Акционерлік қоғамдардың қызметі туралы материалдарды жариялауға арналған баспасөз басылымдарының тізбесі туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 14 ақпандағы N 560. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 18 наурызда өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1092

Қолданыстағы
      Акционерлiк қоғамдарға өздерiнiң қызметi туралы ақпарат жариялаулары бойынша бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 2-бабының он жетiншi азатжолының, 51-бабы 2-тармағының негізiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 U973755_ жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты

      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтерiне қатысты материалдарды 
жариялау үшiн акционерлiк қоғамдар пайдалануға құқылы болатын мерзiмдi 
баспасөз басылымдарының мынадай тiзбесi белгiленсiн:
      1) "Егемен Қазақстан" газетi;
      2) "Казахстанская правда" газетi;
      3) "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналы (акционерлердiң 
жалпы жиналысын шақыруға және өткiзуге және қоғамның iрi мәмiлелер 
жасауына қатысты ақпараттан басқа).
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар 
басқармасы: 
      1) осы Қаулыны акционерлiк қоғамдардың назарына жеткiзу жөнiндегi 
барлық ықтимал шараларды қолдансын;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     
     
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.