Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 215

Қолданыстағы

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілерінің сипаттамасы мен суреттері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарының күші жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы" 1997 жылғы 11 ақпандағы N 3356 U973356_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 5, 36-құжат);

     "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери 
қызметшілерінің әскери киім үлгілері мен айырым белгілері туралы" 1997 
жылғы 15 қазандағы N 3678 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., 
N 46, 424-құжат).
     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж.