Зейнетақы төлемдерiн алушылардың жекелеген санаттарына арналған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 21 қазандағы N 4123. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Зейнетақы төлемдерiн алушыларды мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету және олардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында қаулы етемiн:
     1. 1998 жылғы 1 қарашадан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде алуға құқығы бар зейнетақы төлемдерiн алушыларға зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi кемiнде 3000 теңге болып, толық емес көлемiнде мөлшерi заңдарда айқындалатын тәртiппен белгiленсiн. 
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi зейнетақыларының белгiленген мөлшерiн 1998 жылғы 1 желтоқсаннан бастап төлеудi қамтамасыз етсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi