Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасы 2000 жылғы 18 қаңтар N 02-1-7/3 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 ақпанда N 1043 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/32 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі).

      Жергілiктi мемлекеттiк органдардың бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға конкурс туралы хабарландырулар жариялаудың тәртiбi мен шартын нақтылау мақсатында Бұйырамын:
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығымен бекiтiлген және Әділет министрлiгiнде 1999 жылғы 30 қарашада N 986 V990986_ тiркелген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына төмендегідей өзгертулер енгiзiлсiн:
      17, 18, 19 тармақтар мына редакцияда жазылсын:
      "17. Конкурс өткiзетiн мемлекеттiк орган, өкiлеттi орган айқындаған республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, сондай-ақ осы Қағидамен көзделген жағдайда облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнің ресми жарияланымдар үшiн айқындаған жергілiктi бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде конкурс өткiзу туралы хабарландыру жариялауға мiндеттi.
      18. Осы Қағиданың 19 тармағында қарастырылған лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға өткiзiлетiн конкурс бойынша конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi мазмұндауы тиiс:
      1) мекен-жайы көрсетілген мемлекеттiк органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi;
      2) конкурс өткiзудiң тәсiлi (ашық немесе жабық);
      3) мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң функционалдық жұмыс бағыттары көрсетiлген бос лауазымдардың атауы, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақы төлеудiң көлемi мен шарты;
      4) мемлекеттiк орган анықтаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
      5) құжаттарды қабылдаудың мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап 15 күнтiзбелiк күннен кем болмауы керек);
      6) конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттардың тiзiмi;
      7) өкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлген сынақ өткiзудің мерзiмi мен орны;
      8) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
      9) конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсiнің мерзiмi (әңгiмелесу өткiзiлгеннен кейiн 2 күннен кеш болмауы керек).
      Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.
      19. Облыстық және аудандық, сондай-ақ оларға теңестiрiлген аумақтық органдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға өткiзiлетiн конкурсы бойынша С-5, С-6, С-8, С-10, С-11, С-12 санаттарына, D-1, D-2, D-3, D-4, D-5, D-6, D-7, D-8, Е-1, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5, Е-6, Е-7 санаттарына бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жарияланған конкурс өткiзу туралы хабарландыру мына мәлiметтердi мазмұндауы тиiс:
      1) мекен-жайы көрсетiлген мемлекеттiк органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi;
      2) бос лауазымдардың атауы;
      3) құжаттарды қабылдаудың мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап 15 күнтiзбелiк күннен кем болмауы керек);
      4) аталмыш конкурс туралы хабарландыру жарияланған облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнің ресми жарияланымдар үшiн айқындаған жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарының атауы, олардың жарыққа шыққан күнi.
      Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.
      Хабарландыру, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнің ресми жарияланымдар үшiн айқындаған жергіліктi бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарында жарияланып, және осы Қағиданың 18 тармағына сәйкес мәлiметтi мазмұндауы керек.

 

     Егер, осы Қағиданың 18 тармағына сәйкес, олар жариялаған

хабарландыру, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми

басылымдарында мәлiметтердің толық тiзбесiн мазмұндаса, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымның жоғарыда аталған санаттарына арналған конкурс

өткiзетiн мемлекеттiк органдар үшiн, конкурс туралы хабарландыруды

жергілiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттi емес.".


     Төраға


     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Орынбекова Д.Қ.