Қазақстан Республикасы зейнеткерлерiнiң әлеуметтiк жағдайын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 31 тамыздағы N 4038. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

     Зейнеткерлердi мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету және олардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында қаулы етемiн:
     Қазақстан Республикасының Үкiметi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн индекстеудi заңда белгiленген тәртiппен 1998 жылғы 1 қазаннан бастап жүргiзсiн. 

      Қазақстан Республикасының
     Президентi