Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Достастыққа кірмейтін мемлекеттермен шекаралары арқылы өткізу пункттерінде шекаралық бақылау жасау саласындағы шекара әскерлерінің ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 29 қыркүйек N 220

Қолданыстағы

      1. 1998 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсіз

Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Достастыққа кірмейтін 
мемлекеттермен шекаралары арқылы өткізу пункттерінде шекаралық бақылау 
жасау саласындағы шекара әскерлерінің ынтымақтастығы туралы келісім 
бекітілсін.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Кобдалиева Н.М.