Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi 2000 жылғы 25 ақпандағы N 2-1-7/16. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1066.

Қолданыстағы
      Бос әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға арналған конкурс туралы

хабарландыру тұрғысында жариялауға жататын мәлiметтердi нақтылау 
мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi 
төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202  

V990986_

  бұйрығымен 
бекiтiлген және Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 30 қарашада N 986 
тiркелген Бос әкiмшiлік мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзудің 
қағидасына төмендегідей өзгертулер енгiзiлсiн:
     1. 18 тармақта:
     3) тармақша мына редакцияда жазылсын:
     "3) негiзгi функциональдық мiндеттерi, қолданыстағы заңдарға сәйкес 
еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;";
     6) және 9) тармақшалар алынып тасталсын. 
     2. 24 тармақта:
     1) тармақша "(N 1 қосымша)" сөзiмен толықтырылсын;
     3) тармақша "(N 2 қосымша)" сөзiмен толықтырылсын; 
     3. 44 тармақ "Қорытынды мәжiлiсте" деген сөзден кейiн "әңгімелесу 
өткiзгеннен кейiн екi күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс" деген сөзiмен 
толықтырылсын.
     
     
     Төраға
     


                                               Қазақстан Республикасының   

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгiнің төрағасының 2000 жылғы 25 ақпанындағы N 02-1-7/16 бұйрығына N 1 қосымша


                 __________________________________

                       (мемлекеттiк орган)
                        
                            Өтініші
     
     
     Мені бос тұрған мынадай _____________________________________________
     ______________________________________________________________________
     _________________________________________ қызмет орнына тағайындалуым 
     үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.
     
     Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс
     өткiзудiң Қағидасының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн
     және орындауға мiндеттеме аламын.
     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
     
     
     __________________                          _______________________
          Қолы                                           Аты-жөні
                                                 ___ _____________ 2000 ж.
     


                                             Қазақстан Республикасының     

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгiнің төрағасының 2000 жылғы 25 ақпанындағы N 02-1-7/16 бұйрығына N 2 қосымша


                           АНКЕТА

                  (Өз қолымен толтырылады)
     
     1. Тегi_____________________________________________________________
        Аты______________________________________________________________
        Әкесiнiң аты_____________________________________________________
     2. Азаматтығы_______________________________________________________
        Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз______________________________
     3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн____________________
     4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз
        Болған елiңiз____________________________________________________
        Болған уақытыңыз_________________________________________________
        Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз______________________________
     5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген деп
        танылдыңыз ба, қашан және не үшін________________________________
     6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан           
        айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн_______________________________
     7. Байқау жарияланған бос қызмет орнына тағайындалған жағдайда.
        Сiздiң тiкелей бастығыңызбен туысқандық қарым-қатынаста тұрасыз ба
        (ата-анаңыз, жұбайыңыз, бауырыңыз, қарындасыңыз, ұлыңыз, қызыңыз,
        сондай-ақ жұбайыңыздың бауырлары, сiңлілерi, ата-аналары және
        балалары)_________________________________________________________
        __________________________________________________________________
 
        _________________ 2000 ж.                 ______________________
                                                        (қолы)      
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Багарова Ж.А.