"Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қазандағы N 3691 U973691_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47,
427-құжат) қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымынан Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес хатшылығы алынып тасталсын; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымына Әлеуметтік-экономикалық реформалар мәселелері жөніндегі бөлім енгізілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.