Астана қаласында қалалық және аудандық соттар құру, Ақмола қалалық сотын тарату және Қазақстан Республикасы судьяларының санын ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1998 жылғы 11 шiлдедегi N 4010

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күшi бар N 2694 Жарлығының 10-бабының 1 және 2-тармақтарына, 11-бабының 2-тармағына, 15-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес және Астана қаласының әкiмшiлiк аумақтық құрылысындағы өзгерiстерге байланысты қаулы етемiн:
      1. Астана қаласында:
      1) облыстық сотқа теңестiрiлген қалалық сот - Астана қалалық соты;
      2) Алматы және Сарыарқа аудандық соттары құрылсын.
      2. Ақмола қалалық соты таратылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде:
      1) ғимараттар бөлудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы Жарлықпен құрылған соттарды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы     Президентінің 2002.03.21. N 825 жарлығымен.
        5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бiр ай мерзiмде:
      1) осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың кадрлар құрамы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзсiн;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      7. Осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың жұмыс iстеуi үшiн
қажеттi жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 1998 жылғы 1 қыркүйектен
кешiктiрiлмей күшiне енетiн 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, осы
Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi