Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 12 ақпан N 34. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003.10.21. N 1208 жарлығымен.

Күшін жойған

      Қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын барлық қажетті шараларды қолдансын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Президенті