1 . Мыналар:
1) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниясының ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы) зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде сатып алынған қаржы құралдарына ақы төлеу үшiн осы қаржы құралдарын жеткiзген күннен ерте емес уақытта инвестициялық шоттан ақша аударуға құқылы екендiгі (осы Қаулының 2-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда);
2) шетелдiк валютаға номинацияланған, зейнетақы активтерiн кейiннен қаржы құралдарына инвестициялау мақсатында шетелдiк валюта сатып алуға арналған теңге бойынша ақшаларды зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның) инвестициялық шоттан тек инвестициялық шоттағы шетелдiк валютадағы ақшалар қалдығын шегерумен шетелдiк валюта бағамы бойынша теңге бойынша жасалған тиiстi мәмiленiң (клиенттiк тапсырыстың орындалысы туралы брокерлiк-дилерлiк ұйымның есебiне сәйкес) эквивалентiнен аспайтын мөлшерде ғана және осы сатып алынған қаржы құралдарына ақы төлеудiң есеппен белгiленген күнге дейiн бiр жұмыс күнiнен ерте емес уақытта аударуы мүмкiн екендiгi белгiленсiн.
2. Мына жағдайлар осы Қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген нормалардың iшiндегi рұқсат етiлген ерекшелiктер ретiнде айқындалсын:
1) бастапқы бағалы қағаздар рыногында сатып алынған, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары үшiн, осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегі аукцион өткiзiлетiн күнге дейiн бiр күн бұрын ақша аудару, егер осындай аударылым зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияның ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның) Бастапқы дилермен жасасқан келiсiмнiң шарттарында көзделген болса;
2) Ұлттық комиссияның алдын-ала жасасқан келiсiмi бар болған кезде осы рыноктағы мәмiлелердi жасаудың және орындаудың белгiленген тәртiбiне сәйкес басқа мемлекеттердiң бағалы қағаздар рыногында сатып алынған бағалы қағаздарға ақы төлеу үшiн алдын-ала ақша аудару.
3. Ұлттық комиссияның осы Қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген келiсiмiн алу үшiн зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компания ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы) Ұлттық комиссияға алдын-ала ақша аудару жобаланған күннiң алдындағы соңғы жұмыс күнi алматы уақыты бойынша 10.00 кешiктiрмей осындай аударымның қажеттілігін дәлелдейтiн құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып өтiнiш беруi керек.
4. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның) осы Қаулының 1 және 2-тармақтарының шарттарын сақтауларына бақылау жасау жинақтаушы зейнетақы қорларына қызмет көрсететiн кастодиан-банктерге жүктелсiн.
5. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгізiлетiндiгi белгiленсiн.
6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн.
7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау
басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi: 1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, кастодиан-банктердiң назарына жеткiзсiн; 2) осы Қаулыны зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн; 3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын. Ұлттық комиссияның Төрағасы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Шарипова М.Е.