Қазақстан Республикасы спортшыларының жетістіктерін кеңінен насихаттау, келешек ұрпақтарды ел спортының игі дәстүрлері арқылы тәрбиелеу және 2000 жылғы спорт маусымын қорытындылау мақсатында бұйырамын:
1. Республикалық "Жыл спортшысы" конкурсының жеңімпазын анықтау Ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төраға орынбасары М.Т. Молдахметовқа жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігінің
7 сәуір 2000 ж.
N 1-1-2/111 бұйрығымен
бекітілді
Республикалық "Жыл спортшысы" конкурсының
жеңімпаздарын анықтау
Ережесі
1. Жалпы ереже
1. "Жыл спортшысы" конкурсының жеңімпазы биылғы жылы жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
2. "Жыл спортшысы" конкурсы жылына бір рет өткізіледі. "Жыл спортшысы" конкурсының жеңімпазы анықталады және жоғарыда аталған атаққа ұсынылған ондаған спортшы-ізденушілердің аттары жарияланады. "Жыл спортшысы" конкурсының жеңімпазын анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды "Жыл спортшысы" атағын тағайындау жөніндегі комитет жүргізеді.
3. Спортшыларды "Жыл спортшысы" атағына ұсыну мемлекеттiк және бас жаттықтырушылардан, спорт түрлерi бойынша федерациялардан, спорт қызметкерлерiнен, спорт басылымдарынан, радио, теледидар, дене тәрбиесi мен спорт жөнiндегi өкiлеттi органдар және оның қарамағындағы ұйымдардан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетiнен сұрау әдiсiмен жүргiзiледi.
4. Сауалнама биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейiн жүргiзiлуi тиiс. Конкурс қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
5. Конкурс жеңiмпазына "Жыл спортшысы" атағы берiлiп, диплом және кеуде белгiсi тапсырылады.
6. "Жыл спортшысы" конкурсы комитетiнiң жұмысын үйлестiрудi дене тәрбиесi және спорт жөнiндегi өкiлеттi орган жүзеге асырады.
7. "Жыл спортшысы" конкурсы жеңiмпазының кеуделiк белгiсiнiң немесе Кубогi мен дипломының үлгiсiн дене тәрбиесi және спорт жөнiндегi өкiлеттi орган бекiтедi.
2. "Жыл спортшысы" атағын беру жөнiндегi
Сарапшылар комитетi
8. "Жыл спортшысы" атағын беру жөнiндегi комитет мемлекеттiк қызметкерлер, атақты спортшылар мен жаттықтырушылар, баспасөз өкiлдерi және қоғамдық ұйымдар қатарынан қалыптасады. Комитет құрамы 11 адамнан аспауы керек. Комитет құрамы дене тәрбиесi мен спорт жөнiндегi өкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
9. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес, келесi жұмыстарды атқарады:
- мемлекеттiк спорт және қоғамдық ұйымдарға, федерацияларға, бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларына, спорт қызметкерлерi мен жаттықтырушыларға сауал жiбередi және жiберiлген сауалнамалардың санын есептейдi;
- биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейiн сұрақнама сұраулары жауаптарымен жинақтайды және алынған жауаптардың санын тiркейдi;
- алынған көрсеткiштердi қортындылайды;
10. Комитет отырысының құқықтық күшi оның құрамының 2/3 мүшелерi қатысқан кезде есептелiнедi.
11. "Жыл спортшысы" атағын беру туралы шешiм сауалнама қорытындысы бойынша шығарылады.
3. Сауалнама сұраулары
12. Сауалнама сұраулары биылғы жылы тамаша жетiстiктерге жеткен 10 спортшыны 1-10 орынға дейiн орналастырып атауларын ұсынады. 1-орынға - 12 ұпай, 2-орынға - 10 ұпай, 3-орынға - 8 ұпай, 4-орынға - 7 ұпай, 5-орынға - 6 ұпай, 6-орынға - 5 ұпай, 7-орынға - 4 ұпай, 8-орынға - 3 ұпай, 9-орынға - 2 ұпай, 10-орынға - 1 ұпай берiледi, ең көп ұпай жинаған спортшыға "Жыл спортшысы" атағы берiледi.
13. Комитет отырысында "Жыл спортшысы" конкурсының жеңiмпазы атағын беру туралы шешiм қабылданады және бұл шешiм бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. Марапаттау және қаржыландыру
14. "Жыл спортшысы" жеңiмпазын марапаттау Жаңа жыл қарсаңында салтанатты жағдайда өткiзiледi.
15. "Жыл спортшысы" конкурсы жеңiмпазын марапаттау үшiн қажеттi қаражат дене тәрбиесi мен спорт жөнiндегi өкiлеттi орган ұсынған сметаға сәйкес 08 функционалдық тобы бойынша республикалық бюджетте ескерiледi.
16. Смета шығыстарына келесi баптар кiредi:
- дипломдар мен кеуде белгiлерiн дайындау;
- сауалнама әзiрлеу және оларды жiберу;
- "Жыл спортшысы" жеңiмпазы атағын тапсыру салтанатын ұйымдастыру бойынша шығыстар.