Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 14 шiлдедегi N 4013

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасында дәрi-дәрмектердiң атауларын реттеу және дұрыс қолдану мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 U973621_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 39, 367-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

     жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасы III бөлiмiнiң "Синтетикалық препараттар өндiру" деген
1-қосымша бағдарламасының жиырма жетiншi абзацындағы "(аспирин)" деген
сөз алынып тасталсын.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi