"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Z952198_ 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасында банктер және банкілік қызметтері туралы" Z952444_ 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің құзыретінен кейбір банкілік операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу және таратуын тіркеу) бойынша функциясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының құзыретіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу сұрақтары" V990667_ бұйрығына мынадай өзгерту енгізілсін:
2-тармақтың бесінші абзацындағы "барлық банктер және кейбір банкілік операцияларды жүргізетін ұйымдарды" деген сөздері "банктерді" деген сөзімен ауыстырылсын.