Бұйырамыз
1. Қоса берiлiп отырған "европалық Одақ елдерiне экспортқа шығару үшiн балық өнiмдерiн дайындаушы Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен кемелерiн есепке алу және өнiмнiң осы түрiне Ветеринарлық сертификат беру Тәртiбi" бекiтiлсiн.
2. Европалық Одақ елдерiне экспортқа шығару үшiн балық өнiмдерiн дайындаушы кәсiпорындар мен кемелердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi болатыны, экспортқа шығарылатын өнiмге ветеринарлық сертификат беру жөнiндегi уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi атынан Ветеринарлық қадағалау департаментi белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi (А.К. Аманбаев) қажеттi құжаттарды дайындасын және "Европалық Одақ елдерiне экспортқа шығару үшiн балық өнiмдерiн дайындаушы Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен кемелерiн есепке алу және өнiмнiң осы түрiне Ветеринарлық сертификат беру Тәртiбiн" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тiркеуге бағыттасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау:
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнен Вице-Министр Б.С. Үжкеновке; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен Вице-Министр Т.М. Нұркияновқа жүктеледi. 5. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен соң күшiне енетiндiгi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және Ауыл шаруашылығы министрі қоршаған ортаны қорғау министрі Европалық Одақ елдеріне экспортқа шығару үшін балық өнімдерін дайындаушы Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен кемелерін есепке алу және өнімнің осы түріне Ветеринарлық сертификат беру Тәртібі 1. Жалпы ережелер
1. Бұл тәртiп Еуропалық Одақ елдерiне экспортқа шығару үшiн балық өнiмдерiн дайындаушы Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен кемелерiн (бұдан әрi - кәсіпорын) есепке алудың және балық өнiмiне Ветеринарлық сертификат берудің бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
2. Еуропалық Одақ елдерiне экспортқа шығаруға талаптанушы кәсiпорынға Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) келiсiмi бойынша Еуропалық Одақ Комиссиясына (ЕОК) тiркеуге енгiзу үшiн бағытталатын есепке алу нөмерiн бередi.
3. Экспорттық өнiмнiң әрбiр партиясына кәсіпорын Министрлiк беретiн Ветеринарлық сертификат алады.
4. Экспорттық балық өнiмiне, сондай-ақ технологиялық процессте қолданылатын суға ветеринарлық-санитарлық экспертизаны бекiтiлген тәртiпте аттестациядан өткен ветеринарлық зертханалар ғана жүргiзе алады.
2. Есепке алудың шарттары
5. Балық өнiмдерiн дайындау жөнiндегi кәсіпорын Министрлiгi бекiтетiн ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларда айтылған талаптарды орындауы керек.
6. Кәсiпорындар өзiндiк қадағалау жүйесiнiң енгiзiлуi мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi керек.
7. Балық өнiмдерiн дайындау жөнiндегi кәсіпорынның қайта құрылуының және модернизациялануының жоспарлары Министрлiкпен және Комитетпен келiсiлуi керек.
Министрлiк бөлменің және құрал-жабдықтардың пайдаланылуы алдында ветеринарлық-санитарлық шаралардың жүргiзiлуiн бақылауы керек.
8. Өзiндiк бақылау жүйесінің iс қылуының дұрыстығын, технологиялық процесстердің ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келуiн көрсететiн ЕО Комиссиясына бағытталатын құжаттардың көшiрмелерi Министрлiк пен Комитетте сақталуы керек.
3. Есептiк нөмiр беру үшiн ұсынылатын құжаттар тiзбесi
9. Еуропалық Одақ елдерiне балық өнiмдерiн экспортқа шығару үшiн талаптанушы кәсiпорындар келесi құжаттарды тапсыруы керек:
1) кәсiпорынның осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес Еуропалық Одақ елдерiне балық өнiмдерiн экспортқа шығару үшiн есептiк нөмер беруге мәлiмдемесi;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық (аймақтық) ветеринарлық зертханасының кәсіпорында ереже мен норма талаптарының сақталуы туралы қорытындысы (2-қосымша);
3) Кәсіпорында өзiндiк бақылау жүйесiнің ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуiнің дұрыстығы туралы Республикалық ветеринарлық зертхананың қорытындысы.
4. Есепке алудың тәртiбi
10. Кәсіпорын облыстық (аймақтық) ветеринарлық зертханаға одан ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормалар талаптарын орындағаны туралы ресми қорытындыны алу туралы жүгiнедi.
11. Облыстық (аймақтық) ветеринарлық зертхана 2-қосымша параметрiне сәйкес 10 күн iшiнде қорытынды толтырады.
12. Облыстық (аймақтық) ветеринарлық зертханадан қажеттi қорытындыны алған соң Кәсiпорын осындай қорытындыны, сондай-ақ өтiнiмдi, сондай-ақ Өзiндiк бақылау жүйесiн ұйымдастыру мен жұмыс iстеуi жөнiндегi 3-қосымшада көрсетiлген құжаттарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Республикалық ветеринарлық зертханасына бағыттайды.
13. Республикалық ветеринарлық зертхана 10 күн iшiнде құжаттарға сараптама жүргiзедi және қажеттi қорытынды шығарады.
14. Қорытынды шығарылған соң (қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Республикалық ветеринарлық зертханасы барлық құжаттарды Комитетке бағыттайды.
15. Комитет 10 күн iшiнде ұсынылған құжаттарды қарап шығып Министрлiктің келiсiмi бойынша ЕОК тiзiмiне енгiзу үшiн ЕО Комиссиясына бағытталатын кәсiпорынға тiркеу нөмерiн бередi.
Бұл жерде Комитет кәсiпорынға есептiк нөмiрдi алғанын куәлендiретiн анықтама бередi.
Мәлiмдеменi қабылдамаған жағдайда Комитет 5 күн iшiнде қабылдамаудың негiздемесiн көрсетiп кәсiпорынды хабарландырады.
16. Есепке алу нөмiрi өнiмнің нақты түрiне берiледi және бекiтiледi. Ассортимент өзгерсе есептiк нөмiр беру процедурасы қайталанады.
5. Кәсіпорында бақылау жүргiзудің тәртiбi
17. Кәсіпорындарда техникалық процесстің ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес келулерiн қолданыстағы заңдармен бекiтiлген тәртiптегi өз құзыреттерi шектерiнде тексерiстердi Министрлiк пен Комитет жүзеге асырады.
18. Кәсіпорындарда Ветеринарлық-санитарлық ережелер талаптарын орындалмаған және Өзiндiк бақылау жүйесi болмаған жағдайда Комитет Министрлiкпен келiсiм бойынша кәсіпорынның есептiк нөмiрiн алып қояды немесе Министрлiк Комитетпен келiсiм бойынша заңдармен бекiтiлген тәртiпте ескертудi түзегенше өнiмдi экспортқа шығаруды уақытша тоқтатып қоя алады.
6. Ветеринарлық сертификатты беру
19. Ветеринарлық сертификатты Министрлiк немесе бұл құқыққа уәкiлеттi орган қолданыстағы заңдармен бекiтiлген тәртiпте 4-қосымшаға сәйкес форма бойынша экспорттық өнiмнің әрбiр партиясына бередi.
20. Ветеринарлық сертификат келесi құжаттар негiзiнде берiледi:
1)Ветеринарлық сертификат алуға мәлiмдеме;
2) Комитет берген есептiк нөмiрдi алғанын нақтылайтын анықтама;
3) Дайын өнiмдер мен шикiзаттардың зертханалық мәлiметтерi.
1 қосымша
Еуропалық Одақ елдерiне балық өнiмдерiн экспортқа
шығару үшін кәсiпорынға есепке алу нөмірін беруге Мәлiмдеме 1. Балық өңдеушi кәсіпорынның атауы мен мекен-жайы, немесе кеменiң атауы және оның типi______________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 2. Балық өндiрушi кәсіпорын немесе кеме жүйесiне енетін ұйымның атауы, оның мекен-жайы немесе кеменiң иесi аты-жөнi және мекен-жайы_________________________________________________________________ 3. Кәсiпорынның немесе кеменiң қысқаша мiнездемесi: жаңадан жасалған немесе жетiлдірілген. Есер консервілер, пресервілер, уылдырық өндiрiсi болса кәсіпорынның немесе кеменiң нөмері__________________________________ ___________________________________________________________________________ 4. Балық өнiмiнің түрі_____________________________________________ ___________________________________________________________________________ Басшы Өз қолы (қолдың анық Мөр жазылуы)
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
Облыстық (аймақтық) ветеринарлық зертханасы Қорытынды бередi: 1. Кәсiпорын ұсынып отырған технологиялық процестің схемалық түрiнiң дұрыстығы туралы, құрамында болуы керек: - өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстар; - машиналардың орналасуы мен техникалық параметрi; - технологиялық схема (үстеме енгiзу, процесс ұзақтығы); - өнiмдi цех iшiмен және зауыт iшiмен тасымалдау; - таза және лас зоналар (аймақтар); - құрал-саймандарды тазалау және дезинфекциялау; - тұрмыстық бөлмелер мен маңындағыларда гигиеналық шараларды жүзеге асыру; - персоналдың жеке тазалықты сақтау тәртiбi; - сақтау мен сату жағдайы. 2. Кәсiпорынның "Балық өнiмдерiн өндiру мен сату жөнiнде кәсiпорындар үшiн ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормаларда" көрсетiлген талаптарды орындауы туралы. Қорытындыны беру кезінде өнім түрін көрсетеді 3 қосымша Кәсiпорында өзiндiк бақылау жүйесiн енгізгендiгiн растайтын құжаттар. 1. Кәсiпорын басшысының экспорттық өнiмiнiң сапасын бақылау тобын құру туралы бұйрығының көшiрмесi. 2. Сапа үшiн жауаптыны көрсетумен топ құрамы мен микробиология, санитарлық-техникалық бақылау және тамақ өнiмдерiн өндiру технологиясы саласында дәрежелерiн растаумен топ құрамы. 3. Өнiмдi суреттеу: - құрамы; - физикалық-химиялық және микробиологиялық ерекшелiктерi; - Өңдеу әдiсi; - жарамдылық мерзiмi; - технологиялық схема (үстеме енгiзу, процесстiң ұзақтығы). 4. Өнiм бiрден тұтынуға немесе әрi қарай өңдеу үшiн тағайындалуы туралы анықтама. 5. Қатер түрлерiнiң тiзiмiн жасау және олқылықты жою жөнiндегi шаралар. 6. Дағдарысты нүктенi шешiм қабылдаудың тармақталған жүйесiмен талдау арқылы қарау мен бақылаудың технологиялық үлгiсi. 4 қосымша Ветеринарлық сертификат Жiберiлер ел_______________________________________________________________ Өкiлеттi өкiл______________________________________________________________ (атауы және мекен-жайы) Инспекторлық орган_________________________________________________________ (атауы және мекен-жайы) Ветеринарлық сертификат нөмiрi ___________________________________________________________________________ 1. Балық өнiмiнің жекелеген мiнездемесi: Суреттеу___________________________________________________________________ Түрлерi (ғылыми атауы), өңдеудің кезектi немесе типi (тiрi, --------------------------------------------------------------------------- бiрден пайдалануға арналған, өңдеудің әртүрлi кезеңiнде) Буып-түйiлу түрi___________________________________________________________ Буып-түйiлу бiрлiгiнің саны________________________________________________ Нетто салмағы______________________________________________________________ Сақтау және тасымалдау температурасы_______________________________________ 2. Балық өнiмiнiң шығу тегi________________________________________________ құзыреттi органдар берген экспортқа шығаруға ____________________________________________________________________рұқсаты бар дайындаушы немесе өндiрушi кәсiпорынның мекен-жайы (лар)ы немесе ___________________________________________________________________________ номер(лер)i. 3. Балық өнiмiнің мақсаты: Балық өнiмi________________________________________________________________ жiберiлген орыны жiберiлдi__________________________________________________________________ Ел немесе мақсатты орыны бағытталған көлiк түрiмен__________________________________________________ Жүктi алушының аты және мекен-жайы_________________________________________ Жiберiлер орыны мен мекен-жайы_____________________________________________ Жүктi жiберушiнің аты, мекен-жайы__________________________________________ --------------------------------------------------------------------------- 4. Ветеринариялық-санитарлық аттестация. Төменде қол қоюшы ресми инспектор растайды: 1. жоғарыда аталған балық өнiмi, 1991 жылғы 22 шiлдедегi балық өнiмдерiн өндiру және рынокта сатудың санитарлық жағдайын реттеушi 91/493/ЕЭС Кеңес директивасына кем емес бекiткен талаптарға сәйкес жағдайларда өңделдi, дайындалды, ұқсастырылды, сақталды және тасымалданды; Жасалынды___________________________________________________________ (орыны)_____________________________________________________________ (күні)______________________________________________________________ (ресми инспектордың қолы) Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.