Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 6 мамырдағы N 3941.

Қолданыстағы

      Жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдардың өтiнiштерiн, Ақмола қаласы жұртшылығының талап-тiлектерiн ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта аталсын.

      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi