем және жем қоспаларын өндіру
     
     
     Оқығандар:
             Омарбекова А.Т.
             Багарова Ж.А.