1. Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі, Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығымен бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметшілер
лауазымдарының тізілімі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары (Ішкі істер министрін, Қорғаныс министрін, олардың бірінші орынбасары мен орынбасарларын қоспағанда)
Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары (Бас прокуратураны, Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметін, Республикалық ұланды қоспағанда)
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы және мүшелері
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы мен атқарушы директорлары - комиссия мүшелері
Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің меңгерушісі, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері
Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатының директоры, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары <*>
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Заңды тұлға құқығы бар комитеттердің төрағалары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қалалардың, аудандардың, аудандардағы қалалардың және қалалардағы аудандардың, селолардың, селолық округтердің, кенттердің, ауылдың әкімдері
Ескерту. Тізілім өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің
2000.05.22. N 401 жарлығымен. U000401_
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығымен бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік
жазалар қолдану тәртібі туралы
Ереже
1. Осы Ережеде қолданылатын түсініктер
1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің (бұдан әрі - қызметшілер) тәртіптік жауапкершілігі - олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін қызметшілерге қолданылатын заңдық жауапкершіліктің түрі.
2. Тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) құқыққа қайшы, қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамау кінәсі, тиісінше орындамауы немесе лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында (бұдан әрі - "Мемлекеттік қызмет туралы" немесе Заң) белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді
сақтамауы болып табылады. 3. Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) - мемлекеттік қызметшіге теріс қылық жасағаны үшін жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттік орган қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы. 2. Тәртіптік жазалардың түрлері 4. "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 28-бабына сәйкес қызметшілерге мынадай жазалар: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту; 5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін. 5. Жасалғаны үшін заңда көзделген өзгедей жауаптылыққа әкеп соғатын әрекет үшін жаза қолданылмайды. 6. Жаза туралы деректер мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің мемлекеттік саяси қызметшілердің дербес ісіне енгізуі арқылы есепке алынуға тиіс. 3. Жаза қолданудың шарты 7. Жаза кінәлі адамның кінәсінің нысаны мен дәрежесіне, жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келуге тиіс. 8. Тәртіптік жазаның түрін анықтау кезінде: 1) теріс қылықтың мазмұны мен сипаты; 2) теріс қылық жасалған кездегі жағдай; 3) жасалған теріс қылық әкеп соққан немесе соғуы мүмкін келеңсіз зардаптар; 4) оны жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы; 5) мемлекеттік қызмет өтілі (стажы); 6) қызметшінің жеке басын сипаттайтын басқа да жағдайлар есепке алынады. 9. Жаза теріс қылықты бірнеше қызметшілер бірлесіп жасаған жағдайда әрбір қызметшіге жеке қолданылады. 10. Жасалған теріс қылық үшін тек бір ғана жаза қолданылады. 4. Жаза қолданатын субъектілер мен тәртібі
11. Қызметшілерге жазаны заңдарда көзделген өкілеттіктеріне сәйкес жаза қолдануға құқығы бар жоғары тұрған лауазымды адамдар немесе мемлекеттік органдар қолданады.
12. Жазаны:
1) Мемлекет басшысы тағайындаған қызметшілерге ол өз бастамашылығымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының, Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың ұсынысы бойынша қолданады;
2) Әкімшілік басшысы тағайындаған Президент Әкімшілігінің қызметшілеріне - Әкімшілік басшысы өз бастамашылығымен немесе Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары бойынша қолданады;
3) Премьер-Министр Кеңсесі мен орталық атқарушы органдардың қызметшілеріне - Үкімет немесе Премьер-Министр өз бастамашылығымен не тиісінше Кеңсе басшысының, Үкіметтің өзге мүшелерінің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша қолданады;
4) Парламент Палаталары аппараттарының қызметшілеріне - осы
Палаталардың Бюролары Палаталар Төрағаларының ұсыныстары бойынша қолданады; 5) жергілікті атқарушы органдардың қызметшілеріне - осы атқарушы органдардың жоғары тұрған басшылары қолданады; 6) өзге мемлекеттік саяси қызметшілерге - өз бастамашылығымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсыныстары бойынша мемлекеттік органдардың басшылары қолданады. 13. Тәртіптік жаза қолдануға дейін қызметтік тексеру жүргізілуі мүмкін. Кінәліден теріс қылық жасағаны туралы жазбаша түсініктеме талап етіліп алынуға тиіс. 14. Кінәлінің түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды. 15. Жаза қолданылған адамды, тиісті мемлекеттік органның кадр қызметі қолын қойдырып немесе өзге де жолмен қолданылған жаза туралы хабардар етеді. 16. Жаза қызметшіге тиісті мемлекеттік органның, оның алқасының отырысында немесе тізбесін осы жазаны қолданған лауазымды адам айқындаған қызметшілердің қатысуымен жариялануы мүмкін. 17. Жазаны қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 5. Жаза қолдану мерзімдері 18. Тәртіптік жаза теріс қылық байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. 6. Жаза қолдану туралы актілер 19. Жаза мынадай актілер шығару жолымен қолданылады: 1) Республика Президентінің Жарлығы немесе өкімі; 2) Республика Үкіметінің қаулысы; 3) Республика Премьер-Министрінің өкімі; 4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге уәкілетті лауазымды адамдардың бұйрықтары немесе заңдарда көзделген өзге актілер. 20. Жаза қолдану туралы актіде, жасалғаны үшін жаза қолданылып отырған теріс қылық, жазаның түрі және ол қолданылатын адам көрсетіледі. 7. жазаны алып тастау 21. Егер жаза қолданылған күннен бастап бір жыл ішінде қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда оған тәртіптік жаза қолданылмаған болып есептеледі. 22. Қызметшіге бірнеше жаза қолданылған жағдайда мерзімі бойынша соңғы жаза қолданылған күннен бастап ол бір жыл өткенге дейін жазалы болып есептеледі.
23. Егер қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және сонымен қатар өзін
адал қызметкер ретінде көрсетсе, жаза бір жыл өткенге дейін алынуы мүмкін. 24. Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымды міндеттері тоқтатылған күнге дейін алынбаған жаза осы міндеттер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледі. 25. Жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды: 1) оны қолданған лауазымды адам (мемлекеттік орган) немесе жоғары тұрған лауазымды адам (мемлекеттік орган) жүргізеді; 2) Ол тиісті актімен жүргізіледі, бұл туралы қызметшіге тиісті мемлекеттік органның кадр қызметі жариялайды. 26. Жазаны мерзімінен бұрын алып тастау үшін жаза қолданылған қызметшінің тікелей басшысы инстанция бойынша тиісті өтініш жолдайды. 8. Мемлекеттік саяси қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған кездегі олардың құқық кепілдіктері 27. Мемлекеттік саяси қызметші өзін тәртіптік жауапкершілікке тартуға байланысты құжаттармен танысуға, заңдарда белгіленген тәртіппен өзіне қолданылған жаза туралы жоғары мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым жасауға хақылы. 28. Осы кепілдіктер Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы оның шешімдеріне қолданылмайды. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.