Бұйырамын:
1. "Борышкерлердің тыйым салынған мүлкін сату жөнінде сот орындаушыларының аукциондар ұйымдастыруы мен өткізуінің Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 21 V001079_ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген борышкерлердің тыйым салынған мүлкін сату жөнінде сот орындаушыларының аукциондар ұйымдастыруы мен өткізуінің Қағидаларында: 3-тармақ "(бұдан әрі - ұйымдастырушы)" деген сөздердің алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын: "және өзге де мамандандырылған ұйымдармен". 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Багарова Ж.А.