Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнердi қолдау Мемлекеттiк қоры туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 10 қыркүйектегi N 4059

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының мәдени әлеуетiн сақтау және дамыту, мәдениет пен өнер қайраткерлерiн мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету және Қазақстанда мәдениет пен өнердi дамытуға бағытталатын мемлекет қаржысын нысаналы пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнердi қолдау Мемлекеттiк қоры құрылсын (бұдан әрi - Қор).
      2. Қордың негiзгi мiндеттерi:
      ұлттық өнер мен халық шығармашылығын қолдау және дамыту бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
      демалыс және ойын-сауық отандық индустриясын дамыту, осы сала үшiн кадрлар дайындау мақсатында шетел инвестицияларын, шет елдер мен халықаралық ұйымдардың қаржылық және техникалық көмегiн тартуға жәрдемдесу;
      Қазақстан мәдениетiнiң елдердiң әлемдiк қоғамдастығына кiрiгуiн кеңейту мақсатында шетелдiк серiктестермен тiкелей байланыстарды жүзеге асыру;
      мәдениет пен өнер саласында еңбек нарығын дамытуға жәрдемдесу болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      бiр ай мерзiмде Қор туралы ереженi бекiтетiн болсын;
      жарғылық мiндеттерiн iске асыру үшiн республиканың мемлекеттiк бюджетiнде 1999 жылдан бастап Қорға нысаналы қаржы аударымдары көзделсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
            Президентi