Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 20 мамыр N 144. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру және мемлекеттік органдар жүйесін реформалауды жалғастыру мақсатында қаулы етемін:
     1. Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеттің функцияларын және 
мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерін Қазақстан 
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне беру жолымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қайта ұйымдастырылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
     1) Үкіметтің бұрынғы шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін:
     2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Президенті