Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 4189

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту және оған мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Бағдарламаны іске асыру үшін қажет қаражатты көздесін.
      3. Министрліктер мен ведомостволар, облыстардың, Астана және Алматы

қалаларының әкімдері Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісті түрде және 
уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
     4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуге бақылау жасау және оны 
үйлестіру Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі 
агенттігіне жүктелсін.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Үмбетова А.М.)