Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 4157 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 14 желтоқсан N 293

Қолданыстағы

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуын уақытында қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 4157 U984157_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қосымшада:
      "Профилактикалық-алдын алу шаралары" деген 2-бөлімдегі реттік нөмірі 2.1-жолдағы 4-бағанда:
      "Қаржымині" деген сөз алынып тасталсын;
      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі практикалық іс-шаралар" деген 3-бөлімдегі реттік нөмірі 3.2-жолдағы 4-бағанда:
      "МКМ" деген сөз "Қаржымині, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі

уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
     5-бағанда "1999 жылдың II тоқсаны" деген сөздер "2000 жылдың 
I тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 3.3-жолдағы 4-бағанда: 
     бірінші абзацта "Қаржымині, Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ, МКМ" деген 
сөздер "МКМ, Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ, Қаржымині" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, ІІМ, Сыртқыісмині, Бас 
прокуратура, ҰҚК, Көліккоммині";
     5-бағанда "1999 жылдың I тоқсаны" деген сөздер "2000 жылдың 
I тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 3.7-жолдағы 2-бағанда:
     үшінші абзац алынып тасталсын;
     4-бағанда:
     екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бас Прокуратура, ҰҚК, МКМ, Қаржымині";
     төртінші абзацта "ҰҚК, МКМ, ІІМ" деген сөздер "МКМ, ҰҚК, ІІМ" деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
 

   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.