"Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 26 ақпан N 67 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 9 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1078

Қолданыстағы
      Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың капитализациялау деңгейiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 U973755_ жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады)

                                ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 04 қыркүйекте 361 V970361_ нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., ІІ том, 104, 129, 141-беттер):
      1) 1-тармақтағы "1 миллиард" деген сөздер "2 миллиард" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензияларды иеленген ұйымдар өз капиталдарын мынадай мерзiмдерде төменде көрсетiлген деңгейлерге жеткiзсiн:
      1) кемiнде 1,5 миллиард теңгеге - 2000 жылғы 01 қазанға дейiн;
      2) кемiнде 2 миллиард теңгеге - 2001 жылғы 01 көкекке дейiн.".
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткізсін;
     2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар 
рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет 
білдірген ұйымдардың назарына жеткізілсін;
     3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     
     Комиссияның мүшелері
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Қасымбеков Б.А.