"Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 26 ақпан N 64 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 9 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1075

Қолданыстағы
      "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның капитализациялау деңгейiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 U973755_ жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады)
                                ҚАУЛЫ ЕТЕДI:




      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 06 тамызда 562 V980562_ нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық

актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 149-бет; "Рынок және құқық". 
"Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 8(10), 
15-бет):
     1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Бағалы қағаздар рыногындағы депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға
қажеттi жеткiлiктi өз капиталының ең төменгi деңгейiне қойылатын мынадай 
талаптар белгiленсiн:
     2000 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 60.000 есе айлық есептi көрсеткiш 
мөлшерiнде;
     2000 жылғы 01 шiлдеден 2001 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 70.000 есе айлық 
есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
     2001 жылғы 01 шiлдеден бастап - 90.000 есе айлық есептi көрсеткiш 
мөлшерiнде.";
     2) 2-тармақтағы "2000 жылғы 01 қаңтарға дейiнгi мерзiмде" деген 
сөздер алып тасталсын.


      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер

қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау 
басқармасы:
     1) осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің назарына 
жеткізсін;
     2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     
     Комиссияның мүшелері
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Қасымбеков Б.А.