Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитеті төрағасының 2009.07.09 N 36 бұйрығымен.
Халық пен қоршаған ортаның радиациялы және ядролық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ядролық материалдарды тасымалдау барысында мүдделi мемлекеттiк органдар мен кәсiпорындардың апатқа дайындығын қамтамасыз ету мақсаттарында Қазақстан Республикасының "Атом энергиясын қолдану" туралы, "Халықтың радиациялық қауіпсiздiгi туралы" заңдарына сәйкес және жоғарыда аталған заңдармен өкiлеттік берiлген құқықтар негiзiнде, атом энергиясын пайдалану бойынша өкiлеттi мемлекеттiк орган ретiндегi Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда Министрлiгi атом энергетикасы жөнiндегі Комитетiне БҰЙЫРАМЫН:
1. Ядролық материалдарды автомобиль көлiгімен тасымалдау барысында
болған апаттарды жою бойынша жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерiн бекiтiлiп, күшке енгiзiлсiн, ПЛААТ-99. 2. Жүк алушылардың және тасымалдаушы кәсiпорындарының, жұмыстарды ұйымдастыруға және ядролық материалдарды автомобиль көлiгімен тасымалдағанда апаттардың зардаптарын жою бойынша қызметкерлердің iс-әрекеттерiне қатысты қазiргi нұсқаулары, ережелерi және басқа жетекшi құжаттары осы Ережемен сәйкеске келтiрiлуi керек. Төраға РҚАО-ның ескертуі: "Қызмет бабында пайдалану үшін" грифімен берілген ереже Деректер базасына енгізілмейді.