Бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қоса берiлiп отырған "Заңды тұлғалардың табыс салығын
бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 33 V950078_ Нұсқауына өзгерiстер бекiтiлсiн. 2. Әдiстеме департаментi (Н.Д Үсенова): - аталған өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн; - келiсiлген өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Қ.А. Нүрпейiсовке жүктелсiн. Министр "Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқауға өзгерiстер енгiзу туралы II- бөлiмде: 8-тармақта: бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан алынған кiрiспен байланысты операцияларды жасау кезiнде сомаларды бекiтумен шетел валютасындағы айырым салық салу мақсатында ескерiледi." Жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны толтыру және заңды тұлғалардың жүргiзген шегерiмi бойынша Басшылықта: "8-қосымша. Күмәндi талаптар" бөлiмiнде: он екiншi бөлiктiң екiншi сөйлемiндегi "қызмет көрсетулер" деген сөзден кейiнгi үтiр алынып тасталсын. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.