Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Жеке және заңды тұлғалардың еркiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына кедергiлердi жою мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына, 40-бабының 2-тармағы мен 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнен Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделмеген төлемдер алу жөнiнде өкiлеттiк беретiн нормативтiк актiлер шығаруына тыйым салынсын.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2004.03.10. N 1301 жарлығымен

      3. Барлық деңгейлердегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға:
      1) меншiктiң нысандарына қарамастан жеке кәсiпкерлер мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен халықаралық шарттарында көзделмеген шектеулер қою жолымен араласуға;
      2) кәсiпкерлiк қызмет түрлерiмен айналысуға лицензиялар мен заң актiлерiнде көзделген рұқсаттар беру құқығын мемлекеттiк мәртебесi жоқ ұйымдарға тапсыруға;
      3) белгiленген лицензиялық алымнан тыс төлем ала отырып, лицензиялау алдындағы қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ осы мақсатта, қазыналық кәсiпорындарды, сол сияқты алкоголь өнiмiн өндiрудi лицензиялауға, этил спиртiн сақтау мен өткiзуге, алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме сатуға қатысты лицензиялау алдындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, қандай да болмасын ұйым құруға тыйым салынады.

      4. Мыналардың күшi жойылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 сәуiрдегi N 320 қаулысы "Паспорт және виза жұмысы жөнiнде халыққа қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртiбi туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 163-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 тамыздағы N 735 қаулысы "Республикадағы машина-трактор паркiнiң техникалық жайына мемлекеттiк қадағалау туралы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 383-құжат, 1994 ж., N 15, 142-құжат, 1997 ж., N 15, 121-құжат);
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 шiлдедегi N 1093 қаулысы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 31, 285-құжат);
      4) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 қарашадағы N 967 қаулысының 4-тармағының бесiншi абзацы "Жол қозғалысы хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 45, 654-құжат, 1995 ж., N 12, 143-құжат, 1997 ж., N 15, 121-құжат);
      5) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 маусымдағы N 900 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Республикалық астық инспекциясы жөнiндегi ереженiң 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 258-құжат, 1996 ж., N 35, 327-құжат).

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай iшiнде:
      1) осы Жарлыққа қайшы келетiн өзiнiң барлық актiлерiнiң, соның iшiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнен Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделмеген төлемдер алуға өкiлеттiк беретiн актiлерiнiң күшiн жойсын;
      2) мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту мен ретке келтiру және олардың санын азайту жөнiнде шаралар қолдансын;
      3) сертификацияланатын тауарлар тiзбесiн қысқартатын болсын және өнiмдi сертификациялаудан технологиялық процестердiң сапасын сертификациялауға көшу жөнiнде шаралар қолдансын;
      4) Алымдардың, ақша аударымдары мен төлемдердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
      5) кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк органдардың қызметтер көрсетуiнiң рәсiмдерiн бекiтсiн;
      6) Мемлекеттiк органдардың қызметi үшiн ақы төлеудi белгiлеу туралы ереженi күшiне енгiзсiн, осындай ақының мөлшерi оларды көрсетуге кеткен шығындарға қарай анықталатын болсын;
      7) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне:
      - жеке кәсiпкерлер мен саны 10 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн, салық органдарын, сондай-ақ қозғалған қылмыстық iстер бойынша прокуратура органдары рұқсат берген тексерулердi қоспағанда, мемлекеттiк бақылау органдарының тексеруге тиiс еместiгiн;
      - лицензиялануға тиiс кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң, атап айтқанда: автокөлiкпен жолаушылар мен жүктер тасымалдаудың, туристiк қызметтiң, қоғамдық тамақтандырудың, май құю станцияларын ұстау мен пайдаланудың және басқалардың қысқартылуын;
      - мемлекеттiк органдардың тексерiлетiн кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiмен шарттық қатынастарын болдырмауды;
      - лицензиялық алымның лицензияның берiлу сәтiне бiр жолғы төлене отырып, лицензияларды кәсiпкерлiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысудың күллi кезеңiне берудi;
      - мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн заң алдындағы жауапкершiлiгiн көздейтiн заңдардың жобасы енгiзiлсiн;
      8) кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң хабардарлығын қамтамасыз ету үшiн бұқаралық ақпарат құралдарында бақылау функцияларын және тиiстi лицензиялар мен рұқсаттар беру құқығына ие мемлекеттiк органдардың толық тiзбесiн, сондай-ақ осы лицензиялар мен рұқсаттарды беру тәртiбiн және алынатын ақы мөлшерiн жариялайтын болсын.

      6. 1998 жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аймақтық бөлiмшелерiне сараптама жасау және тiркеу үшiн өздерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн табыс ететiн болсын.

      7. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынысы бойынша орталық атқарушы органдардың, барлық деңгейлердегi әкiмдердiң мемлекеттiк тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiне наразылық келтiрiп, олардың күшiн тоқтататын болсын.
      Орталық атқарушы органдар басшылары мен барлық деңгейлердегi әкiмдердiң өздерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етпеуi аталған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртiптiк iс қозғауға негiз болып табылады деп белгiленсiн.

      8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      9. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi